МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Морфологиялық талдау әдісін швейцар астрономы Ф. Цвикки ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары ойлап шығарған. Оның прообразы «Арс Магна» болып табылады. Ерте орта ғасырда (1235–1315 жж.) атақты испан ғалымы Раймонд Луллияның («Данышпан өнері»), «Данышпан өнердің» басты ойы, әрбір білімнің құрылымы түсінігінің түпкілігін анықтау. Бұл ұғымды біріктіру арқылы өмір жайлы барлық білімді анықтауға мүмкіндік туады.
Бұл әдістің мақсаты: мәселені шешу барысында барлық мүмкіндіктермен нұсқаларды айқындау, іріктеу кезінде жіберілген қателіктерді анықтау.
Әдетте морфологиялық талдау жасау үшін морфологиялық жәшік құрылады, яғни көп өлшемді кесте. Белағаш ретінде объектінің негізгі мінездемесі қарастырылып, мүмкін болатын нұсқаулары әрбір белағаш бойы жазылады. Мысалы: бізге доппен ойнайтын жаңа ойын ойлап шығару керек. Ол үшін морфологиялық жәшікті қолданамыз. Алдымен компоненттің негізгі мінездемесін анықтап, мүмкін болатын нұсқауын қарастыру:
А – доппен дененің қай мүшесімен ойнауға болады?
1 А – қолмен
2 А – баспен
3 А – аяқпен
4 А – денемен
В – доп қандай болуы мүмкін?
1 В – резеңкеден жасалған
2 В – пластмассадан жасалған
3 В – ағаштан жасалған
4 В – әуе шары
С – допты немен соғуға болады?
1 С – клюшкамен
2 С – таяқпен
3 С – ракеткамен
4 С – дене мүшесімен
Содан соң морфологиялық жәшік құрастыру керек:
1 А, 2 А, 3 А, 4 А
1 В, 2 В, 3 В, 4 В
1 С, 2 С, 3 С, 4 С
Құрастырылған жәшіктен элементтер тіркесін шығарып алу.
Мысалы: 1 А, 1 В, 1 С;
1 А, 1 В, 2 С;
1 А, 1 В, 3 С т. б.
Морфологиялық жәшік нұсқасының жалпы саны, белағаштағы элементтерінің санына тең. Бұл жерде 4*4*4* = 64 нұсқа.
Алған деректер қаралып өңделеді. Ең сәтті нұсқалар іріктелініп алынады.
Морфологиялық талдау көрнекі және жүйелі түрде өту үшін қандай да болмасын затты жетілдіру мақсатында балалармен алдын ала кесте сызып қоюға болады, ал сөздің орнына балалар өздері ойлап тапқан заттың тиісті қасиетін білдіретін символды қолданады.
Мектепке дейінгі мекемеде морфологиялық жәшікпен жұмыс істеген кезде фланелеграф қолданған тиімді. Мысалы, балалармен шығармашылық қиялдарын дамыту жұмыстарын жүргізу барысында «Фантастикалық жануар» ойынын ойнауға болады, оның түп мақсатында морфологиялық жәшікпен әрекет жасау жатыр. Кестенің тігінен бір жануардың дене мүшелері орналасқан (басы, денесі, аяқтары, құйрығы), ал көлбеуінен түрлі аңдардың, құстар, балықтардың аттас бөліктері орналасады. Мысалы: бірінші көлбеу жолда попугай, ат, балық, маймылдың бастары орналасады. Екіншісінде – попугай, ат, балық, маймылдың денелері. Үшіншісінде – осы жануарлардың аяқтары. Төртіншісінде – аңдардың құйрықтары. Дене мүшелерінің суреттері салынбайды, дайын күйінде үлкен фланелеграфқа ретімен қойылады.
Балаларға алдымен жануардың басын, содан соң денесін таңдап алу ұсынылады... (Бір жануардың екі дене мүшесін алуға болмайды). «Фантастикалық» жануар бөлік кішкентай фланелеграфқа құрастырылады. Жануар «құрылғаннан» кейін, оған ат қойылып, қай жерде мекендейтіні және немен қоректеніп, балаларын қалай өсіретіні ойланылады. Тіл дамыту сабағы аяқталғаннан кейін, бұл жануардың суретін салып, мүсінін жасап, ойын ойнауға шақыру.
Нұсқа ретінде морфологиялық жәшік сызбасынан басқа «Луллия шеңбері» («Луллия сақиналарын») қолдануға болады. Бұл шеңберлерді қиындықсыз өзімізге істеуге болады.
Картон қағаздан диаметрі әртүрлі бірнеше шеңбер қиып алынады (мысалға – төртеу). Барлық шеңберлер 6 секторға бөлінеді (сектордың санын ауыстыруға болды, бірақ барлық шеңберлерде олардың саны бірдей болу керек). Алға қойған міндетпен әр шеңбердің секторлары толтырылады. Мысалы, жаңа мақта кеудеше түрін ойлап табу. Ең үлкен шеңбердің секторлары түсті бейнелейді: ақ, қара, жасыл, қызғылт, көк, сары. Екінші кішірек шеңбер секторларына мақта кеудешенің арнауы: жұмысқа киетін, спорттық, серуенге киетін, қонаққа киетін, ұлдар киетін, қыздар киетін. Үшінші шеңберге кеудешенің: көлемі, ауқымы, пішіні: кең, ұзын, тар, қысқа, жұқа, қалың. Төртінші ең кішкентай шеңберде мақта кеудеше қандай материалдан жасалатыны көрсетіледі: мақта, бұшпақ, болонь, клеенка, брезент, капрон.
Шеңбер желіге (шеге, түйреуіш) тізбектеледі. Қолдануға ыңғайлы болу үшін өзекке тіл – көрсеткіш орнатылады. Шеңбер кезекпен айналып отырады, ең үлкеннен немесе ең кішкентайдан. Тіл – көрсеткіш мүмкін нұсқауды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |