Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет13/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
В. Шкловский
Өнер тәсіл ретінде

“Өнер дегеніміз – образды ойлау”. Бұл тіркесті гимназистің аузынан да естирсің; әдебиеттің теориясынан еңбек жазғысы келетін ғалым филологке бағыт-бағдар берер бастау нүктесі де – осы тіркес. Көптің санасынан берік орын алған бұл ойда алғаш айтқан Потебня болатын: “образсыз өнер, оның ішінде поэзия да жоқ”. “Поэзия да проза сияқты ең алдымен, негізінен ойлау мен танымның белгілі бір тәсілі”.


Поэзия – ойлардың ерекше бір тәсілі, нақтырақ айтсақ, образбен ойлау тәсілі. Бұл тәсіл өмір процесін жеңіл түсінуге ой күшін үнемдейді; бұл үнемдеудің рефлексі ретінде эстетикалық сезім пайда болады. Ұстазының еңбегін мұқият оқып шыққан Овсянико-Куликовский осылайша түсіндіріп, ой түйінін жасайды. Потебня және оның жолын ұстанған көптеген әдеби мектептер поэзияны ойлаудың ерекше бір – образдардың көмегімен ойлау түрі, ал оның міндеті ойлауға әр текті предметтер мен әрекеттерді қатыстырып, белгісіз нәрсе белгілі нәрсе арқылы түсіндіріледі деп біледі…
“Образсыз өнер жоқ”, “Өнер образбен ойлау”. Осы анықтамаларға сәйкес сөз өнерін, сәулет өнерін, лириканы да образды ойлау арқылы түсіндіруге тырысты. Ақырында ширек ғасыр өткен соң Овсянико-Куликовский лирика, архитектура мен музыканы бөліп алып, өнердің ерекше бір формасыз түріне жатқызып, оларды тікелей эмоцияға әсер ететін лирикалық өнер ретінде анықтады. Сонымен, ойлау тәсіліне жатпайтын өнер салалары да бар екен; сол өнердің бірі лирика сөзді пайдаланған “образды” өнер бола образсыз өнерге байқаусыз айналып та кете береді.
Дегенмен де “өнер-образды ойлау” яғни, өнерде ең алдымен симвлодар жасалынады деген анықтама қаншама уақыт тезінен өтіп сақталынып келеді. Ол әсіресе, символизм ағымында, оның теоретиктеріне өміршеңдік танытуда.
Сонымен кейбіреулер әлі күнге дейін образбен ойлауды “күңгейі мен көлеңкесі”, “образдысы мен оның аралығы” деген сияқтыларды поэзияның басты белгілері деп түсінеді. Сондықтан да бұл адамдар образды өнердің тарихы образдардың өзгеру тарихынан тұруы керек деп, соны күтуі керек болатын. Бірақ та жылжып ғасырлар, өлкеден өлкеге, ақыннан ақынға өтіп өзгерістер болып жатса да образдар ешбір қозғалыссыз қатып қалды. Образдар – бейтарап. “Тәңірінікі”. Дәуірді неғұрлым терең зерттеген сайын белгілі бір ақын жасады деген образдардың одан да бұрын қолданғандылығына көзіңіз жете түскендей болады. Поэтикалық мектептердің жұмысы негізінен жаңа образдар жасаудан гөрі оны жаңғыртып жасаудың жаңа тәсілдерін тауып, жинақтап, сөздік материалдарды қорытып отыруға сайған. Образдар жеткілікті де образбен ойлау аз.
Образды дегеніміз, өнердің немесе тек сөз өнерінің барлық түрлерін біріктіретін де емес, оның өзгеруі поэзия дамуының мәні де емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет