«Әдебиеттік оқу» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып



бет16/16
Дата18.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#174817
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Әдебиеттік оқу БЖБ мен ТЖБ

Барлығы

6




Оқылым
  1. тапсырма


Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.



    1. Мәтіннен Арманның мінез -құлқын сипаттайтын сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз.




    1. ІІ абзацтағы «әндетіп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?




    1. Арманның көршісі неліктен таңданды?




    1. Арман Нави тілінде сөйлеуді қайдан үйренді деп ойлайсың?




    1. Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндіруге немесе бағалауға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.




Сұрақ

Жауап







[6]

Балл қою кестесі





Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



Оқылым

Өзі бір кісі алдынан қия өтпейтін тәрбиелі бала. Көрген жерде құрақ ұшып амандасатыны бар.

1




Шырылдап/безілдеп/...

1

Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы жауаптар қабылданады.

Арманның бейтаныс тілде сөйлегеніне таңданды/ Ол Арманның қай тілде сөйлеп тұрғанын түсінбеді/...

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Балалар бейтаныс тілге ұқсатып жаңа сөздер ойлап тауып,
өзара сөйлесуі мүмкін/Арман фильм кейіпкерлерінің сөздерін қайталап отыруы мүмкін/...

1


Көршісі Арманның сөйлеген тілін неліктен түсінбеді?/ Көршісінің Арманға күлкісін сездірмеуге тырысуының
себебі неде деп ойлайсың?/...

1


Тапсырманың
мазмұнына сәйкес болатын баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.

Ол фантастикалық фильмдегі ойдан шығарылған тіл
болғандықтан/ Өзінің аңғалдығын сездіргісі келмеді/...

1

Барлығы

6






Жазылым
  1. тапсырма


Оқылымға берілген мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, әр бөлікке сәйкес тақырып қой.



Мәтіннің құрылымдық бөліктері

Тақырыптар

Кіріспе




Негізгі бөлім




Қорытынды




[3]


  1. тапсырма


Жоғарыда оқыған мәтінге жаңа кейіпкерлер немесе оқиғалар қосып, мәтінді аяқтап жаз.



[3]


Балл қою кестесі





Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Жазылым

Арман/Тәрбиелі бала/Арман мен көршісі

1

Мәтін бөліктерінің мазмұнына сәйкес баламалы тақырыптар қабылданады.

Нави тілінде сөйлесу/Бейтаныс тіл/ Көршінің таңданысы

1

Аңғал көрші/...

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Осы кезде қасымызға тағы бір бала келді. Арман екеуі «нави» тілінде біраз әңгімелесті. Олардың сөздеріне ауладағы балалар да таңдана қарап қалысыпты. Мұны байқаған бейтаныс баланың:
–Сендер де нави тілін үйренгілерің келе ме? –дегені сол-ақ екен, балалар қуанып, шулап қоя берді. Арман мен бейтаныс баланың қасына жиналған балалардың бәрі өзара шүлдірлесіп, мәз болып жатыр. Мен
«Аватардың» тілін білетін балаларға сырттай қызыға қарап отырдым.

1

Баламалы мәтін қабылданады.

Мәтіндегі оқиғаны жүйелі байланыстырады.



1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды.

Барлығы

6




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет