Тақпақтар «Бес» Қарсы алғанда мамасы,
Мектебінен Қошайды,
«Бес алған-ау шамасы,
Бес саусағы шошайды»
Математикалық фокус: «Ойлаған санды табу»
Сан ойла.Оны екі еселеп,5-ті қос.5-ке көбейт.10-ды қосып,10-ға көбейт. Нәтижең қанша?Ойлаған санды табамын.Мысалы:9*2=18+5=23*5=115+10=125*10=1250
Лезде қосу. Тақтаға сіздермен кезектесіп,бірінің астына бірі жазылған, цифрлар саны бірдей үш сан жазамыз.Мен жауабын бірден айтамын. Сенбесеңіздер,көріңіздер.Тақтаға бірнеше оқушы шығып,төменгі сандар қосындысын табу керек болсын.156-тақтаға шыққан оқушы.
843-фокусшы 372=1+371 .Тақтаға шыққан оқушы жауабы(Жауабы:1371- фокусшы )
Мерген.
Мерген нысанаға 10 рет атып , 90 ұпай жинаған .Оның төртеуін ондыққа , сегіздікке және жетілікке тигізді . Ол
«Санау» Ертеңгілік көлде аққулар жүзіп жүрді. Кешке қарай 3 аққу ұшып келіп, олардың саны 8 болды. Ертеңгілік көлде неше аққу жүзіп жүрді?
Ыдысқа 5 алмұрт және 3 алма салынды. Балалар барлық алманы жеді. Ыдыста қанша алмұрт қалды?
Әмір,Арман,Сауле,Айгул,Дана ойнап жүр. Қыздардың саны қанша? Ұлдар нешеу?
Аквариумда 8 балық жүзіп жүр. Біреуі су түбіне жатып қалды. Нешеуі жүзіп жүр?
Әжей бір бума пияз сатып алып, бәрін де пайдаланды. Екеуін сорпаға салды, қалған екеуін салатқа турап салды. Әжейде барлығы неше пияз болды?
Дәуреннің көк және қызыл 2 қағаз жолағы бар. Қызыл жолақты 4 бөлікке қиды. Енді Дәуренде барлығы неше жолақ болды?
Винни Пух пен Пятачок бес балмұздақ сатып алып, бөліп жемекші болды. Винни Пух қапаланып, ренжіп қалды. Ол неге ренжіді деп ойлайсыңдар?
Ақ тауық бірнеше жұмыртқа басып шығарды. Екі жұмыртқа құлап, жарылып қалды. Үш жұмыртқасын көршісі Борсық ішіп қойды. Ал қалған жұмыртқалардан бес балапан жарып шықты. Ақ тауық әуелде неше жұмыртқа басып шығарған еді?
Қойбүлдіргеннің сабағында 6 бүлдірген өсіп тұр еді. Екі бүлдірген пісіп, үзіліп түсті. Сабақта қанша бүлдірген қалды?
Құлыншаққа 4 ай, ал қозыға 2 ай. Құлыншаққа 1 жас 1 ай болғанда, қозыға қанша ай болады?
«Тез есепте» (Қол соғу)
Екі тышқанның құлағы нешеу?
Екі мысықтың аяғы нешеу?
Екі киттің құйрығы нешеу?
Бес тырнаның мойны нешеу?
Екі сиырдың мүйізі нешеу?
Сандар құрамы
«Таразы» Екі табақшысы бар таразының сызбасын пайдаланып, бір табақшаға 5 цифрын салып, екіншісі табақшаға 5 санымен теңесетін 2 санды тауып салады.
«Жасырынған санды тап»
Мен бір сан ойладым.Ол саннан 2-ні азайтқанда 5 шықты. Ол қай сан?
Көршілерін тап