Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінді баяндау тәсілін өзгерте отырып,
қысқаша/ толық/ішінара мазмұндайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Мәтіннің мазмұнын ІІІ жаққа өзгертіп, қысқаша мазмұнда.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын ІІІ жақта қысқаша баяндайды;
- сөздік қорының молдығын, тіл байлығын көрсетеді;
- тақырыптан ауытқымай, тыңдаған мәтін ізімен әңгімелейді.
Бүлдірген тере барғанда
Біздің жақта көк бүлдірген сайда болады. Жартастардың астына, яки
бұлақ суының бойына шығады. Жылда бүлдірген піскенде, сайға атпен әдейі
келіп, бүлдірген теріп қайтамыз.
Бүгін де Сөрелі сайдағы бүлдіргеннің қалың шығатын жеріне келсек,
тұнып тұр екен. Жанымда өзіммен бірге оқитын Рақтай деген жолдасым бар.
Сол екі арада қалың бүлдіргеннің арғы шетінен бір елік шыға келді. «Елік,
елік» - деп айқай салдық. Сөйтіп, мәз болып тұр едік, іле-шала дәл әлгі жерден
еліктің лағы шыққаны. Ол жүгіріп барып, көп ұзамай қалың шөптің арасына
кіріп кетті. Шөптің басы бес-алты метр жер қимылдап барып тына қалды.
Екеуіміз бір сәт аңқиып тұрып қалдық та, аттарды тастай салып, жүгіріп сол
жерге келдік. Рақтай еліктің лағы алғашқы кірген жерден іздей бастады. Мен
жүгіріп шөп қимылының тоқтаған жеріне келсем, еліктің баласы жермен-
жексен болып, құлағын жымқырып, бүк түсіп жатыр. Бас салып ұстай алдым.
Еліктің лағы аянышты дауыспен бақырып жіберді.
Рақтайға қарап едім, өзі таба алмай қалғанына өкінгендей боп тұр.
Соны білдім де, лақты оған ұстата салдым. Рақтай менің қолымнан ала
бергенде, еліктің лағы тағы бақырды. Осы дауысты естіп, аналық елік тұрған
орнынан бізге қарай жақындай түсті.
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты
4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі
негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін
түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбы мен соңғы бөлімі бойынша
оқиғаны болжайды және негіздейді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің басын және қорытынды бөлімін мұқият тыңда.
Бұл мәтіннің ортаңғы бөлімінде қандай оқиға болуы мүмкін? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- ертегідегі оқиғаның дамуына болжам жасайды;
- өз болжамына мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, негіздейді;
- ертегінің эпизодтары/үзінділері арасындағы байланысты сақтайды.
Бұлбұл мен Емен
(ертегі)
Ерте, ерте, ертеде бұлбұл жасыл желегі жайқалған бақта сазды әуенімен
төңіректі тербетіп, емін-еркін күй кешіпті. Бұлбұл көктемнің әрбір тұнық
таңында үздіге ән салып, жеміс ағаштарының тынысты кеңіткен хош иісті
гүлдерінің арасында жаннат өмірінің рахатына шомылып жүреді.
Бақтан шеткеріректе алып емен өсіп тұрған екен. Емен бұлбұлдың әніне
ұйып, міз бақпай, бірқалыпты өсе беріпті. Өр мінезді еменнің тәкаппарлығына
алғашқыда бұлбұл ренжіп қалады. «Бір өзінің айдалада жалғыз өскені несі?»,
«Жалғыз ағаш орман емес» деген сөздің жаны бар ғой»,- деп, еменге өз ойын
жасырмай айтады.
Бұны естіген емен қапаланған жоқ.
– Бұлбұл, – деді емен, – осы тақылеттес сөздерді бір бүгін естіп жүрген
жоқпын. Бірақ жалғыз өссем де, жалғыз-жарым жолаушыға күн қақты кезде
көлеңке, көк қырау шақта ықтасын боламын...
.....
.....
– Емен, сен менің өмірімді сақтап қалдың. Бұл жақсылығыңды еш
ұмытпаспын. Сенің арқаңда өмірге қайта келгендей болдым. Сен айдалада
жалғыз өссең де, желдің өтінде тұрып, маған қорған бола алдың. Тамырың тым
тереңде екен. Мың жыл жасайтындығыңа күмәнім жоқ. Тек беймезгіл келген
балташының жалаңдаған балтасынан тәңірім сақтасын. Сол үшін қабығың
қатты болсын, – депті.
Содан бері еменнің қабығы қатты, балта өтпестей мығым болыпты.
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты
4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең
жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді
және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөйлеу барысында өлең жолдарын/нақыл
сөздерді қолданады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Мәтінге сәйкес нақыл сөзді қолданып, мазмұнын айт.
1) Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі.
2) Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе.
3)
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты,
жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге сәйкес нақыл сөзді табады;
- әңгімелеуде нақыл сөзді қолданады.
Қайыңның көз жасы
Қапан әдемі өсіп тұрған қайыңның бұтағын сындырып алды. Сосын «атына»
мінді де, ауыл шетіне қарай «шаба» жөнелді. Мұны көрші қария көріп отырды.
Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылағанын байқады. Ол қарияға:
- Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр? – деді.
- Су емес. Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Сондықтан жылап
тұр.
Ұялған Қапан қызарып кетті.
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
Оқу мақсаты
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар,
көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану,
презентация, видеоролик жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әңгімелеу барысында иллюстрациялар, суреттер
қолданады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретті қолданып, қоршаған орта туралы әңгіме құрап айт. Мәтінге ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырады;
- әңгімелеуде тақырыпты ашады;
- тілдің ырғақты-интонациялық жағын қолданады;
- мәтінге сәйкес тақырып қояды.
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты
4.2.1.2*Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп
алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты
тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын
тұрғысынан бағалап оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннен қажетті ақпараттарды тауып оқиды
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Мәтіннен ауа райын сипаттайтын сөйлемдерді белгілеп оқы.
Мәтінде қандай жануарлар туралы айтылған? Жаз.
Аңшы таутекені неліктен атпады? Жауабын мәтіннен тауып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- ақпаратты тауып, белгі қояды;
- тиісті ақпаратты тауып жазады.
Жарқыраған ашық күн болатын. Төңірек құлаққа ұрған танадай тып-тыныш.
Тау, тас, өсімдіктердің бәрі аңшының қимылын бағып, үнсіз тынып қалған
тәрізді.
Аңшы ентігін басып, ақырын жүріп, етек жаққа көз жіберді. Жылғадағы
қараған ішінде жатқан таутекенің серейген ұзын мүйізі көзіне шалынды. Мерген
қос мүйізді қарауылға алды. Осы кезде тынық ауаны шыр ете қалған құс даусы
бұзды.
Аңшы жартас жиегінен екі-үш метрдей ғана биікте жанын қоярға жер таппай
шырылдаған бозторғайды көрді. Ұзындығы бір құлаш қара шұбар жылан биікке
өрмелеп шығып барады екен. Аңшы жыланның алдындағы жиектен
бозторғайдың ұясын көрді. Оның балапандарын қорғап жүргені белгілі болды.
Жыланның басы жиекке шыға бергенде, аңшы мылтықтың шүріппесін басып
қалды. Жылан иіріле умақ-шумақ болып, құлап бара жатты. Таутеке де қияға
қарай қаша жөнелді. Ұшты-күйлі жоғала қалған бозторғай да қараған ішінен лып
етіп жоғары көтерілді. Аңшы соған қарап аз тұрды да, тау шатқалына қарай
аяңдап кете берді. Балапандары аман қалған бозторғай балаларына тамақ таси
бастады.
Аңшы бозторғайдың балапандарын қорғап қалғаны үшін өзіне-өзі риза
болды.
Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға
және бағалауға негізделген сұрақтар қою және
жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін бойынша түсіндіру/ бағалаусұрақтарын
құрастырады және жауап береді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы.
Мәтіннің мазмұны бойынша бағалауға бағытталған бір сұрақ құрастыр және
жауап бер.
Сұрақ
Жауап
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
- қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Ерланның атасы түстен кейін ауырып қалды. Ауа райы күрт өзгерді. Күн
суыта бастады. Ерланның әкесі мен шешесі жұмыста. Үй іші суыта бастаған соң,
пешке от жағатын отын жару керек болды.
Ерлан қалыңдау киініп, сыртқа шықты. Есік алдына шығып, аспанға қарап
біраз тұрды. Жапалақтап қар жауа бастады. Ерлан қойма ішінен балта тауып
алды. Қысқа кесілген ағаштың біреуін алып, балтаны сілтеп қалды. Ағаш екіге
бөлінді. Екіге бөлінген ағашты тағы да жарды. Ол бірте-бірте ағаштарды жаруға
әбден машықтанып алды.
Оң аяғы қақсап ауырған соң атасы жаюлы төсекке жата салған еді. Көзі
ілініп кетіпті. Бір уақытта көзін ашса, күн кешкіріп қалған екен. Үйде Ерлан жоқ.
Сырттан тарсылдаған дыбыс естіледі. Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа
көз тастады. Ерлан ағаш жарып жүр екен. Ол жан-жағына мүлдем қарар емес.
Үстіндегі пальтосын шешкен, қолында балта. Ағашты асықпай қояды. Балтаны
төбесінен асыра көтеріп, төмен қарай сілтейді. Кепкен ағаш қақ бөлінеді.
Атасы Ерланның қолғанат болғанына қатты қуанды.
Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау
Оқу мақсаты
4.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың
композициялық
құрылымын
(сюжеттің
басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі,
шешімі) анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықта. Әр бөліктерінің
алдына
таңбасын қой.
Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы
- оқиғаның басталған бөлігін анықтайды;
- оқиғаның дамуы сипатталған бөлікті анықтайды;
- оқиғаның шиеленісуін көрсететін бөлікті анықтайды;
- оқиғаның шешімін анықтайды;
-мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.
Қабақтағы қия жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан
еді. Ол кенеттен жүрісін бәсеңдетіп, құстың иісін сезгендей-ақ бұға бастады. Мен
қалың бұтаның арасындағы алаңқайға көз тіктім. Торғайдың ақ үрпек балапаны
екен. Ол ұясынан құлап түсіпті. Жел жол жағалауындағы ағаштардың
бұтағындағы жапырақты тербеп тұрған. Ит балапанға жақындай бергенде,
шырылдаған дәрменсіз үлкен торғай иттің алдына келіп қонды. Байғұстың зәресі
ұшып, түсі бұзылып кеткен. Жүнін үрпитіп, қарсылық көрсеткісі келетін сияқты.
Иттің арандай ашылған аузына, ақсиған тістеріне қарай тап-тап береді. Титтей
денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Балапанын денесімен
бүркемек болып, өзін-өзі құрбандыққа шалудан тайынар емес. Мүмкін, оның
көзіне ит қорқынышты тажал ретінде көрінген шығар. Балапанына қауіп
төнгенде торғай бас сауғалап бұтақта жайбарақат отырған жоқ. Оны балапанын
қорғау қажеттігі деген үлкен күш жерге ұшырып түсірді. Менің итім төбеге
ұрғандай тоқтап қалды. Ол керемет күшті мойындаған сияқты. Итімді
мазасыздана өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың аналық жүрегінің
құдіреті мені таң қалдырды.
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты
4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер
1) Түлкінің ашығуына не себеп болды?
2) Түлкінің қу аң екенін қай әрекетінен байқауға болады? Мәтіннен тауып белгіле.
3) Түлкінің іс-әрекеті туралы не айтасың? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- түлкінің ашығу себебін сипаттайды;
- түлкінің қулық жасаған әрекетін мәтіннен тауып жазады;
-түлкінің іс-әрекетіне қатысты пікірін айтады және негіздейді.
Қыстың қақаған аязы. Қою түскен қалың қар жәндік біткенді жатқан
індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкінің құлағына тауықтардың даусы
естілді. Оңай олжа алыс емес сияқты.
Мынау оқшау қорадан тауық иісі ап-анық сезіліп тұр. Қораның маңында
иттің жоқтығы түлкіні қатты қуантты. Ол үйілген пішенмен өрмелей отырып,
қораның төбесіне шықты. Қораның төбесін қазды да, ішке оп-оңай секіріп түсті.
Қақтығысып, топырласқан тауықтар түлкінің тырнағы мен тісіне оп-оңай ілініп
жатты. Тойған түлкі сыртқа қайта шықпақшы болды. Қанша секірсе де төбедегі
өзі түскен саңылауға бойы жетпеді. Адамның иісі мен сыбдырын сезген қу түлкі
есікке таяу жерге өлген сияқты болып жата кетті.
Айша шешей қораның есігін ашты. Қоқиып өліп жатқан түлкіні көріп
таңқалды. Тауықтарын санап еді, төрт тауық жетпейді. Оларды осы түлкі жеген
екен. Айша шешей немересін шақырмақшы болып бұрыла бергенде, аяғының
астынан түлкі ата жөнелді. Оның бұлаң еткен құйрығын ғана көріп қалды.
Ол өз көзіне өзі сенбей, түлкінің әрекетіне таңқалды.
Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Оқу мақсаты
4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды
(теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу)
табу және оларды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннен теңеу/ кейіптеу/ эпитет сөздерді
анықтайды
Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін оқы.
Мәтіннен эпитет сөздерді тауып жаз.
Эпитет сөздерді қолданып, екі сөйлем жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен эпитет сөздерді анықтайды;
- эпитет сөздерді қолданып, сөйлем құрайды.
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Міне, тағы да күз келіп жетті.
«Жомарт күз», «Береген күз», «Алтын күз» деп жылдың осы тамаша мерзіміне
қастерлеп тағылмаған ат бар ма?! Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-
жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?!
Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды
музыкант бар ма?! Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай соқырлардың
болуы мүмкін емес.
Күз келгенін далада телегей-теңіз астық дариясының сары ала тартқан
дидарына қарап білесің.
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты
4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,
өңдеу және тұжырым жасау және себеп-
салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дереккөздерден қажетті ақпараттарды іріктейді
Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Түрлі дереккөздерді пайдаланып, қардың қалай пайда болатынын анықта.
Қардың пайда болу себебін түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- дереккөздерден қажетті ақпаратты іріктейді;
- ақпарат негізінде қорытынды жасайды.
Алғашқы қар
Ботакөз ерте тұрды. Қардың жауатын кезі болса да, аспаннан ақ ұлпа түспей-
ақ қойды. Қараша айы аяқталып, желтоқсанның бірінші аптасы да аяқталуға тақау.
Қар жоқ. Ботакөз алғашқы қарды асыға күтті. Сырттан үйге кірген әжесі:
– Қар жауады-ау деймін. Аспаннан ақ ұлпалар түсе бастады – деді.
Ботакөз терезе сыртына көз салды. Дала қараңғы. Электр жарығы жарқырап
тұрған тұста баданадай аппақ қарлар жерге асыға төгілуде.
Ботакөз қыстың әсем көрінісіне қадалып, ұзақ қарады. Далаға шығып, бірер мәрте
аппақ қарларға алақанын тосып, мәз болды.
– Әже, қараңызшы, аппақ қар! Жау, жау, аппақ қар!
Айнала ақ қар. Аппақ әлем. Алғашқы қар. Ботакөз мектепке қанат байлап ұшып
келгендей, өзін сергек сезінді.
|