Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет98/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

4-есеп
Халық есептері
А) Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Осы үйде неше жан отыр?
Ә)Сырғауылдың биіктігі 20 құлаш. Ұлу 5 құлаш жоғары шығып, ал түнде 4 құлаш төмен түседі.Ұлу неше күнде сырғауыл басына шығады ? ( 16 күнде )
Сабақты қорытындылау


6-сабақ
Сабақтың тақырыбы :Бір бағытта қалып қою қозғалысына берілген күрделі есептерді шығару
Мақсаты :Бір бағытта қалып қою қозғалысына берілген күрделі есептерді шығару,есептеу дағдысын жетілдіру,логикалық ойын дамыту.
Сабақтың барысы :
1.Өткенді еске түсіру үшін ауызша мысал дар беріледі
S=u жақ t Uжақ= U+ U U= S t
2. Сен білесің бе ? ойыны.
-Барлық қабырғалары бірдей тік төртбұрыш ( квадрат ,ромб , трапеция )
- 90 градусқа тең бұрыш. ( тік , сүйір ,жазық )
3. есептер шығару
1- есеп Жеңіл машинамен 100 км қашықтыққа жету үшін 8 л бензин жұмсалса ,500 км қашықтыққа баруға неше метр бензин қажет болады ?
2-есеп
Пойыз 392 км қашықтықты 8 сағатта жүріп өтеді.Осы қашықтықты 7 сағатта жүріп өтуі үшін жылдамдығын қаншаға арттыруы қажет ?
3- есеп
Оқушы үйінен мектепке қарай шығып ,260 метр жүрген соң ұмытып кеткен дәптерін алу үшін кері қайтты. Оқушы мектепке бару үшін барлығы неше метр жол жүрді ?
4- есеп Логикалық есептер
А) Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда ол 5 минут бақырды, ал ара шағып алғанда ол 3 мин үзақ бақырды ,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан 2 есе көп бақырды. Анасы Есетті 11 минут жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды ? (5 минут )
Ә ) Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды ? ( 15 )
Б) Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды ? ( 4 )
Сабақты қорытындылау .


7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу арқылы шығару. Өзіндік жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет