Балалардың өз бетімен ойнауы: 1. Әткеншек тебу.
2. Допты қуалау. Тренинг: «Біз біргеміз».
№8 Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.
Еңбек:Жапырақтардан гүл шоғын жасау
Мақсаты:Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.
Жеке жұмыс: «Күзгі жапырақ» тақпақ Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.
Ойын:«Аю жүрген орманда».
Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту
Қимылдық ойын: «Монданақ».
Ойын барысы: Монданақ ойыны бойынша белдік-белбеу әйтпесе орамалды шиыршықтап алып дөңгелене отырады.Ортаға біреу шығады.Отырғандар тізерлеп: «Әне кетті монданақ,міне кетті монданақ»,-деп әндетіп, ортадағы бала сырт айнала бергенде, оны соғып қалып, орамалын қайтадан жасыра қояды.Оны жасыра аллмаған ойыншы ортаға шығады.