Еңбекті қорғау


Химиялық реактивтердің, органикалық еріткіштердің, химиялық заттардың сулы ерітінділерінің қалдықтарын су құбырына құюға тиым салынады



бет4/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Химиялық реактивтердің, органикалық еріткіштердің, химиялық заттардың сулы ерітінділерінің қалдықтарын су құбырына құюға тиым салынады. Мұндай қалдықтар жұмыс уақытының соңында, оларды орталықтандырып жою мақсатындағы, қалдықтарға бөлінген арнайы орындарға апарылуы тиіс.

Зертханадағы барлық қызметкерлер оқыс жағдайда алғашқы көмек көрсету амалдарын - қан тоқтатуға арналған дәкені байлауды, жасанды дем алғызуды, жүрекке массаж жасауды білуге міндетті. Әрбір жұмыс орнында көрнекті жерде алғашқы көмек көрсетудің толық жиынтықталған дәрі-дәрмектер қорабы болуы қажет.

Апат болған жағдайда көмек көрсетуге мүмкіншілік жоқ жерде жұмыс жасауға тиым салынады: жұмыс сипатына қарамастан кешкі және түнгі уақытта, сонымен қатар қауіптілігі жоғары операцияларды орындауда тәуліктің кез-келген мезгілінде жұмыс орнында адам саны екіден аз болмауы қажет.

Жұмыс істеп тұрған қондырғыларды, ток көзіне қосулы тұрған элекрлік қыздырғыш жабдықтарды, жанып тұрған газ көздерін қараусыз қалдыруға тиым салынады. Мұндай кезде жұмыс орнын аз уақытқа қалдыру үшін маманданған қызметкерге тапсыру қажет.

Зертханадан шығар алдында әрбір жұмыс үстелінде және әрбір сорғыш шкафта судың, электр жабдықтарының, газ жүйелерінің өшірілгендігіне және қондырғыларда химиялық үрдістердің аяқталғандығына, ағынды су тоңазытқыштарынан судың төгілгендігіне көз жеткізу керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет