Таныс мәтінді жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қосу арқылы өрбітіп жазады
3
Мәтіннің мазмұнын жаңа оқиғалар/ кейіпкерлер қосу арқылы өрбітіп жазуда қиналады.
Мәтіннің мазмұнын өрбітіп жазады, оқиғалардың байланысын сақтауда қателеседі/ жазу барысында грамматикалық/ орфографиялық/ пунктуациялық қателіктер жібереді.
Оқылған мәтіннің мазмұнына жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қоса отырып, өрбітіп жазады.
ІІІтоқсанбойыншажиынтықбағалаудыңспецификациясы
Тоқсанбойыншажиынтықбағалаудыңмақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Баллсаны – 18
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші және екінші тапсырмалар тыңдалым мен айтылым дағдысын, үшіншісі – оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.