«Әдемі гүлдер» Ойынның тәрбиелік мәні



Дата30.01.2022
өлшемі17,89 Kb.
#116099
Байланысты:
Әдемі гүлдер


«Әдемі гүлдер»

Ойынның тәрбиелік мәні . Әдемі гүлдердің суретін салуды , бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгертуді үйрету. Қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру. Гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңстікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру.

Қажетті көрнекіліктер. Әдемі гүлдер суреттері, натюрморт, ашықхаттар (открыткалар). Гүлдердің ерешелігіне байланысты құрылсын ашатын ұсақ қиындылар. Құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет. Тақта, мольберт немесе фланеограф.

Ойын ережесі.

  1. Гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер тандау.

  2. Түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, құрылым жасау.

  3. Гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, әсемдікті әсерлеу.

Ойынға басшылық.  Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан әсемдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады. Гүлдердің әдемі суреттерін, ашықхаттарды, шоқ гүлдерді, гүлмен безендірілген сәндік суреттерді қарап, әңгімелейді. Балалардың қандай гүлдерді ұнататынын, аттарын сұрап, түсіне, күлте жапырақшаларының ерекшелігіне тоқталады. Мысалы, түймедағын жасағысы келсе, басы доғал, ұзынша келген жапырақтар, ортасына сары түсті дөңгелек, жасыл жіңішке жолақтан сабағы және жапырағын тандап алу керектігін өздері ойлап тауып, әрекет етуін бағыттайды. Сүйір, ұзынша жапырақтардан ақ түсті болса бәйшешек, сарықызыл түсті болса лилия гүлдерін құрап жасауға болады. Ұсақ қоңыраушалардан інжугүл ұзынша үшбұрыштарды төңкере орналастыру арқылы қалампыр жалпақтау, шеті дөңгеленіп келген жапырақтардан қызғалдақ, жауқазын, т.б. гүлдердің түрін құрап, тақтада әсем компазиция («Далада гүлдері» немесе «Жайқалған гүлді өлке» т.б.) жасау ұжымдық жұмысөа біріктіреді.

Балалар жұмысын қарап, талдау кезінде көркем сөз қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет