«Әдебиеттік оқу»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.12.2019
өлшемі1,2 Mb.
#53854
1   2   3   4
Байланысты:
! ОШ ҚБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 2019
! ОШ ФО Литературное чтение 4 класс рус

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Шығарманы өрбітіп, толық мазмұндайды  

 

Ойлау дағдыларының деңгейі 

Қолдану 

 

Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда.  

 

 



 

 



 

Киіз  үй  туралы  тағы  не  білесің?  Өзің  білетін  ақпаратты  мәтіннің  мазмұнына  қоса 

отырып, әңгімеле. 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

- мәтіннің мазмұнын толықтырып әңгімелейді; 

- жеткілікті сөздік қорын көрсетеді;

 

- қосымша ақпаратты мәтінмен жүйелі байланыстырады.



 

 

 



 

Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 

Оқу мақсаты  

4.1.3.1  Шығарманың  тақырыбы  және  қорытынды 

бөлімі  

негізінде  сюжеттің  дамуын  болжау,  оның 

себебін  

түсіндіру 



Бағалау критерийі  

Білім алушы 

 



Мәтіннің  тақырыбы  мен  бөлімі  бойынша  оқиғаны 

болжайды және негіздейді 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі 

Қолдану 


 

Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда.  

 

 

 



 

 



Арманына  жету  үшін  Айгүл  не  істеді  деп  ойлайсың?  Берілген  үзінді  мен  мәтіннің 

тақырыбына сүйеніп, оқиғаның желісі туралы болжам жаса. Себебін түсіндір.  

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтіннің мазмұны мен тақырыпқа сәйкес болжам жасайды және  

  негіздейді; 

- оқиғаны мәтінмен жүйелі байланыстырады; 

- ойын еркін жеткізеді; 

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 

 

 



Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аудару 

Оқу мақсаты  

4.1.4.1  Сөйлеу  барысында  мақал-мәтелдерді,  өлең 

жолдарды,  нақыл  сөздерді,  шешендік  сөздерді 

және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 

 

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

 



Сөйлеу  барысында  өлең  жолдарын/  нақыл  сөздерді 

қолданады 

 

Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі  

Қолдану 


 

Тапсырма 

«Киіз үй» өлеңін мұқият тыңда. Киіз үйді сипаттайтын сөздерді түртіп ал.    

 

 

 



 

 



 

Тірек  сөздерді  қолданып,  киіз  үйді  сипатта.  Сөйлеу  барысында  өлең  жолдарын, 

мақал-мәтелдерді қолдан.  

 

Дескриптор  

 

 

 



Білім алушы 

- өлеңнен тірек сөздерді анықтайды; 

- өлең мазмұнына сүйеніп, киіз үйді сипаттайды; 

- сөйлеу барысында өлең жолдарын, мақал-мәтелдерді қолданады.  

 

 

 



 

Атам менің айбынды, 

Атам менің сүйікті.  

Бір қойнауға шалғынды 

Киіз үйін тігіпті. 

Алдымдағы арнаулы 

Шопан үйі дөңгелек 

Ақша бұлттан аумайды, 

Қонақтаған жерге кеп. 

 

Әрі жарық, әрі кең, 



Ақ сарайдай бұл бөлме. 

Жасауымен, сәнімен 

Қызықтырады кіргенде. 

Алашаның жердегі 

Ашық екен өрнегі. 

Текеметтен төрдегі 

Көзімді алғым келмейді. 

 


Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру  

Оқу мақсаты  

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған /өзге  

шығармадағы  ұқсас  оқиғалармен  салыстыра 

отырып білдіру 

 

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

 



Өз ойын өмірмен байланыстыра отырып  

      баяндайды 

 

Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


 

Тапсырма 

«Мамандықтың  бәрі  жақсы»  мәтінінен  берілген  үзіндіні  мұқият  тыңда.  Автордың 

ойына сен тағы қандай ой қосар едің? Мәтінге сүйеніп айтылған пікірдің дұрыстығына 

нақты дәлелдер келтір. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Дескриптор 

 

 



Білім алушы 

- мәтінде айтылған ойға қатысты пікірін білдіреді;  

- өз ойына нақты дәлелдер келтіреді; 

- өз ойын жүйелі жеткізеді. 

 

 

 



Өмірде барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр 

адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. 

Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман 

мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. 

 

 


Бөлім: Оқылым 

Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану 

Оқу мақсаты 

4.2.1.2*Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп  

алып,  сұрақтар  қоя  отырып,  қажетті  ақпаратты 

тауып,  белгі  қойып  оқу,  талдау  жасап  оқу,  сын 

тұрғысынан бағалап оқу 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтіннен қажетті ақпараттарды тауып оқиды 

 



Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды 

 

Ойлау 



дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр. 

 

Қаланың орны  



Қаланың көне атаулары  Қаладағы ғимараттар  Қаланың тарихы 

 

 



 

 

 



 

 



 

Қарамен  берілген  сөз  тіркестеріне  қатысты  мәтін  мазмұнына  сәйкес  сұрақтар 

құрастыр. Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.  

 

 



Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтіннен тиісті ақпараттарды анықтайды;  

- мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар қояды

- сұрақтарға толық жауап береді; 

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.  

 

 

 



Тараз  –  көне  қала.  2000  жылдан  артық  тарихы  бар  бұл  қала  Оңтүстік 

Қазақстанда  орналасқан.  Тараз  қаласының  Ұлы  Жібек  жолында    орналасуы  оның 



ірі сауда орталығына және мәдени ошаққа айналуына көмектесті. Таразда сәулет 

өнерінің  тамаша  ескерткіштері  бар.  Олар  –  Қарахан,  Айша  бибі  кесенесі,  монша. 

Тараз  моншасы  –  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  ең  алғашқы  моншалардың  бірі. 

Моншаның  бөлмелері  түрлі  ою-өрнекпен  безендірілген.  Қалада  сонымен  қатар 

теңге соғатын ұстаханалар болған.  Тараз қаласы бұрын Талас, Әулиеата, Жамбыл 

деп аталған.  Монғол шапқыншылықтары Тараз қаласына үлкен зиянын тигізді. 

Қала қазақ хандығы кезінде қайта гүлденді.  

 


Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру  

 

Оқу мақсаты 

4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға  

және бағалауға негізделген сұрақтар қою және  

жауап беру 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтін бойынша түсіндіру/ бағалау сұрақтарын 

құрастырады және жауап береді  

 

Ойлау дағдыларының деңгейі  

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. 

  

 

 



 

Неге?, неліктен? деген сұрақтарды қолданып, мәтін бойынша сұрақ құрастыр және жауап 



бер. 

 

Сұрақ 



Жауап 

 

 



 

 


 

 



 

Жұмыс берушінің әрекеті дұрыс па? Мәтіннен дәлел келтіре отырып, өз ойыңды білдір. 

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтін бойынша түсіндіру, бағалау сұрақтарын құрастырады; 

- сұрақтарға нақты жауап береді; 

- мәтіннің мазмұнына қатысты ойын білдіреді және негіздейді.  

 

 



 

Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау  

 

Оқу мақсаты 

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды  

анықтау,  автордың  ойын  мәтін  деректерінен 

келтіре отырып дәлелдеу 



Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды  

 



Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді  

 

Ойлау дағдыларының деңгейі  

Қолдану 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

Мәтінге тақырып қой. 



 

Негізгі ойды анықта. 



 

Мәтіннен негізгі ойды дәлелдейтін тұсты тауып, белгіле. 



 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтінге тақырып қояды; 

- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

- мәтіннен автордың ойын тауып, дәлелдейді. 

 

 



Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау 

Оқу мақсаты 

4.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың  

композициялық  құрылымын  (сюжеттің  басталуы, 

дамуы,  шиеленісуі,  шарықтау  шегі,  шешімі) 

анықтау 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады 

Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі  

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің басын, ортасын және соңын білдіретін бөліктерді тауып, 



таңбасымен белгілеп көрсет.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Оқиғаның шешімін көрсететін бөлікті тауып, көшіріп жаз. 

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; 

- оқиғаның шешімі болатын бөлікті табады. 

    Құмырсқа  бір  арыстанның  қол  астында  жұмыс  істейді.  Күнде  таңертең  ерте 

келіп,  жұмысын  көтеріңкі  көңіл  күймен  бастайды.  Көп  еңбектенетіндіктен, 

жұмысының  өнімділігі  де  өте  көп  болатын.    Арыстан  құмырсқаны    бақылап 

тұрған басшысы болмаса да, өздігінен осындай ықыласпен жұмыс істейтініне 

таң  қалатын.  Бір  күні  арыстанға  мынадай  ой  келді:  «  Бұл  құмырсқа  қазір  өз 

ынтасымен  жұмыс  жасап  жүріп-ақ  осыншалықты  жақсы    нәтижелер  беруде.  

Егер оның жұмысын қадағалайтын бір бастығы бар болса, бұдан да көп табыс 

әкелмей  ме?»  -  деп,    бір  тәжірибелі  қоңызды  жұмысқа  алады.  Қоңыздан 

құмырсқаның  жұмысын  қадағалап,  баяндап  тұруды  талап  етті.  Енді  қоңызға 

баяндамаларды  реттейтін  хатшы    қажет  болды.    Сол  себептен  ол  өзіне 

көмекші  етіп    өрмекшіні  жұмысқа  алады.  Сөйтіп  арыстанға  бәрін  баяндап 

тұратын  болды.  Арыстан  бұл  жетістіктерге  өте  қуанды.  Енді  ол  жұмыстың 

нәтижесін  көрсететін  түрлі-түсті  графиктердің  болуын    талап  етті.  Бұл 

арқылы  жұмыстың  өнімділігіне  талдау  жасап,  басқаларға  көрсете  алар  еді. 

Қоңызға  бұл  баяндамаларды  өңдеу  үшін  жаңа  компьютер  және  басқа  да 

құрал-жабдықтар  қажет  болады.  Осылайша  барған  сайын  көбейген  жұмыс 

талаптарын  басқару  үшін  бір  масаны  жұмысқа  алады.  Әуелде  қуанышты, 

еңбекқор  құмырсқа  енді  бітпейтін  жиналыстардан,  толтыруды  қажет  ететін 

құжаттардан  қашатын  болды.  Уақытының  көп  бөлігін  сұрақтарға  жауап 

берумен  өткізуде  еді.  Арыстан  болса  жұмысының  барған  сайын  үлкейіп 

жатқанына  қуанады.  Одан  да  үлкеюі  үшін  бөлім  меңгерушісі  ретінде 

шыбынды жұмысқа алады. Жұмысты жандандыру үшін шыбынға  да көмекші 

қажет  болды.  Жыл  соңында  құмырсқаның  бөліміндегі  жағдайларға  көз 

жүгірткен  арыстан  өнім  мен  табыстың  төмендегенін  байқайды.  Мәселені  

шешу үшін дереу аты шулы, данышпан үкіні жұмысқа алады.  Үш айдан кейін 

үкі: «Бұл жұмыс орнында жұмысшылар шамадан тыс көп» – деген қорытынды 

шығарады.  Арыстан  жұмысқа  деген  ықыласы  қалмаған  құмырсқаны 

жұмыстан шығарып жібереді. 

 

 

 



 

 

Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 

Оқу мақсаты 

4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез- 

құлқының  өзгеру  себептерін  мәтіннен  тауып, 

салыстырып бағалау 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Кейіпкердің 

бойындағы, 

 

іс-әрекетіндегі 



өзгерістерді түсіндіреді 

 



Мәтіннің  кейіпкерлеріне  қатысты  көзқарасын 

білдіреді 

 

Ойлау дағдыларының  

деңгейі  

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Мәтіннен Данагүлдің сөзін теріп оқы. Соған сүйеніп, Данагүлге мінездеме бер. 

 

Төле бидің қыздарды шақыртуына не себеп болды?  



Дескриптор 

 

Білім алушы 

- кейіпкердің айтқан сөзіне сүйеніп, мінездеме береді;  

- кейіпкердің іс-әрекетінің себебін анықтайды. 

Бірде Төле биге Түрікмен елінен елші келіп: 

–Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған билік жасаңыз,-депті.  

Жер  шалғай  болса  да  Төле  би  Түрікмен  еліне  барып,  дауласқан  екі  жақты 

татуластырып  қайтады.  Аттары  болдырып,  шөлдеп-шөліркеп  келе  жатқан 

жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде 

Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың 

қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.  

–Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан 

бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің 

алдынан  кесе  көлденең  өтуге  болмайды.  Олар  -  ел  қорғайтын,  жер  қорғайтын 

ерлер.  Кім  біліпті,  араларында  ақылы  асқан  ақылман,  данышпан  қариялары, 

ашулы,  қарулы  батырлары  да  бар  шығар.  Шарапат  жақсылығы  тиер,  үлкен 

кісілердің  батасын  алып,  алғысына  бөленейік.  Апалар,  аттарыңыздың  басын 

тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң 

жүрсек те ауылымызға жетерміз, -деді Данагүл. 

Қызыл-жасыл  киінген  қыздар  жол  кеспей,  иіріліп  тұрып  қалды.  Топ 

алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген 

қыздардың  қасына  жетіп,  алдарынан  өтіп,  біраз  жерге  ұзап  кеткен  соң, 

қасындағы жолдастарының біреуіне: 

–Анау алдымызды кеспей, кейіндеп қалған балаларды шақырып келші –деді.  

Ол  шауып  барып,  қыздарды  шақырып  келді.  Данагүл  алдарын  кеспеген 

себебін айтады. 

–Жақсы,  шырақтарым,  өркендерің  өссін  –деп  Төле  би  батасын  беріп,  жүріп 

кетіптіі. 

 

 


 

Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 

 

Оқу мақсаты 

4.2.9.1  Түрлі  дереккөздерден  қажетті  ақпаратты  табу, 

өңдеу  және  тұжырым  жасау  және  себеп-

салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады 

 



Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды 

 

Ойлау 



дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


 

Тапсырма 

Мәтінді оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қосымша дереккөздерден айтыс түрлері туралы ақпарат жинап, кестеге түсір. 



 

Айтыс түрлері 

Ерекшелігі 

 

 



 

 

 



 

 



 

Олардың байланысын сызба түрінде көрсет. 

 

Дескриптор 

 

 



Білім алушы 

- айтыс түрлерінің ерекшеліктерін ажыратады; 

- айтыс түрлерінің байланысын көрсетеді.  

 

 



Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы. Ол – суырып салма 

ақындық өнердің жемісі. Айтыстың бірнеше түрі бар: жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт 

айтысы.  Ақындар  айтысы  жұрт  бас  қосқан  ойын-сауық,  үлкен  жиындарда  өткен. 

Жиылған халық, ақсақалдар сайысқа түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ 

төрелік айтқан. 


Бөлім: Жазылым  

Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру 

 

Оқу мақсаты 

4.3.1.1  Оқылған  шығармадағы  оқиға  жүйесін  анықтап, 

оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар 

құру 


 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды 

 



Мәтінге ат қойып, жоспар құрады  

 

Ойлау 



дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөліктің алдына Z таңбасын қой. 

 



Әр бөлікке тақырып қойып, жоспар құр. 

 

Тақырып 



Жоспар 

 

 



 

 

 



 

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтінді бөліктерге бөледі; 

- әр бөлікке тақырып қояды; 

- әр бөлік бойынша жоспар құрады. 

 

 

Қазақтың  М.  Әуезов  атындағы  Академиялық  драма  театры  көрермендерге  



толы.  Республикалық  эстрада  студиясын  бітірушілер  бүгін  осында  өнер 

көрсетпек,  соңғы  сыннан  өтпек.  Алдыңғы  жақтағы  ұзын  стол  жанында 

мемлекеттік комиссия мүшелері.  

-  «Мавритан  биі».  Орындайтын  Гүлжан  Талпақова!  -  деп  хабарланды.  Мың 

бұралған  қыз  еркін  билеп  жүр.  Сахнадағы  сиқырлы  би  құдіретінің  құшағына 

оранғандай  көрермен  жұрт  тым-тырыс.  Би  аяқталған  соң  сахна  сыртына 

шыққан  Гүлжанның  бірінші  көргені  аяулы  ұстазы,  осы  биді  қойған 

балетмейстер  Элеонора  Николаевна  Грикурова  болды.  Жүзінде  күлкі,  көзінде 

жас. Қуаныш жасы.  

- Жарайсың! - деп шәкіртінің бетінен сүйді. 

 


ІІІ ТОҚСАН 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 

Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 

 

Оқу мақсаты 

4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір 

тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын 

анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру 



Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап  

     береді 

 

Шығарманың мазмұнына қатысты нақтылау 



     сұрақтарын қояды 

 

Ойлау 



дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда және сұрақтарға жауап бер. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар құрастыр. 



 

Иә 

Жоқ 

 

 



 

 

 



 

Жұбыңның қойған сұрақтарына себебін түсіндіре отырып, жазбаша толық жауап 



бер. 

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

- мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады; 

- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді. 

 

 



 

Қыс  бойы  қора-қопсының  айналасында  жатып  әбден  кірлеген  сүрі  қар 

көктемге  қарай  ериді.  Ауланың  маңы  лайсаңға  айналады.  Оның  үстіне  дәл  осы 

кезде  ауа  райы  да  құбылмалы,  бұзылғыш  келеді.  Ауық-ауық  соқыр  тұман  басып, 

біресе  сыбырлап,  біресе  нөсерлеп  дегендей,  жаңбыр  да  жиі  жауады.  Кейде,  тіпті, 

арты  қарға  айналып  барып  ашылады.  Содан  соң  күн  жылынып,  жер  бусанады. 

Ауада майда сағым пайда болады. Ағаштар бөртіп, бүр шығарады. Жер бетіне көк 

шыға  бастайды.  Жан-жануардың  арқасы  кеңіп,  жәндіктерге  де  жан  бітіп,  құрт-

құмырсқа қыбырлай бастайды. 

 

 



Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау 

Оқу мақсаты 

4.1.2.1* Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін  

(І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,  

оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы  

қысқаша, толық,  ішінара мазмұндау 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет