Еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісімен бекітілді


Оқыту және жүргізу әдістері



бет3/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,63 Mb.
#24526
1   2   3   4

5. Оқыту және жүргізу әдістері:

Тәжірибелік сабағын орындау және талқылау, ситуациялық және тестілік тапсырмаларды орындау,портфолио, топтық дискуссия әдістері.

Жұмыстар №1

1 тапсырма Өндірістік жарықтандыруды өлшеу

Әдістеме

Аспапты қосыңыз. Оның фотоэлектрлі головкасының терісін жазып, оның қараңғылық қатесін табыңыз. Жарықтанудың өлшемінен осы қараңғылық қатесін азайтып алу керек. Өлшенетін объектігі паралельді фотохимиялық головканы орналастырыңыз. Фотоэлектритті қондырғы мен оператордан байқаусызда көлеңке түспеуі керек. Жұмыстың жарықтанудың минеральді жарықтануын өлшеудегі

бақылау нүктелерін бөлме ортасында белгілейді. Оны светильниктер және қабырғадан 0,15-0,25 м, бірақ 1 м аспаған. Жасанды жарықтандыруды зерттеу кешкі уақытта жүргізіледі. Жасанды жалпы жарықтануды тексеру жергілікті жарықтануды өшірген соң жүргізіледі. Жалпы ауданы 500 м2 жететін бөлмелерде жарықтандыруды жалпы жарықтанудан бөліп тексергенде бақылау нүктелерінің саны 5-20, ал жалпы ауданы 500 м2 жоғары бөлмелерде, 30-50-ден аспауы керек. Жарықтануды өлшеу осы нүктелерде еденнен 0,8 м жоғары көлденең жазықтан алынды. Тексеріс нәтижелері арнайы хаттамаға тіркеліп қорытынды жасалады.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008.

2.Алексеев С.В., Усенко В.Р.Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-1988-576 б.

3.Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Под ред. В.Ф.Кириллова М-Медицина-2008 -399 б



Қосымша:

4.Охрана труда работников здравоохранения и фармации. Сборник документов. М., МЦФЭР, 2006.

5.Санитарно-эпидемиологические требования к проектированию производственных объектов. Приказ МЗ РК от 08.07.2005 г., № 334.

6.Проведение предупредительного и текущего санитарного надзора за искусственным освещением на промышленных предприятиях (методические рекомендации). №1.01.004/р-94.



7.Бақылау(сұрақтары, тестілері, есептер)

Сұрақтары:

  1. Табиғи жарықтандыруды нормалау принциптері(ТЖК)

  2. Люксметрмен жұмыс істеу принциптері, жарықтану деңгейін бағалау техникасы.

  3. Табиғи жарықтанудың геометриялық және есептеу әдісі. (түсу бұрышы, тесу бұрышы, ТЖЖ, жарықтық коэфициент).

  4. КЕО(ТЖК) қандай форма бойынша анықталады?


Тестік бақылау сұрақтары:

  1. Жарық көзге көрінетін электромагниттік толқын, оның ұзындығы қандай?

А)50-100 Нм

Б)110-150 Нм

В)160-200 Нм

Г)200-300 Нм

Д)380-760 Нм

2. Жарық ағыны өлшенеді:

А)люмен


Б)люкс

В)децибел

Г)нит

Д)канделла



3. Көздің контрасты сезімталдығы дегеніміз:

А)көздің объекті мен фонның жарықтанудың минимальді деңгейін ажырату қабілеті

Б)жекелеген объектілерді ажыратудың максималды қабілеті

В)объекті детальдарын ажырату жылдамдығы

Г)объектінің түсін ажырату қабілеті

4. Таза көрудің тұрақтылығы бұл:

А)көз анализаторының қажуы

Б)қарап тұрған бұйым бейнесін көздің ұстап тұру қабілеті

В)объектінің түсін айыру

Г)көздің объекті мен фонның минималды деңгейін ажырату қабілеті

5. Көру адаптациясы бұл:

А)жарықтың өзгерістеріне көздің дағдылануы

Б)көздің спектр түстерін айыру мүмкіншіліктері

В)обектінің нақты бейнесін көздің ұстап тұру қабілеті

Г)көздің жекелеген объектілерді ажырату мүмкіндігі

6. Көру адаптациясының мынадай түрлері бар:

А)жылдам

Б)жарықтық

В)қараңғылық

Г)таңдамалы

Д)барлық жауаптар дұрыс

7. Жарықтану деңгейінің желі өзгерісі әкеліп соғады:

А)көру қызметінің төмендеуіне

Б)көздің қажуы

В)зағипттыққа

Г)көздің адаптациясына

Д)барлық жауаптар дұрыс

8. Жарықтанудың төмендегені ненің дамуына әкеліп соғады:

А)жақыннан көрушілік

Б)алыстан көрушілік

В)нистагм

Г)катаракта

9. Жеткіліксіз жарықтандырудың дамуы:

А)көздің қажуы

Б)жалпы жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі және жұмыс өнімділігінің төмендеуі

В)сапасыз өнім көп жіберіледі

Г)өндірістік жарақаттану қауіптілігі жоғарылайды

Д)барлық жауаптар дұрыс

10.Жеткіліксіз жарықтандыру кезінде дамиды:

А) көздің шаошауы

Б) жалпы жұмысқа қабілеттілік төмендейді

В) ақаулықтың көлемі артады

Г) өндірістік жарақаттың қауіптілігі артады

Д) барлық жауап дұрыс


Материалды түсінгендікті тексеретін ситуациялық есептер:

Есеп № 1

Қарағанды жиһаз фабрикасы столярлық жинау цехінде көру жағдайы бойынша IIIразрядқа жататын өндірістік операциялар жүргізіледі. Ғимараттардың сыртқы қабырғаларының қуыстарынан жарық түсіп, табиғи жарықтану орын алады. Көкжиектен жарық қуыстарының орентациясы 226-315 °. Нақты ТЖК анықтау үшін жарықтану ғимаратын сыртқы және ішкі бөлмесін тексеріледі.

Тапсырма:


  1. нормаланатын ТЖК-ны есептеңіз

  2. нақты ТЖК-ны нормаланған ТЖК-мен салыстырыңыз.

  3. люксметрмен жұмыс істеу әдісін сипаттаңыз.

Есеп № 2

Фонарі жоқ және терезесі жоқ ғимаратта көзбен көру жағдайы III разрядты подразрядына жататын өндірістік операциялар жүргізіледі. Жұмысшылар бүкіл жұмыс арқылы бойы цехтен шықпайды. Жаз айлары цех ғимараты 3 сағ аз инсоляцияланады.

Тапсырма:


  1. берілген жағдайда жасанды жарықтандыру нормаларын анықтап белгілеңіз

  2. ғимараттың инсоляциялану дәрежесін анықтаңыз

  3. ультракүлгіндік ашығуымен күресу жолдары

Есеп №3

Тігін фабрикасының кешенді тексерісі бойынша балалар киімін тігетін цехтегі ең кішкентай бұйым(жіп жуандығы) 0,2 мм. Цехта шаң бөліну азғантай. Қабырғалар жасыл түспен боялған. Қабырғалардың жоғары жағы мен төбесі ақ түсті, еден жасыл түсті. Терезені жылына бір рет жуады.

Тапсырма:


  1. табиғи жарықтануды бағалаңыз

  2. интерьердің бояуына баға беріңіз

  3. терезені жуу қанша рет жүргізілуі керек?

Есеп № 4

Сүт зауытының кешенді тексері бойынша сүт құю цехінің бөтелке жуу және укупоров машиналары арасында матовый түсті әйнектен жасалған жарық экран бар. Оның жанынан аусым бойындағы барлық бөтелкелер өтеді және конционерлеу жуылу сапасын ыдыч жағдайын тексереді. Контролерлер 8 сағ бойы тұрып жұмыс істейді. Экранның жарықтану деңгейі 800Лк, цехтегі жалпы жарықтану 100 Лк. Тексеріс кезінде контролерлер бас ауыуына, ашуланғыштыққа, ұйқысыздыққа, көру өткірлігінің төменденуіне шағымданады.

Тапсырма:


  1. цехтегі жарықтанудың ұйымдастырылуына баға беріңіз

  2. жарықтану көрсеткішін нормативті көрсеткіш нәтижесімен салыстырңыз

  3. контролер жұмысының ауырлығына баға беріңіз, алдын алу шараларын тағайындаңыз.


Кредит № 2

1.Тақырып №6. Тұтынушылар денсаулығына ВТД мен еңбек жағдайының әсер етуі.

2. Мақсаты: Персоналды компьютермен дисплейлерге жүргізілетін сақтық санитарлық қадағалу мен ағымды санитарлық қадағалу әдістері бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:

  1. студенттерді персоналды компьютер мен дисплейлермен жұмыс істегендегі техникалық процесс спецификалығына баға беру бойынша білімділікті қалыптастыру

  2. персоналды компьютер мен дисплеймен жұмыс істеген кездегі еңбек жағдайы мен гигиеналық сипаттамасы бойынша білімділікті қалыптастыру

  3. құрылыс материалды жасау барысындағы сақтық санитарлық қадағалау жүргізу бойынша білімділікті қалыптастыру

  4. жұмысшылар арасында дамитын кәсіптік аурулар даму көрсеткіштеріне баға беру бойынша білімділікті қалыптастыру

  5. персоналды компьютер мен дисплеймен жұмыс істегендегі еңбек жағдайын сауықтырудың кешенді жоспарын құруды ұйымдастыру бойынша білімділікті қалыптастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. қоршау конструкциясынан ақпараттық қызмет көрсету ғимараты қандай қашықтықта орналасуы керек?

  2. қондырғының беткей қондырғыларындағы кірістер қандай болуы керек?

  3. ауаны кондиционерлеу жүйесінің қай түрінде ауа бір уақытта машина залы мен ЭЕМ суыту залына беріледі?

  4. дисплеймен жұмыс істеу барысында оператор организмінің қай жүйесі өзңне I-лік жүктемені алады?

  5. 8 сағ жұмыс күнінде дисплеймен жұмыс істеу ұзақтығы қанша болуы керек?

  6. адамның жүйке жүйесіне айқын тыныштандырғыш әсер ететін қандай түс?

  7. екі қабат әйелдерде аптасына 20 сағ жоғары компьютер алдында жұмыс істеу ьүсік тастау қауіптілігі жоғарылайды ма?

  8. Аптасына 20сағаттық компьютермен жұмыс жасағанда жүкті әйелдерде түсік тастау қауіпі бар ма?


5. Оқыту және жүргізу әдістері:

Тәжірибелік сабақты орындау және талқылау. Ситуациялық тестілік есептер шешу, рольдік ойындар.



6.Әдебиет.

Негізгі:

1.Тоғызбаева К.К., Абсаттарова К.С.-Гигиена труда при работе на ПЭВМ(учебно-методическое пособие) Алматы 2005г.

2.Никитина В.Н., Захарченко М.П. Электронды-есептеу кешендернін тұтынушылардың денсаулығы. Еңбек медицина және өнеркәсіптік экология,2002 г

3.Артемов А.- Компьтер. Здоровье.2001г.

4.Лекционые материалы курса.


7.Бақылау(сұрақтар, тестілер).

Сұрақтары:


  1. 1000 мА күші бар өндірістік жиілікті ауыспалы тоқытң адамға әсерінен дамитын жағдайлар?

  2. 8 сағ жұмыс күнінде ВТД-мен жұмыс істегенде мәліметтерді еңгізу уақыты қанша болуы керек?

  3. ЭЕМ залындағы шаңдану қай деңгейден аспауы керек?

  4. Өндіріс белсенділігі шу қандай деңгейден аспауы керек?

  5. ЭЕМ жұмыс істейтін жұмысшыға шығындалатын ауаның минималды мөлшері?

  6. ЭЕМ жұмыс істейтін жұмысшыға арналған аудан көлемі?

  7. ЭВМмен жұмыс істейтін 1 адамға тиесілі аудан көлемі?

  8. Адам электр тоғымен жарақаттауда бірінші кезекте не істеуі керек?

  9. ЭЕМ жұмыс істегенде глаукомамен катаркактаның даму жағдайлары кезеседі ме?

  10. Дистеин экраны көзден қандай қашықтықта орналасуы керек?

  11. ЭЕМ-дағы еңбек жағдайы тері беткейіне ісер етеді ме?

  12. Персоналды ЭЕМ операторының жұмыс орындағы ауаның оптималды температурасы?



Тестік бақылау сұрақтары:

  1. Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы келесі мәселелерді шешеді:

А)технологиялық, экономикалық, әлеуметтік

Б)экономикалық, психофизиологиялық, әлеуметттік

В)экономикалық, психофизиологиялық, басқару

2. Ақпаратпен қамту мекемесі үшін жасалған санитарлы норма бойынша бір жұмысшыға қажет бөлме көлемі:

А)20 м3 аз емес

Б)10 м3

В)13 м3 кем емес

3. Ақпаратпен қамтамасыз ету мекемесі жұмысшы орнына қажет бөлме ауданы:

А)4 м2 көп емес

Б)6 м2 кем емес

В)3 м2



4. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қанша болғанда электроөткізгіш изоляциясының төмендеуі болады:

А)40 % кем емес

Б)40-60 %

В)75 % көп емес



5. ақпаратпен қамтамасыз ету бөлмесінде тәулік бойы температураның қандай ауытқуы рұқсат етіледі?

А)6-7°С


Б)4-5°С

В)2-3 ° С



6. Ақпаратты қамтамасыз ету бөлмесінің түсін анықтайтын факторлар болып табылады:

А)персоналды квалификациялау дәрежесі

Б)жарықтану деңгейі

В)техникалық талаптар



7. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын талаптарыдың бірі:

А)уақыт бойы жарықтану тұрақтылығы

Б)қондырғы беткейінің алдында қуыстардың болуы

В)жарықтану қондырғының істен шығуында қосымша бұйымдардың болуы.



8. Жұмыс орындарының авариялық жарықтандыруындағы ең аз жарықтану болуы керек?

А)жұмыстық жарықтанудың 3 % көп емес

Б)жұмыстың жарықтанудың 4%-нен көп емес

В)жұмыстың жарықтанудың 5%-нен кем емес

9. Өндірістегі жарақат бұл-

А) жұмыс уақытындағы өндірістік аурулар жиынтығы;

Б) өндірістегі зиянды факторлардың адам ағзасына ұзақ уақыт кері әсер етуі;

В) өндірістік зиянды факторлардың адам ағзасына бір мезетте әсер етуі;



10. Психологиялық жарқаттың бірі болып табылады:

А) күю


Б) қорқыныш

В) улану


11. Жоспардан тыс инструктаж қай кезде жүргізіледі:

А) қайта өңдеу технологиялық үрдісі өзгергенде;

Б) қолбасшы өзгергенде;

В) жұмысқа орналасқан кезде;



12. Қадағалау ұжымының талабына сәйкес –

А) кіріспе инструктаж;

Б) алғашқы инструктаж;

В) жоспардан тыс инструктаж;



13. Оператордың айналасында орналасқан құралдардың қолайлы арақашықтығы:

А) 15-20 см

Б) 55-75 см

В) 105 см-120 см



14. Дисплеймен жұмыс істеген уақытында оператордың қай функциялық жүйесіне әсеретеді.

А) қозғалу жүйесіне;

Б) көру жүйесіне;

В) тірек-қимыл аппаратына;



15. Еден және қабырға бояу үшін қолданылатын ең қолайлы түс:

А) көзге жағымды әсер ететін түс;

Б) өткір контрасты;

В) кез-келген түсті қолдануға болады;



16. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40 % және оданда төмендетілген болса:

А) Ұжымның жұмыс істеу қабілеті 10-15 % ұлғаяды

Б) құралдар жақсы жұмыс істейді

В) құралдар мен дисктер жұмыстан шығады



17. Тендовагинит-

А) жаңа компьютерлік ойын

Б) тілді программалау

В) компьютер алдында дұрыс жұмыс істемеген кезіндегі пайда болатын ауру



18. Компьютер залында шаңдану аспауы тиіс:

А) 0,4 мг/м3

Б) 0,5 мг/м3

В) 0,7 мг/м3



19. ЭВМ бөлмесінде желдету қондырғысы қай кезде жыл бойы жұмыс істейді:

А) тек жылыту кезінде

Б) тек салқындату кезінде

В) ауыспалы тәртіп кезінде



20. Жұмыс орнын жоспарлау кезіндегі маңызды фактор:

А) жұмыс істеу қалпы

Б) климаттық жағдай

В) жұмыс істеу уақыты



1. Тақырып.№ 7 Түсті металл өндірісіндегі еңбек жағдайы. Қорғасын өндіру.

2. Мақсаты: Түсті металл өндіру саласын алдын ала сонымен қатар ағымды санитарлық қадағалау жұмыстарымен бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру. Алюминий өндіру.

3.Оқыту міндеттері:

1 . ТМ өндіретін жұмыс орнын бағалауды бойынша білімділікті қалыптастыру.

2. Түсті металлургия өндіретін кәсіпорнының еңбек жағдайының гигиеналық ерекшеліктері бойынша білімділікті қалыптастыру.

3. Түсті металл кәсіпорының құрылысын және қалыпына келтіру құрылыс жұмысын жүргізуді бойынша білімділікті қалыптастыру.

4. Түсті металлургия өндіретін кәсіпорынындағы кездесетін жалпы және кәсіптік аурушандықтың көрсеткішін бағалау бойынша білімділікті қалыптастыру.

5.Сауықтыру шараларын ұйымдастыруды бойынша білімділікті қалыптастыру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ҚР шаруашылығына түсті металлургияның маңызы

  2. Глинозем өндірісіндегі негізгі технологиялық кезең

  3. Глиноземді сулы тәсілмен өндіру ( Байер схемасы)

  4. Глиноземді пісіру әдісімен өндіру

  5. Глинозем өндіру кезінде шаңдану факторына тән

  6. Глинозем өндіру кезінде зиянды факторлар

  7. Глинозем өндірісіндегі жұмысшылар ауруларының ерекшеліктері

  8. Алюминия өндірудің технологиялық үрдісі

  9. Электролиз цехындағы еңбек жағдайына тән ерекшеліктер

  10. Электролиз цехындағы ауаның газбен ластануы

  11. Электролиз цехындағы негізгі зиянды факторлар

  12. Электролиз цехындағы жұмыс істейтін жұмысшылар аурушандығының ерекшеліктері

  13. Электролиз цехындағы негізгі сауықтыру шаралары

5. Оқыту және жүргізу әдістері.

  1. Практикалық сабақты талқылау және орындау. Ситуациялық есептер мен тест сұрақтарын орындау, комбинирленген сұрау, жазбаша сұрау.

6.Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008-б

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Учебник. М-медицина-1988-576 б



  3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Под. Ред. В.Ф.Кириллова М-Медицина-2008-399 б

Қосымша әдебиетер:

  1. Тогузбаева К.К.- Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК( учебно-методические пособия)-Алматы, 2010 , стр.44-70

  2. Санитарные нормы иправила для предприятий ЦМ ( МЗ РК, №М3 РК, №1. 04.042-94).

  3. Тогузбаева К.К., -ПСН за строительством и реконструкцией промышленных предприятий ( учебно-методическое пособие) .-Алматы, 2010,120б

7. Тексеру (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар).

Сұрақтар.

  1. Кеннен өндіретін алюминий металының негізгі кезеңдерін ата

  2. Глинозем өндірудің кезеңдерін ата

  3. Глинозем өндіру үшін қолданылатын шикі зат

  4. Глинозем өңдіру барысында пайда болатын шаңның құрамын ата

  5. Глинозем өңдіру барысында пайда болатын кәсіптік зиянды факторлар

  6. Глинозем өндірісіндегі жұмысшылардың аурушандық ерекшеліктері

  7. Электролиттік жолмен алынған алюминийдің маңызы

  8. Электролиттік жолмен өндірілген алюминийде қандай газ және аэрозоль бөлінеді

  9. Электорлиз цехында жұмыс істейтін жұмысшылар ауруының нозологиялық формасын ата

Тест сұрақтары

  1. Құрамында алюминийі бар кеннен алюминий өндірудің бірінші кезеңінде не бөлініп алынады:

А) шихта

Б) глинозем

В) боксит

Г) штейн


Д) барлық жауаптар дұрыс

  1. Глинозем өндіру кезінде шихтаны дайындау кезеңін бөледі.

а ) шихтаның көпкомпонентті құрғақ дайындығы

б) бөлшектенген және сулы ұнтақты шихта

в) ұлпаны түзету

г) рафинадтау

д) барлық жауаптар дұрыс


  1. Ең маңызды алюминий кеніне жатады:

А) боксит

Б) нефелин

В) алунит

Г) каолин

Д) барлық жауаптар дұрыс


  1. Глинозем өндірісіндегі аэрозольдің құрамында кездеседі:

А) алюминий тотығы

Б) кремний тотығы

В) сілтілі металлдардың тотығы

Г) темір және кальций тотығы

Д) барлық жауаптар дұрыс


  1. Глинозем гидрохимия цехында жұмыс істейтін жұмысшылардың аурушандығына тән:

А) зәр шығару жүйесінің ауруы

Б) этиологиясы шаңды токсикалық созылмалы бронхит

В) жедел және жеделдеу коньюктивит

Г) жанаспа дерматит

Д) барлық жауаптар дұрыс


  1. Алюминий металлын өндіру барысында қолданады:

А) балқытылған кариолиттегі электролиз глиноземі

Б) балқытылған сілтідегі электролиз глиноземі

В) күкірт қышқылы тұнбасындағы электролиз глиноземі


  1. Электролиз цехында алюминий өндіру барысында ауаның аэрозольді ластануына тән:

А) фтор сутегі

Б) тұзды фтор

В) Аммиак

Г) меркаптан

Д) гелия

1.Тақырып: № 8. Қорғасын өндіру. Технологиялық үрдістері.

2. Мақсаты: студенттерге түсті металл өндіретін саланы алдын ала сонымен қатар ағымды санитарлық қадағалау жұмыстарымен бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру. Қорғасын өндіру.

3.Оқыту міндеттері:

1 . ТМ өндіретін жұмыс орнын бағалау бойынша білімділікті қалыптастыру.

2. Түсті металлургия өндіретін кәсіпорнының еңбек жағдайының гигиеналық ерекшеліктері бойынша білімділікті қалыптастыру.

3. Түсті металл кәсіпорының құрылысын және қалыпына келтіру құрылыс жұмысын жүргізу бойынша білімділікті қалыптастыру.

4. Түсті металлургия өндіретін кәсіпорынындағы кездесетін жалпы және кәсіптік аурушандықтың көрсеткішін бағалау бойынша білімділікті қалыптастыру.

5.Сауықтыру шараларын ұйымдастыруды бойынша білімділікті қалыптастыру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Қорғасын кенінен қорғасынды балқыту технологиясы

2) Қорғасын алу тәсілі: пирометаллургиялық және гидрометалургиялық

3) Қорғасын зауытындағы еңбек жағдайы. (еңбек зонасының ластануы,

микроклимат және т.б)

4) Қорғасын зауытындағы аурушандық ерекшеліктері

5) Қорғасын зауытындағы сауықтыру шаралары
5. Оқыту және жүргізу әдістері.

1.Практикалық сабақты талқылау және орындау. Ситуациялық есептер мен тест

сұрақтарын орындау, комбинирленген сұрау.

6. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008-б.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Учебник. М-медицина-1988-576 б.



  3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Под. Ред. В.Ф.Кириллова М-Медицина-2008-399 б

Қосымша:

  1. Тогузбаева К.К.- Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК( учебно-методические пособия)-Алматы, 2010 , б.44-70

  1. Санитарные нормы иправила для предприятий ЦМ ( МЗ РК, №М3 РК, №1. 04.042-94).

  2. Тогузбаева К.К., -ПСН за строительством и реконструкцией промышленных предприятий ( учебно-методическое пособие) .-Алматы, 2010,120б.

7.Тексеру (сұрақтар, тест, тапсырмалар).

Сұрақтар.

  1. Қорғасынды бөліп алатын кенді ата.

  2. Қорғасын кенін балқыту үрдісінде пайда болған газдың құрамына не кіреді?

  3. Қорғасынды қандай мақсатта рафинадтайды?

  4. Қорғасын кенінін шаңы организмге қандай қауіп төндңіреді?

  5. Қорғасынды рафинадтау цехындағы ауа қандай заттармен ластанады?

  6. Қорғасын зауытындағы жұмысшылардың аурушандық ерекшеліктері?



Тест сұрақтары:

1.Қорғасын концентраттарын балқыту үрдісінде пайда болған газдың құрамы: А) күкірт ангидриді

Б) оксид және диоксид тотығы

Г) шаң бөлшектері, балқытылған металлдар

Д) барлық жауаптар дұрыс



2. Қорғасынды рафинадтау цехындағы ауаның ластануына тән:

А) қорғасын аэрозольдерімен

Б) цинк

В) күкірт газы



Г) көіртегі және азот тотығы

Д) барлық жауаптар дұрыс



3. Қорғасын зауытындағы жұмысшылар ауруын ата:

А) ас қорыту

Б) жүйке жүйесі

В) катаракта

Г) гепатит

Д) остеохондроз

а,б

а,в,г


б,в,г

в,г,д


г,д,а


1.Тақырып: №9 Түсті металлургия өндірісіндегі еңбек жағдайы. Мыс өндіру.

2. Мақсаты: түсті металл өндіретін саланы алдын ала сонымен қатар ағымды санитарлық қадағалау жұмыстарымен бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру. Мыс өндіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет