Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет14/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
А.Банфи
Өнер философиясы

Рухани өмір идеальды /аймаққа/ өңірге жатады. Ол өзін адам өмірінің шындығына айналатын бағалы акт жасаушы, белгілі бір өмір аясындағы идеализация процесі ретінде айқындайды, /яғни, өмір шындығына идеализация процесі шындығын нығайта түсетін идеал шындығын ендіреді/. Адам әлемі эмпирикалы сипатта болғандықтан да /сананың рефлективті болуына орай/ бөлшектеніп, қоғамның заңды дуализміне және нақтылы белгілі бір индивидке айналады. Бұл дуализм абстрактылы түрде ғана анықталып, оның диалектикасы социологияның предметіне жатады /осыған байланысты психологиялық элементтің социологияға жат емес, ал диалектиканың бұл ғылымға статикалық компонент ретінде емес, керісінше, қайшылықтар мен жаңа байланыстар туғызушы қозғаушы күш екендігіне назар аударыңдар/. Барлық рухани форма осы дуализмнен өтеді. Бұл дінге сенушілердің тәңірге жақындай түсуі, эстетика аясындағы экспрессивті-творчестволық коммуникативтік момент арқылы адамгершілік санадағы идеал арқылы жүзеге асады. Руханият басынан өткеріп, бойына сіңіретін өнердің қоғамдық сипаты оның шегі де болып табылады. Бұл жерде өнер адам өміріндегі эстетикалық бастаулардың шындығы, оның көрінісі, керек десеңіз, адамзат әлемінің жасампаздық принципінің сапасы ретінде оған іштей тән идеалдық түрінде көрінеді.


М.М.Бахтин
Әдебиеттану методологиясына

Әдеби туындының авторы тұтас туындыға қатысты болады, бүтіндей мазмұннан оған бөлінген ешқандай мезет жоқ. Автор сол бөлінбеген мезетте, яғни мазмұн мен форманың тығыз тұтасуы сәтінде көрінеді. Әдебиеттану бүкіл мазмұннан бөлінген тұстан – яғни дүниетаным, өмірбаян, уақыты анықталған адамнан авторды іздейді. Осыған сәйкес “автор бейнесі” шынайы адам бейнесімен тұтаса көрінеді.


Автор барлық бейнелерді жасаушы, туындыдағы бейнелілікті тудырушы бола тұра бейне /образ/ бола алмайды. Сондықтан “автор бейнесі” деген атау туындының бір ғана бейнесі болуы мүмкін /дәлірек айтсақ, ерекше түрдегі бейне/. Суретші өзін картинада жиі бейнелейді, өзінің авторпортретін сызады. Бірақ, біз автопортреттен авторды өзге картиналарында тіптен жасырын тұрады. Тудырушы автор өзі тудырған дүние аясында айқын көрінуі мүмкін емес. Бұл – natuчa natuчans, яғни natuчa – natuчata емес. Жасаушыны біз өзінен емес, ол жасаған дүниеден көреміз.
Автор өз туындысын арнайы әдебиеттану ұғымы үшін, әдебиеттанушы үшін дүниеге әкелмейді, әдебиеттанушылар тобын ұйымдастыруды мақсат етпейді.
Қазіргі әдебиеттанушылар /көбіне структуралистер, өздерінше/ неігізінен бәрін түсінетін тыңдаушының имманентті туындысын анықтауға ұмтылады. Бұл, әрине, эмпирикалық тыңдаушы немесе психологиялық қойылым емес, автор жанындағы тыңдаушы бейнесі. Бұл – дерексіз идеалдық құрылым. Оған осындай дерексіз идеалды автор қарсы қойылады. Мұндай түсінік бойынша, кінәратсыз тыңдаушы авторды ауыстырушы немесе оның айнадағы бейнесі сияқты. Ол ешқандай өзіндік сипатты, туындыға қатысты ешқандай тың ұғымды иемдене алмайды және автордың бүкіл ойын ұғыну мүмкіндігі жоғалады. Ол нақтырақ айтсақ, авторға айналған оқырман осы кезеңде, уақыт пен ауқымнан тыс /барлық дерексіз идеалды құрылым сияқты/ қалады, сондықтан ол автор үшін басқаға айнала алмайды, бөтен болып қалмайды, өзгешелік сипатын көрсететін ештемесі көрінбейді. Автор мен мұндай оқырман арасында ешқандай өзара әрекеттестік, драмалық қатынас болмайды. Тек қана механикалық немесе таптаурын түсінік қалады. Тұлғалық өзгешелік те жоғалады.
Тұлғаны және шығарманы тану.
Оларды былайша шекпен сипаттауға болады: біржақтылықпен ғана ұғынылатын, танушы үшін ғана әрекет ететін, тек сыртқы бітімге ие жансыз шығарма. Мұндай ажыратылмайтын ішкі болмысынан айырылған маңызы жоқ шығарма тек практикалық түрде қызықтау болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет