Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап,
оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып,
жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
Мәтінге ат қойып, жоспар құрады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөлікті қоршап сыз.
Әр бөлікке ат қойып, жоспар құр.
Тақырып
Жоспар
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке тақырып қояды;
- әр бөлік бойынша жоспар құрады.
Жел Нұрмағамбеттің алдынан еді. Мұрнына өрт иісі келген ол қалың қарағайдың
арасынан жоғары қарап еді, қою қара түтін аспанға будақтала көтеріліп, бұлтқа
ұштасып тұр екен. Өрт шығады деген күдігі жоқ ол ішінен «күлін сабынға алуға
жаққан алабота болар» деп ойлады. Сол кезде жел қатайып, алдынан жаңбыр келе
жатқанын көрген бала ауылға тез жету үшін тайын тебінді. Шаршаған тай жортып
кете қоймай, тақымында бұлтыңдай берді. Жаңбыр да жетті, жылдам жүрмеуіне
ренжігенмен, әлі қылауы түспеген, қызығы басылмаған тайын сабамады. Өртенген
ауылды көргенде баланың зәресі ұшып кетті. Теп-тегіс жанып жатқан ауыл. Бірақ
жан да, мал да жоқ... Ауыл тып-типыл. Күйген қоралардың, үйлердің
қабырғалары, төбелері опырыла құлап жатыр. Әлгіде қатты құйған жаңбыр, қазір
бәсеңдеу, бірақ өрт сөнер емес, қайта май құйғандай өршелене береді. Қорқудан
ба, қою қара түтіннен бе, баланың тынысы тарылып, өкпесі алқымына тығылды.
Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты
4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан
бағалау және лексикалық, орфографиялық,
пунктуациялық қателерді тауып түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
Құрылымы қате берілген мәтінді қалыптастырып жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген мәтіндегі сөйлемдердің ретін анықтап, үстіне сандармен жазып көрсет.
Мәтінді қайта қалыптастырып, қатесіз көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің ретін анықтайды;
-каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып, қатесіз
жазады.
Қайрат жазғы демалыста ауылға барды. Атасы қырғауылды қолына алып
қарады. Атасына шөп шабуға көмектесіп жүрді. Бір күні оның алдынан пыр етіп
қырғауыл ұшты да, қайта қонды. Ол қуалап жүріп ұстап алды.
Аяғы сынған екен. Қырғауыл ақсаңдай басып барады Қалтасынан қол орамалын
алып жыртты да, қырғауылдың аяғын таңып, ұшырып жіберді. Соңында
балапандары шұбырып жүр.
ІV ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты
4.1.2.1* Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І
немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша, толық, ішінара мазмұндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Оқиғаларды өрбітіп, мәтінді толықтырып
әңгімелейді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Ғарыш туралы тағы не білесің? Тыңдаған мәтінді толықтырып әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді толықтырып әңгімелейді;
- сөздік қордың молдығын, тіл байлығын көрсетеді;
- тақырыптан ауытқымай, тыңдаған мәтін ізімен әңгімелейді.
Ғарыш әлемі кең-байтақ. Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.
Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты. Ерте кезден-ақ грек ғалымдары
ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған. Олардың ғарышқа саяхат жасағысы
келгендерін осыдан байқауға болады. Ең алғаш ғарышқа саяхатты ағылшындар
бастаған болатын. Міне, содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп
келеді.
Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар. Мен оны Қазақстанды
ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын. Өйткені, барлық
зымырандар саяхатының бастауын осы жерде алады.
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты
4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең
жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді
және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөйлеу барысында өлең жолдарын/нақыл сөздерді
қолданады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен баянда. Сөйлеу барысында өлең жолдарын, нақыл
сөздерді қолдан.
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңді өз сөзімен мазмұндайды;
-сөйлеу барысында өлең жолдарын, нақыл сөздерді қолданады.
Жер - анаға оралу
Түсімде емес өңімде
Қайтатын болдым еліме.
Ғарыштық жолдың жоспарын,
Айқындап берді достарым.
Сиятын еркін үш адам
Табаққа тұрқы ұқсаған
Ұшпағын берді ғалымдар,
-Ұшыңдар!
Жерге барыңдар.
Достарға сәтте қайтатын
Алғысым көп-ақ айтатын:
-Аман бол, тасты қыр, дала,
Аман бол, шарлы, нұр қала
Аман бар,
Қанат, жеріңе,
Ардақты туған еліңе
Жер – анам, панам, бармысың,
Қандасым, адам, армысың?!
Өмірімді саған арнадым,
Өтелді менің арманым!
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты
4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды
анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен
келтіре отырып дәлелдеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақал-мәтелді белгіле. Автордың айтайын
деген негізгі ойы қандай екенін түсіндір.
Мәтінге тақырып қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- автордың көзқарасын түсіндіреді;
- мәтінге тақырып қояды.
Кішілік пен кісілік – ұлылықтың
белгісі
Жасанды кішіпейілділік – жақсы
қасиет емес.
Жаны жайсаң жақсы адамдармен жақын жүргенге не жетсін! Ондайлармен
жүздесіп, бірге жүрудің өзі мерейіңді өсіреді, көңіліңді көтереді.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіровпен бір
сәт жүздесе қалса, кім-кімнің де осындай жақсы ойда болары сөзсіз. Өйткені
қазақтың атағын төрткүл дүниеге танытқан Тоқтар Оңғарбайұлының өн бойынан
батырлықпен бірге кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, үлкен адамгершілікті
аңғару қиын емес. Ол кісінің балаша аңқылдаған ақ жүрегін айтсаңшы.
Иә, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы баспасөз бетінде
аз жазылған жоқ. Аты аңызға айналған оны бесіктегі баладан бастап, еңкейген
кәріге дейін жақсы біледі.
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты
4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Аңызды түсініп оқы.
Мәтіннен төменде берілген сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді тауып, теріп
жаз.
1) Аңызда кейіпкердің ойы қалай сипатталады?
2) Кейіпкердің өз елінен алысқа кетуінің себебі неде?
Кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты сен не айтар едің? Жұпта ойыңмен бөліс.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды;
-мәтін кейіпкеріне қатысты пікірін айтады және негіздейді.
Аңызда Шолпан мейлінше сұлу, емші қыз болып айтылады. Ол бар ғұмырын
ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге
аспай қалады. Өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып,
ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды.
Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген
қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп,таң
қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны
«Шолпан жұлдызы» деп атап кетеді.
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты
4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,
өңдеу және тұжырым жасау және себеп-
салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтіннен өзге ғаламшарлықты сипаттайтын ақпараттарды теріп жаз.
Басқа дереккөздерден өзге ғаламшарлықтар туралы ақпараттар жинақта.
Жинақталған ақпараттардың мәтіндегі ақпаратпен байланысын анықтап,
сызбаға түсір.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды;
- дереккөздерден тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
- ақпараттардың байланысын сызба түрінде бейнелеп көрсетеді.
Мен көзімді аштым. Маңайдың бәрі бұлдырап әзер көрінеді.
– Қайдамын?
– Маған не болды?
Кенет жүрегім лүпілдеп, жиі соға жөнелді. Маған баданадай үлкен көз
тесіле қарап тұр. Оның өткір жанары тұла бойымнан өтіп, мидағы ой
тізбектерін жатқа оқып тұрғандай. Одан құтылар емеспін. Ол өзінің
тұңғиығына баурап әкетіп барады, әкетіп барады.
Мүмкін мұның бәрі түс шығар? Жоқ! Мен көзімді жұмдым. Әлгі көз
қимылымның бәрін бұлжытпай орындады. Қорқып кеттім. Соңғы күндері
болған оқиғалардың бәрі көз алдымнан құйындай жүйткіп өте шықты. Мен
жоқпын. Мен енді сөйлей алмаймын. Тек ойлаған ойымды, көргенім мен
білгенімді бұрыштағы сопақтау келген «Тіл» деп аталатын электрондық
машина жазып жатыр, жазып жатыр.
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап,
оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар
құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
Мәтінге ат қойып, жоспар құрады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ертегіні түсініп оқы. Ертегінің бөліктерін анықтап, әр бөліктің алдына Z таңбасын қой.
Ертегінің бөліктерін анықтап, әр бөліктің алдына Z таңбасын қой.
Әр бөлікке ат қойып, жоспар құр.
Тақырып
Жоспар
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- әр бөлікке сәйкес тақырып қояды;
- әр бөлік бойынша жоспар құрады.
Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші Айдың бой тұрқын өлшеп
алады да, көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға
келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
–Иә, мен қателескен екенмін, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта
тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы
келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалады. Айдың толыса
беретінін түсінбеген тігінші:
—Иә, мен тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - деп ойлайды. Сонымен қайта
өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Бірде тігінші киіз үйдің түндігінен
өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен, топ-толық Айдың көйлегін алуға келе
жатқанын көреді. Сасқалақтаған тігінші не істерін білмей, басы ауған жаққа қаша
жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп, тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті Ай
көйлексіз жалаңаш қалыпты дейді.
Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
Оқу мақсаты
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа
сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінді жаңа кейіпкерлер/ оқиғалар қосу арқылы
өрбітіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді оқы. Берілген суреттер мен мәтінге сүйеніп, ғарышкер/ғарышкерлер туралы тақырыпқа
4 немесе 5 жолды өлең құрастырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес өлең құрастырады;
- өлең жолдарының ұйқасын/құрылымын сақтайды;
- орфографиялық нормаларды сақтап жазады.
Аспанға ұшу – адамдардың арманы. Адамдар аспанда ұшудың әртүрлі
жолдарын ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болды. Осыдан 5 ғасыр
бұрын италиялық өнертапқыш Леонардо да Винчи аппарат ойлап тапқан. Ол -
қазіргі тікұшақтың ата-тегі.
1903 жылы 17 желтоқсанда ағайынды Уилбер мен Орвилл Райттар
керосинмен жұмыс істейтін ұшақ шығарды. Осы күн авиацияның туған күні
болып есептеледі. Кейіннен ұшақ, тікұшақ пайда болды.
Ғарышқа алғаш рет Лайка, Белка, Стрелка атты иттер ұшты. Оларға арнайы
киімдер тігілді. Көп жаттығулар жүргізілді. Олар жерге аман-есен оралғаннан
кейін, ғалымдар ғарышқа адамдардың да ұша алатынын білді.
Бөлімше 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба,
диафильм, презентация түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Шығарманың мазмұнын бейнелеп
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Өлең мазмұнына сүйеніп, «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет сал.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес сурет салады;
- өлең эпизодтарын қамтиды.
Ұшып келем, ұшып келем көгімде,
Ұшып келем, мөлдір аспан төрінде,
Көкте жүріп қызығамын Жердегі
Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге,
Анау менің асу-асу белдерім.
Асқар-ала тауларым мен көлдерім.
Туған жерден қанша биік ұшсам да,
Көз алдымда тұрады ылғи ол менің.
Туған жердің құдіретті күшімен
Жаңа ғана, жаңа ғана ұшып ем,
Қазір міне, келемін мен зымырап,
Аппақ-аппақ жұлдыздардың ішімен.
Осы бір сәт жарқырайды жанар да,
Жұлдыз болып көрінемін ғаламға.
Жердегі адам, жерде жанған алау от
Жұлдыз болып көрінеді маған да!
Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты
4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан
бағалау
және
лексикалық,
орфографиялық,
пунктуациялық қателерді тауып түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
Шығарманың құрылымын жетілдіріп жазады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аңыз әңгімені түсініп оқы.
Жетіқарақшы туралы не білесің? Өзің білетін деректер мен суретке сүйеніп,
Жетіқарақшы жұлдызы туралы берілген аңызды қайта өңдеп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген мәтіннің негізінде аңызды қайта өңдеп жазады;
-сөйлемнің құрылымын сақтайды;
-жеткілікті сөздік қорын көрсетеді;
-орфографиялық нормаларға сай жазады;
-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Аңыз бойынша Ақбозат пен Көкбозат – Темірқазыққа байланған жылқылар.
Жетіқарақшы – оларды түні бойы аңдып, соңдарынан қалмай жүрген ұрылар. Күн–
күзетші. Күн шыға келеді де, ұрыларды қуып тастайды. Алайда ұрылар түн жамыла
қайта «іске» кіріседі. Тағы бір аңызда қарақшылар Үркердің бір қызын алып
қашпақшы болады. Олар түнімен біртіндеп жақындап, енді бау тағарда таң атып,
жұлдыздар ғайып болады екен. Сөйтіп, олардың жымысқы әрекеттері жүзеге
аспайтын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |