Е.Франко
Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
Көркем әдеби шығармаға әмбебап анықтама беру мүмкін емес. Оның орнына әдеби шығарма дегеніміз өнер туындысының қызметін атқаратын кез келген сөз мәтіні дегенді ұсынуға болады. Көпшілік жағдайларда мұндай мәтіннің өзіндік сыртқы формасы, ерекше ішкі құрылымы болады. Сонымен бірге бұл белгілердің көркем шығармада түгелдей сақталынуы міндетті де емес, кейбір өнер туындыларында болмауы да мүмкін. Әдеби мәтіннің сыртқы формаға енуі деп, біз оны қабылдайтын субгентімен арадағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын қосымша қасиеттер мен шартты ұғамыз. Мысалы былайша болып келуі мүмкін: дауысты, сөз айтуды лайықтау, эстрада, т.б. сияқты ән орындаудың ерекше шарттары, сондай-ақ көркем шығарманың ауызекі сөйлесу тілінен өзгеше ерекше түрде болуы, мәтіннің белгілі бір жүйемен құрылуы /ертегілер/, сөйлесулердің басқаша көрінуі /ырғақ, бунақ /рифма/, қайталаулар/, жазылу түрі /өлең/, жанры /поэма, роман, повесть/. Аталған белгілер тек осындай бір ғана қызмет атқарады екен деп ойлап қалмау керек – бұлар әдебиетте басқа да мақсаттарда қолданыла береді.
Қанағаттандырарлық анықтаманың болмауы әдебиетті ғылыми тұрғыдан зерттеп білуге болмайды деген емес. Бұл тұрғыдан келгенде, әдебиеттің кез келген басқа бір объектіден айырмасы жоқ. Оның да түрлі жақтары бар, оның да түрлі қырларын зерттеуге болады. Оның үстіне “көркем шығарма болу” сөздік мәтіннің мүмкін болған қызметтерінің бірі ғана; берілген мәтінді көркемдік қызметінен бөліп алып, басқа жақтарын да қарастыруға болады. Мұндай жағдайда ол мүлде басқа да білім салаларының назарына ілігеді. Әдеби мәтінмен бірінші кезекте лингвистер айналысып, ондағы сөздердің тарихын, грамматикалық түрлерді, синтаксистік құрылымдарды, ірі тілдік бірліктердің құрылу заңдарын қарастырады. Әдеби мәтінді кибернетиктер де зерттейді: бірі ықтималдық теориясы тұрғысынан, екіншісі ақпараттану теориясы тұрғысынан келуі мүмкін. Тарихшылар одан өзінің зерттеу объектісіндегі /нақтылы тарихи оқиға, не қайраткер/ тарихтың кейбір буындарын толықтыра түсетін материалдар тапса, қолданбалы өнертанушыларды ондағы қару-жарақ, киім-кешек, ағаш бұйымдары, құрылыс атаулары, т.б. қызықтырады. Дәрігерлер ондағы кейіпкерлердің денсаулығын, қандай аурулармен ауырғандығын, биографтар авторға қатысты тура және қосымша мәліметтерді білгісі келеді.
Әдебиет туралы ғылым көркем мәтінді ең алдымен оның көркемдік қызметін ескере отырып қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |