3-сабақ Сабақтың тақырыбы: Үлестер мен бөлшектерге берілген күрделі есептерді шығару Мақсаты:оқушылардың бөлшекті оқу жазу қабілетін санның үлесін табу, және үлесі бойынша сандарды табу қабілетін жетілдіру,есептеу дағдысын арттыру,балалардың үлес пен бөлшек түсінігін тиянақтау.
Сабақтың мазмұны : 1.Ұйымдастыру
2.МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДИКТАНТ -100 САНЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ НЕШЕГЕ ТЕҢ?
-1 САҒАТТЫҢ ЕКІДЕН БІР БӨЛІГІ НЕШЕГЕ ТЕҢ?
-1 ҚАП КАРТОПТЫҢ ТӨРТТЕН БІР БӨЛІГІ 30 КГ БОЛСА ,ҚАПТА НЕШЕ КИЛОГРАММ
КАРТОП БАР ?
-1000 САНЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ НЕГЕ ТЕҢ ?
3.ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ 1-ЕСЕП
А)Сыныпта 25 бала.Оның 5\1 бөлігі сабаққа келген жоқ.Сабақтан неше бала қалды?
Ә) «Ваниль» дүкеніндегі 26 торттың жартысы сатылды. Неше торт қалды ?
Б) Автопарктегі 40 автобустың 4\1 жарамсыз.Автопарктегі автобустардың нешеуі жарамсыз ?
4. Проблемалық сұрақ 1. Бөлімі бірдей бөлшектерді салыстырғанда алымы үлкен бөлшек үлкен болады. Неліктен ? Түсіндір.
2.Бәліштің қай бөлігі үлкен ? 8\2 бөлігі ме әлде 8\4 бөлігі ме ? Неге олай ойлайсың ? Түсіндір.
4.Логикалық есептер 1. 2 әкесі мен 2 баласы 3 алманы бір-бірден бөліп жесе,олар қалай бөліскен ?
2.66 санынан еш амал таңбаны қолданбай оның жартысына арттыр.
3.1 торда 3 қоян отыр еді.3 оқушы бір-бірден таратып алды. СОНДА ТОРДА ӘЛІ БІР ҚОЯН ҚАЛЫП ҚОЙДЫ.Ол қалай ?
Сабақты қорыту
4- сабақ Сабақтың тақырыбы : Есепті теңдеу құру арқылы шығару Сабақтың мақсаты : Есепті теңдеу құру арқылы шығару ,өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру ,оқушылардың логикалық ойын дамыту , тапқырлыққа ,жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мазмұны : 1.Ұйымдастыру
2. «Бәйге» ойыны -Миллионда неше нөл бар ?(6 )
-Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш ( шаршы )
-Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр )
Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу ( паралель)
3. Есептер шығару 1- есеп
Мен ойлаған сан мен 170-тің қосындысы 368-ге тең
Егер 150-ді ойлаған санға қосса ,онда 560 болады .
470 пен ойлаған санның қосындысы 9000 мен 10 -ның бөліндісіне тең
2- есеп
300 теңге тұратын кітап және әрқайсысы 100 теңгеден тұратын бірнеше дәптер сатып алынды. Барлық сатып алынған затқа 1000 теңге төленді. Неше дәптер сатып алынды ?
3- есеп
Жәшікте 50 кг алма болды .жәшіктен 36 кг алманы сатып жібергеннен кейін ,онда бірдей екі қапшық алма қалды .Әр қапшықта неше алма болды ?