Байланысты: Кейіпкердің портреті мен психологиясын жасау барысындағы ізденістер атты үшінші тарауда көркем шығармадағы кейіпкер портретін жасау мен психологиялық талдау проблемасы
Қорытындыда қазақ балалар прозасындағы баллар мен жеткіншектер бейнелерінің жасалу жолдары,оларды сомдаудағы шығармашылық ізденістер,көркемдік тәсілдер мен құралдар,мазмұн мәні сияұты соқталы мәселелер әр қырынан синтездік тұрғыдан талданып отыр.Бұған дейін қазақ әдебиеттану ғылымында прозадағы жеткіншектер бейнесінің жасалуы арнайы талдау нысаны бола қоймағанын ескерсек,бұл еңбек осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі болып саналар деп ойлаймыз.
Жас оқырманды ең алдымен ұнамды қаһарман арқылы тәрбиелеу керек екендігі дау туғызбайды.Аталған кезең (1950-1990 жылдар) көптеген «мінсіз»бейнелер дүниеге келді.Сондықтан дессертацияда көбірек талданғаны – балалар прозасындағы ұлттық психологиясы тереңірек ашылған бейнелер.Зерттеліп отырған шығармалардың негігі идеялық-көркемдік өзегі адамгершілік мәселелері төңірегінде өрбиді.Адамгершілікке қарама-қарсы ұғымдар мен санаттар (категориялары) арасындағы қайшылық – адамға тән жақсы қасиеттердің нығаюының қозғаушы күші.Сол қозғаушы күштің нәтижетелері қандай болады,өзінің қандай деңгейдегі моральдық жемістерін береді,міне,бұл – көркем сөз шеберлерінің адамгершілік позициясының кредосы.Зерттеулер жасалатын ғылыми қорытындыланың бірі – қазақ балалар жазушыларын ерекше толғандырып жатқан мәселені талдап көрсету болды.
Педгогика мен психологияда жас баланың адам ретінде қалыптасуына,ең алдымен,оның маңайындағы ересек адамдардың ықпалы орасан екені жеткілікті дәлеледенген.Бала тәрбиесінде үлкендердің алатын орны қашанда маңызды.Әсіресе,бұл құбылыс отбасынан,қоршаған ортадан айқын сезіледі.«Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»,«Ана сүтімен қалыптасатын мінез»,«Әкеге қарап оқ жонар,шешеге қарап тон пішер» дейтін қазақ мақал-мәтелдерінің астарында үлкен әлеуметтік-моральдық мағына жатыр.Бала кейіпкердің адам ретіндегі өсу эволюциясына жазушылар осындай өмір шындығы тұрғысынан келгенде ғана жеткіншектер бейнелерінің реалистік бояуы қаныға түседі.Бала кейіпкердің болмыс-бітіміне оқырман назараны аударарлық ерекше психолгиялық сипат беруге ұмтылыс – дұрыс шығармашылық талап.Бірақ ол әдебиеттің көркемдік шарттарына шынайылық табиғатына нұқсан тигізбеуі керек.
Әдебиеттанушы ғалым Т.Тебегеновтың: «Тарихтың сан ғасырлық белестерінен өтіп,енді бүкіл әлемдік деңгейде дербес мемлекеттік тұлғамен толық танылып отырған қазақ елінің рухани мәдениеттік қазыналарын ғылыми пайымдау мен бағалаудың жаңа арналары айқындалады» (24, 5 б.)деген тұжырымы әдебиетімізге жаңаша көзқараспен объективтік тұрғыдан келе отырып,бағалау керектігін меңзейді.Балалар әдебиетінің тәрбиелік қуат күші қай заманда да орасан болғаны белгілі.Оның философиялық эстетитакалық әсер-ықпалы жөнінде әдебиет зерттеушілері тереңінен тартып,жан-жақты талдап айтып келе жатыр.Әдебиеттегі жеткіншек бейнесі шынайылықты,айқындықты және әсерлі жасалуды қажет етеді.Балалар жазушысының эстетикалық мұраты да осы болуы тиіс.
Қаламгердің эстетикалық мұраты жөнінде академик М.Қаратаев: «Эстетикалық мұрат суреткердің жалпы дүниетану тұрғысына сай көркемөнер туындысының аясында образдар жүйесі арқылы өмірдің маңызды жақтарын ашып,терең сырын ұғуға,бүкіл халықтық арман-мүддені бейнелеуге қызмет етеді...» (25,315 б.)деген болатын.Жеткіншектер бейнесін сомдайтын балалар әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік маңызы қай заманда да жоғары.Қазақ балалар прозасында балалар мен жеткіншектер бейнелерінің жасалу тарихы күрделі.Бүгінгі жас ұрпақты эстетикалық-идеялық тұрғыдан тәрбиелеу барысында бұл көтеріліп отырған мәселенің ұлттық руханиятымыз үшін қашанда маңызды болатыны сөзсіз.