Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»


ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ПІШІНІ



бет33/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ПІШІНІ


А.Байтұрсынов
Шығарма сөз

Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз.


Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1) тақырыбы, 2) жоспары, 3) мазмұны, 4) түрі.
Тақырып. Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы жаз болады. Той туралы болса, шығарманың тақырыбы той болады; ат туралы болса, тақырыбы “ат” болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. “Айман-Шолпан”, “Бақытсыз Жамал”, “Қобыланды батыр”, “Атымтай Жомарт” деген сөздер шығарма тақырыптары болады. Және бұл сөздер Айман-Шолпан, бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған “Айман-Шолпан” яки “Бақытсыз Жамал” деген сөздерді көріп, кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды; өйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір айтылып кетеді. Тақырыбы бар сөздер “Айман-Шолпан”, “Бақытсыз Жамал” деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп, оларды атағанда, алдыңғы сөздерін айтып атаймыз: “Өзгеге, көңілім, тоярсың” деген сөзі, “Келдік талай жерге енді” деген өлеңі дейміз.
Жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады; онысы неден бастап, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса, жоспар болады; бірақ біреуінің жоспары тәртібі сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне сәйкес жоспары болады. “Балғожаның баласына жазған хаты” деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мынау:

  1. Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіруі

  2. Баласына айтқан ақылы

  3. Оқыған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі

Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары да үлкенірек, мынадай:

  1. Құрбысының кім екені

  2. Құрбысына қонуға келгені

  3. Құрбысының қондырмағаны

  4. Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы

  5. Көңілдестігін көрсетуі

Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз – бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1) аңдату, 2) мазмұндау, 3) қорыту.
Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады. Сондықтан мазмұнның бұл мүшесі шығарған сөздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығармаларда керегіне қарай болады.
Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры; онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді. Бұ да керегіне қарай болатын мүше.
Сөйтіп, шығарма мазмұнының аңдату, мазмұндау, қорыту – үш мүшесінің үшеуі де болуға ықтимал, басқалары болмай, жалғыз ғана мазмұндау болуға да ықтимал. Кейде аңдату мен мазмұндау ғана болады. Кейде мазмұндау мен қорыту ғана болады.
Түрі. Шығарманың мазмұны қай-қай түрде айтылса, сол түрі шығару түрі деп айтылады.
Шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады: 1) жай сөйлеу түрде, 2) сөйлестірген түрде, 3) хат түрінде, 4) аралас түрде...

Мазмұн түрлері


Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлер үшеу:



  1. әуезе, 2) әліптеу, 3) пайымдау.

Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, не ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не пайымдама болып шығады.
Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын түрі “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген Абай сөзі мен Кебектің Ақанға ақ көргенін айтқан сөзі, әліптеме болатындары – Абайдың әйелді сипаттауы, күзді әліптеуі, Мағжанның толқынды сипаттауы, Абайдың әнді сипаттауы, пайымдау болатыны – “Балғожа бидің баласына жазған хаты”.
Көбінесе-ақ әуезе, әліптеме, пайымдама шығарма ішінде аралас келіп отырады. Жоғарғы көрсетілген сөздердің қайсысы да болса таза бір түрдегі мазмұнды емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет