Шешім: вариативтік компонент жұмысы жандандырылсын.
3.Тыңдалды: Дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді дамыту
Сөйледі: тәрбиеші С.Акишова мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік, тұлғалық, эмоциялық дамуы жүзеге аса бастайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақталған, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру.
Пәндік -дамытушы орта-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.
Қоғамның қазіргі сұранысына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жас бөбекжай топтарға деген сұраныс артып келеді.Бұл сұранысты қамтамасыз ету дәстүрлі әдістер арқылы ғана емес, сондай-ақ заманауи тұжырымдамаларды қолдана отырып жүзеге асырылады. Ерте жастағы балаларды дамытуда пәндік-дамытушы орта маңызды фактор болып табылады. Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет. Ерте жастағы балалар тобында пәндік-дамытушы ортаны құру баланың толыққанды дамуы үшін, жетекші іс-әрекет түрлерін танымдық және нәтижелі іс-әрекет, заттық және сюжетті-бейнелі ойындарды іске асыру үшін қажетті жағдай болып табылады. Ерте жастағы балалардың режимдік процестер мен ұйымдастырылған оқу қызметінен бос уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін.Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар, бақылаулар, кітаптармен суреттер қарау, танымдық әрекеттер, бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері,ересектердің тапсырмаларын орындау. Мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады,-дейді.