Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет9/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

Шырылдауық шегіртке .

Шегіртке түзу бойымен қатты және жәй ырғиды . Қатты ырғыса үш елі жерге , жәй ырғыса екі елі жерге түседі . Бірінші қарақшыдан қарғығанда одан бір елі жердегі екінші қарақшыға дәл түседі?

  1. Өрістегі жылқы .

Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды .Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті .Сонда өрісте 9 жылқы қалды .Әуелде неше жылқы болған ?

  1. Асық саны .

Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады . Ойыннан соң біріншісіне қарап :
-Қанша асық ұттың ?-дейді .
Ол :--Онша көп ұтыла қойған жоқпын , сегіз асығым қалыпты .-деді .

  • Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен .,-дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып .

  • -Ең көп асық ұтылған мен болдым ,-дейді мұңайып бірінші бала .

Ойыннан кейін кімде , қанша асық қалды ?

  1. Алма .

Шекпен киген қара кедей ханға :
-Мейірімді алдияр ! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз ,-депті .
Хан алуға рұқсат етті .Кедей баққа келсе ,бақ үш рет қоршауға алынған екен . Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр . Кедей бірінші жасауылға келіп :
-Хан маған бір алма алуға рұқсат етті . –деді .
- Ал , бірақ шығарда алған алмаңның тең жартысын және бір алма бересің , -деді жасауыл .
Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да осылай деді .Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін , кедей бақтан неше алма алуы керек ?
8.Салт аттылар .
Айдала .Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн .Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді .Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер .Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп ,өшті . Үй иесі бұрын көре ме , салт аттылар бұрын көре ме ?
9.Екі қарға .
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке , екіншісі солтүстікке қарап отыр .Олар біріне-бірі:

  • Достым , мен сені көріп отырмын .-дейді .

Олар бірін-бірі қалай көреді ?
10 . Соқыр шам .
Ертеде кедей – жатақтар жертөледе тұратын .Ол кезде төбеден терезе ойып ,әйнек орнына малдың қарыны керілетін –ді .Бостау есілген жіп ,малдың майына батырылып ,кешкісін тұтанған соң ала көлеңкеленіп жарық қылады . Әке-шешелері : --Жатың дар !-деп ертеңгі тіршілік қарекетін ойласа , балалары есепке ой жүгіртеді .Сондағы есебі :
-Үш жалпылдақ шамның екеуін сөндірсе , неше шам қалады ?
11. Түйеқұс салмағы .
Атасы немересіне:

  • Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса , бір аяғымен тұрғанда неше пұт тартады ?

12.Бөрене .
Сәкен жасынан елгезек болып өсті .Ол әрқашан үлкендер мен кішілерге қамқорлық жасап , қол ұшын беретін .
--Апа , мына бөренені неше бөлеміз ?- деп сұрады .
-Бөрене алты құлаш . Бір құлаштан кесіңдер , -депті апасы .
Бөрене неше бөлікке бөлінді ?
13.Шыпта .
Шыптадағы оралған ши мен оралмаған ши алма-кезек орналасқан .
Шыптада оралған 30 ши болса , оралмаған неше ши болады ?
14.Судыр балық .
Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде :
-Жиырманың жартысын , бассыз екеуін , құйрықсыз үшеуін - деді ол. Балықшы неше балық ұстаған ?


1-сурет
1.Фигураға көңіл аударыңдар. Ол қанша таяқшақдан құрастырылғандығын санаңдар. Парта үстінде сондай фигураны құрастырыңдар.





2 - сурет


2.Берілген фигуралар ішінен төртбұрыштарды үшбұрыщтарды табыңдар. Бес таяқшалардан құрастырылған фигураны табындар. Парта үстінде дәл осындай фигураны құрастырыңдар.


Таяқщалардан және пластилин кесектерінен үшбұрыш құрастырындар ( таяқшалар –көпбұрыштың қабырғасы, ал таяқшаларды біріктіретін плпстилин кесегі-көпбұрыштың төбесі болады деп келісіп аламыз. Үшбұрыш салу үшін қанша таяқша және қанша кесек пластилин алу керек?
Мұндай тапсырманы сабақтың аяқ кезінде бергеннің өзіндеде балар өте қызыға кіріседі.Егер оқушылар қарымдық әрекеттер орындайтын болса , онда олар білімді саналы түрде үлгереді және ол білімдері берік болады.Сонда тік бұрыш ұғымын былайша беруге болады.
2-3 күн бұрын балаларға үйде қағаздан түсі де, өлшемі де кез келген дөңгелек қиып әкелу тапсырылған болатын (мұғалім оның шамамен алынған өлшемін көрсетеді). Дөңгелектер әр түрлі болып шыққан: біреулердікі үлкен екіншілердікі кіші, кейбіреулердікі қалын қағаздан, екіншілердікі жұқа қағаздан жасалған.Түстеріде түрліше болған дөңгелектерді алып оларды екіге бөлу керек деймін (өзім көрсетемін 2-сурет)


3-сурет
Дөңгелекті екі бөлікке бүктейміз (тағы көрсетемін).Енді ол төрт бөлікке бөлінді олардың әр қайсысында тік бұрыштың моделі пайда болды.Бір бөлігін балалар қиып алып мұғалімге береді.Оларды жинап және барлығын бірге қабаттап салып бұрыштардың барлығы тең екендігін көрсетеміз.Енді манайымыздағы заттардан тік бұрыштарды табамыз.Тік бұрыштың моделін алып дәптердің бұрышына ( оны қалай жайғастыруды көрсетміз), кітапын тақтаның т.с.с бұрышына салып көрсетуді ұсынамыз.Тақтаға бірнеше бұрыш сызамызда олардың іщінен тік бұрышты іздейміз (балалар мұны тік бұрыштың бұрын жасалып қойған моделінің көмегі арқасында орындайды).


Келесі сабақтарда балалар көпбұрыштардың тік бұрыштарын табуға уйренеді.Бағдарламада балалрды геометриялық фигуралардың ортақ қасиеттерін және оларды бір-бірінен айыруға болатын қасиеттерін таба білуге уйрету қарастырылған.Фигуралардың бұл қасиеттерін білу оқушылардың фигуралады классификациялауна мүмкіндік тудырады.
Мысалы: коп бұрыштар жайлы білімді пысықтау үшін мына түрдегі жұмысты ұсынуға болады.

Тік төртбұрыштар

Шаршылар

Дөңгелектер

Бесбұрыштар













Кестеден тыс жерге әр түрмен бірнеше геометриялық фигуралар және (оның аты кестеде жоқ)бекітіліп қойылған.Тақтаға шақырлған оқушы бірінші бағанның атын оқиды.Геометриялық фигуралардың ішінен тік төртбұрышты табады да оларды бірінші бағанға бекітеді.Тақта алдында жауап беріп тұрған оқушы фигураны дұрыс таңдап алғандығын дәлелдеуі тиіс.


Соңғы оқушы қалған фигураларды қарап олардың ішінен артығын тауып алып оны тақтада қалдырады. Ол неліктен кестеге енбей қалғандығын түсіндіреді.
Оқушылардыа геометриялық материалдар жайлы берік білімді қалыптастыру мақсатында олардың білімін , іскерлігін және дағдысын тексеруге үлкен көңіл бөлеміз Осы мақсатпен үнемі өздігінен орындайтын түрлі жұмыстарды ұсынуға болады.
Тапсырма: осы көпбұрыштардың ішінен тік бұрыш моделінің тік бұрыштарды табыңдар Тік бұрыштың ішіне «m» әрпін қою керек


4 сурет
Геометриялық фигураларды ттани білуге және айыра білуге берілген жаттығуларбүкіл оқу жылы бойына жүргізіледі . Осы мақсатпенәр түрлі қызықты материалдар таңдап алынып,кестеге жазыладыол қажетіне қарай сабақтарда пай»даланылады.


Солардың кейбіреулеріне мысал келтірсек: 1.Фигуралардың қайсысы артық? (5 сурет)


5 сурет


2. Мұнда қанша ұшбұрыш бар? (6 сурет)


3.Мұнда қанша шаршы бар? (7 сурет)


6 сурет

Оқу жылының аяғындағы сабақтарға оқушылардан ептеген тапқырлықты талап ететін, геометриялық мазмұнд бірқатар тапсырмалар енгізіледі. Мысалы:
1 Шаршының бір бұрышын кесіп тастасақ, қанша бұрыш қалды.Қандай фигура пайда болды?
2. 12 таяқшадан фигура құрастыр.
3 . Қандай фигура сызылып қойылған және олар қанша? Қарындашты қағаз бетінен алмай бұл фигураны қалай тең 6 бөлікке бөлуге болады? Қандай фигуралар пайда болды?

7 сурет

Сынық сызықпен таныстыру ды былайша жүргізуге болады. Түзу сызық түріндегі бір бөлек сымды бірнеше жерінен майыстырып сынық сызықтың моделін аламыз. Модель арқылы сондай ақ тұйық та, тұйық еместе болатынын білдік. Сынық сызық құрастырылатынын қарастырамыз

1 - кесіндінің ұшы 2-кесіндінің басы болып табылады.


2- кесіндінің ұшы 3 кесіндінің басы болып табылады
3- кесіндінің ұшы 4- кесіндінің басы болып табылады т. с.
8- сурет
Бұл ұғымды тексеру үшін мынадай сұрақтар береміз:

  • Осы фигураны сынық сызық деп атауға бола ма? (9- сурет), Ал мынаны ше? (жоқ) Неліктен? (10 – сурет)

  • Бұлда сынық сызық болмайды, себебі оның кесінділері тағыда кесінді құрайды.

9 сурет 10 сурет


Геометриялық материалмен жұмыс істеу балалардың ойлауын тапқырлығын, шығармашылығын дамыта түседі. Оларды ойлауға итермелейді.Ең маңызды мәселе оқушыларды геометриялық қасиеттерін және жеке фигураның өзіне тән қасиеттерін жақсы білсе, онда оларды жіктеуді жақсы біледі.


1 – класс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет