Әбиева Жәмила Төлетқызы Әлемдік қонақ үй шаруашылығы туризмнің белсенді бір саласы ретінде дипломдық ЖҰмыс



бет2/4
Дата25.01.2022
өлшемі87,26 Kb.
#114240
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Абиева 1

Мәселенің зерттелу дәрежесі: экономикалық ғылым ұсынған теориялық жағдайлар, кеңестік кезеңдегі экономистер мен қазіргі заманғы отандық экономистердің еңбектері, озық шетел әдебиеті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық және әлеуметтік реформалар жөніндегі шешімдері. Диссертация жазу кезінде логикалық және экономикалық-статистикалық әдістер, салыстырмалы талдау әдістері, ғылыми абстракция және экономикалық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеудің обьектісі мен пәні: әлемдік туризм индустриясы мен Қазақстан Республикасының қазіргі көрінісін зерттеу және талдау. Зерттеудің мақсаты, міндеттері және жаңалығы: белсенді туризмнің саласы ретінде жаһандық қонақ үй индустриясы және туристік инфрақұрылымды дамытуда, осы саладағы әлемдік саяхатшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қонақ үй менеджменті саласында үлкен бағдарлар құру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді айқындау қажет:

А) туристік инфрақұрылымға қатысты қонақ үй индустриясын дамыту;

Б) қонақ үй индустриясының пайда болу кезеңдерін сипаттау;

В) қонақ үйлердегі қызмет реттілігінің жіктелуіне байланысты саяхатшылардың сұранысын қанағаттандыру. Қазақстанда сервистік қызметті дамыту бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірленуде. Зерттеу нәтижесінде жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар қызметті дамыту саясатын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет