Қараңғылықтың көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам?
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Заманның күн сайын дамып, өркениеттің өркендеуіне орай бүгінгі таңда оқытудың әртүрлі заманауи үлгілері пайда болуда. Білім берудің тиімді әрі оқытушы мен оқушыға да ұтымды болуының түрлі амалдары қарастырылып, кешегі үлкен проблемалық мәселелер өзінің түйінді шешімін тапты.Жалпы алғанда, қазіргі таңда дидактикада әлеуметтік немесе педагогикалық-психологиялық оқыту әдістерінің екі түрлі тобы бар. Олар - дәстүрлі оқыту және интерактивті оқыту әдістері. Бұлар ең алдымен, өз алдарына қоятын мақсаттарымен ерекшеленеді.
Интерактивті оқыту әдістері– бұл ұжымдық, өзіндік толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үдерісіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады[1].
Интерактивтік оқыту технологиясының негізгілеріне және кең тарағанын түрлеріне төмендегілер жатады: Жұптасып жұмыс жасау, Ротациялық (ауыспалы) үштік, Карусель, Шағын топтармен жұмыс, Рөлдік (іскерлік) ойын, Дискуссия әдістері.
Қай сипатта болсын «интерактивтілік» ұғымының маңызы жоғары. Себебі, бұл тәсіл қатысушылардың қызығушылығын және тәуекелге дайындығын оятады. Сонымен қатар, барлық жағдайда сынақ жағдайда сыныптың ішіндегі өзара пікір алмасуды қамтамасыз етеді [2].
Интерактивті оқыту ең алдымен білім алушы мен оқытушы қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту ретінде алға шығады. Сонымен қатар, көптеген зерттеулерді тұжырымдайтын болсақ, интерактивті оқыту дегеніміз танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы болып табылады. Интерактивті оқыту толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқытудың бірден бір түрі.
Интерактивті әдісті қолдану , ең алдымен,қазақ әдебиеті сабағында өте тиімді болып табылады. Себебі, ақын-жазушылардың рухани мұрасын, шығармашылығын, өмірбаяны мен шығармашылық жолын бойына жинаған бұл пәнді оқушыға қалыптасқан дәстүрлі сабақ арқылы толық жеткізу мүмкін емес. Сондықтан , қазақ әдебиеті сияқты кең құлашты пәндер – бүгінгі таңда көбінесе интерактивті оқыту тәсілі арқылы оқытылуда.
Бүгін осы мақалада, қазақ әдебиеті пәнін оқыту бойынша интерактивті әдісті қолданудың ғылыми-әдістемелік сипатына талдау жасауды жөн көрдім. Сабақтың тақырыбы ретінде XX ғасырдың көрнекті тұлғаларының бірі, ағартушы-ғалым, педагог, ақын әрі жазушы, қыршынынан қиылып, 27-ақ жыл өмір сүрсе де, артынан алтын қор қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикалық өлеңдерін оқытуды таңдап алдым.
Жалпы, Сұлтанмахмұт туралы айта кетер болсақ, ол - XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі. Сұлтанмахмұт қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Сұлтанмахмұт шағармашылығында ойып орын алатын - оның лирикалық тақырыптағы өлеңдері. Лирик ақын XX ғасырдың әдебиетінде түрлі лирикалық туындылар туғызды, лириканың қазақ әдебиетінде бой көтеруіне, қалыптасуына әсер етті. Ақынның лирикалық өлеңдері сол кездің өзінде түрлі оң пікірлерді алған еді[3].
Ал енді ақынның аталмыш бағыттағы өлеңдерін интерактивті тәсіл арқылы оқытудан не ұтамыз:
Біріншіден, оқушының Сұлтанмахмұт өлеңдерін оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын оятамыз, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастырамыз;
Екіншіден, сөз өнері ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім мен икем-дағдаларды игереміз;
Және үшіншіден, ойын ауызша сауатты айта алатын жаза да білетін, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өзіндік ой-пікірі дәйекті де жүйелі оқушыны тәрбиелеп шығамыз.
Сұлтанмахмұттың лирикасының шыңы – табиғат тақырыбындағы өлеңдері. Бұл жанрға ақын өз бетімен емес, қазақтың ұлы ақыны Абайға еліктеу жолымен келгені өлеңдерінің әр жолында сезіліп тұрады.Оның шығармалары алған мәселесінің кеңдігі, тереңдігі жағынан Абай дәстүрін ілгері дамытты. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі ең биік асқары. Ол қазақ өмірінің шындығын жырлаған нағыз ұлттық ақынымыз еді. Өзімен тұстас ақынның ешқайсысы да дәл Сұлтанмахмұттай поэзиясын жалпы халықтық дәрежеге көтере алған жоқ.
Сондықтан,Сұлтанмахмұттың табиғат туралы өлеңдері мен Абайдың өлеңдерін салыстыра отырып сабақта « Венн» диаграммасын пайдалануға болады. Оқушылар диаграмманың екі шеңберіне айырмашылықтарын, ал ортасындағы шеңберлердің қиылысуына ортақ белгілерін жазып көрсете алады.
«Адасқан өмір» (1918) - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэмадағы негізгі кейіпкер – ақынның өзі. Өзінің бұралқы тағдырының бұрылыстарында адасқан жас өткенге өкінішпен күйіне қарайды. Жастықтың ыстық лебімен, жүректің қызулығымен жіберген қателіктеріне бармақ тістейді. Бірақ, сонда да болашаққа деген үмітін үзбейді. Алдынан әлі-ақ ашық күндер күтіп тұрғанына кәміл сенеді және аяққа тұрып кететініне серт береді. Өлеңді оқып отырған оқушыға өмір сүрудің және оң жолдан адаспаудың жолдарын сілтейді [4].
“Адасқан өмір” поэмасын дискуссия әдісі бойынша өткізуге болады. Ортаға поэмадағы ең бір өзекті сюжеттер алынады және талданады. Әдістің ұтымдылығы – балалар өзара пікір алмасады, өздері үшін жаңа ақпарат алады. Бір-бірімен танысып, өзегелердің ойымен санасуды үйренеді. Көпшіліктің алдында сөйлеуді, ойын еркін жеткізуді білетін болады.
1914 жылы революцияға кейінгі кезеңнің ең үздік туындысы «Қамар сұлу» поэмасы жарық көрді. «Қамар сұлу» - қазақ әдебиетінде мәні зор туындылардың бірі.Жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романын басшылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін, мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз. «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Сабақты синтез әдісімен өткізуге болады. Сабақтың негізгі өзегі – ой-толғау жазу. Мысалы, ХХ ғасырдағы қазақтың қыздарының басындағы түрлі ауыр жағдайлар көптеген ақын-жазушылар шығармашылығында кездеседі. «ХХ ғасырдағы қазақ қыздарының қайғысы» деген сияқты тақырыпта ой-толғау жазғаны олардың тарихқа деген көзқарастарын қалыптастырады, сол замандағы апа-әжелеріміздің мұның тереңінен ұғынуға жол ашады[4,81б.].
Сұлтанмахмұттың өміріне қатысты лирикалық өлеңдерін – видео-сабақ түрінде өткізуге болады. Сабақтың басты көрнекіліктері – ақынның өмірі жайлы деректі фильмдер болып табылады. Фильмдер – кез-келген адамға ұмытылмастай үлкен әсер беретін өнер туындалыры. Демек, осы арқылы біз ақынның аталмыш өлеңдеріне, оның сезінген жан тебіренісіне тереңнен бойлауға мүмкіндік аламыз.Оның көңіліндегі уайымын түсініп, оны өлеңдерінде қалайша жеткізгеніне салыстыру жасай аламыз.
«Кедей» поэмасы – әлеуметтік лирикалық шығарма. Бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» поэмасының кейіпкері сияқты кедей еш жерден бақыт таппайды: ал байдың малын бақты, шахталарға түсті, бақытсыздық пен қасірет бүкіл жерде оның жазмышына айналды. Кедей тұрмысының өмірлік көріністері өте анық суреттелген. Ең құрымағанда, аштықсыз қалыпты адам өмірін іздеуде мақсатына қол жеткізген жоқ [5].
«Кедей» поэмасын рөлдік ойын тәсілімен өткізуге болады. Рөлді сомдаушы актерлер ретінде сыныптың оқушыларын аламыз. Сыныптағы балаларды Сұлтанмахмұт дәуіріндегі байлар мен кедейлердің рөліне ендіреміз. Сол арқылы, оқушыларға сол кездегі таптық бөлініс пен әлеуметтік теңсіздікті көрсетеміз. Байлардың кедейлерге көрсеткен езгісіне көз жүгіртіп, одан жиренуді және асқан дәулетіне қарамай адам болып қалуды үйретеміз. Бұл сабақ – оқушыларға тәрбиелік жағынан өте құнды болмақ. Себебі, әлеуметтік теңсіздік әр сыныптың ішінде де бар. Сол кемшіліктің орнын толтырып, балалар арасында тату-тәтті қарым-қатынас қалыптастыруда бұл рөлдік сабақ, өзінің жөнді рөлін атқармақ.
Қорытындылай келе, интерактивті әдістердің оқыту үдерісіндегі тиімділігі оның түрлендіре отырып пайдаланумен байланысты екенін көрдік. Интерактивті әдіс - сабақты кең құлашты әрі еркін жүргізуге кепіл берді. Дәстүрлі сабақ жүйесінде болған авторитарлық догманы құлатты. Себебі, интерактивті әдіс оқушының ашылуына, өзін оқытушымен тең дәрежеде сезініп, еш қымтырылмай сөйлеуіне көңіл бөлді. Аталмыш әдіс оқушының сөйлеу мәдениетін дәйектейді әрі жүйелейді. Сабақты бір қалыппен іш пыстыратындай қылмай, әр сабақта жаңа сабақ формаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Түрлі кестелер, слайдтар, бейнероликтер мен ойындарды пайдалану арқылы – сабақты әсерлі әрі ұмытылмастай етеді.
Интерактивті оқыту әдісі ,әсіресе, қазақ әдебиетін меңгертетін практикалық сабақтарда пайдалануға қолайлы. Себебі, қазақ әдебиеті – сөз өнері, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын қалыптастыратын сабақ. Ал, интерактивті әдіс дәл осы категориялармен жұмыс істеуге және оларды дамытуға бағытталған болып табылады.
Сұлтанмахмұт лирикалық поэзиясы - ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Интерактивті сабақ арқылы - оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік бере отырып оқушылардың ойөрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын дамыту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастырыра аламыз. Баланың белгілі жүйемен ойлауға ғана емес, одан тыс шығып креативті ойлануына жол саламыз. Оның лирикалық стильдегі өлеңдерін оқыта отырып, баланың бойында ізгілік пен адамгершілік, туған елін, жерін,Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейміз. Өлеңдердің тұңғиығынд жатқан астарлы ақиқатын тебіреніп сезінуге, ойында мәңгі түюге жол саламыз. Бойында ақындық қабілеттері мен шабыттары бар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа тарта аламыз. Демек, бір жағынан - білімді әрі заманауи тұлғаны, және сондай-ақ ұлтын қадірлеген ұлтжанды тұлғаны қалыптастырудың негізі – интерактивті оқыту әдісі екеніне толық көзіміз жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Асанов Н. Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері. П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. - Алматы, 2004. - 56-58 б.
Әбуов Ә.Е. Мектеп инновациялық технологиялар//Қазақ тілі мен әдебиеті. Әдістемелік журнал. - Алматы, 2005 .№3
Бұзаубақова К. Болашақ маманның инновациялық тұлғасын қалыптастыру // Қазақстан жоғары мектебі. 2005, №4. 54-58 б.
Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. 282 - 285 б.
Еспенбетов, Арап – «Сұлтанмахмұт Торайғыров»: [монография] // А. Еспенбетов. - Алматы: Алматы, 1992. – 44-48 б.
Абаильденова Нұргүл Қуандықққызы
,Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі Павлодар қаласы, Қазақстан
ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ
Біздің тақырыбымызға арқау болып отырған М.Ж.Көпейұлы аңыз-әңгіме мен тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірген. Оның үстіне фольклорлық жанр түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны тағы бар. Мәселен, ғалым жинақтауында ел аузындағы тұрмыссалт жырларының 30-40 шақтысы топталған. Егер жанр бойынша жүйелесек, ертегілерден – 15 шақты мәтін үлгісі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қиссадастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған екен. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т.б. нұсқалары бар. Қолжазбалар ішінде зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілерді де көрсеткен: «Еділ-Жайық», «Көр ақтарған Жаманбай», «Баһырам патша туралы», «Есен тентек туралы», «Ертеде бір хан болыпты», «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Алаша хан», «Жеті жасар Желкілдек», «Ер Төстік», «Әз Жәнібек және бір ұста», «Екі патша», «Әділ би», «Сүйіндік: Олжабай батыр», «Тама Сарыбас мерген» [1].
Осы жағынан болса керек, М.Ж.Көпеев шығармалары көптеген ғалымдарды қызықтырған. М.Ж.Көпеев ертегілеріне қатысты М.Әуезов: «Қазақ ертегілерін ең мол өндіріп және естіген қалпында жазып алған Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Мәшһүр-Жүсіп ертегілерінің көпшілігі қолжазба күйінде Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының фондысында сақтаулы. Мәшһүр-Жүсіп жинаған ертегілердің жер, су аттарына, тарихи адамдар атына байланысты ертегі аңыздардың бірқатар түсініктер, шешулер, талдаулар беріп отырады» - десе [2], ғалым С.Дәуітұлы «Мәшһүрдің «Қара месі» жинағынан бес ертегіні қарастырып отырмыз, олар: «Алтынбас – Күмісаяқ ғашық болған», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Асанқайғы», «Еділ – Жайық», «Желкілдек». Осы ертегілердің ішінде «Алтынбас – Күмісаяқ ғашық болған» және «Желкілдек» өлең түрінде жазылуымен ерекшеленеді. Әсіресе, «Алтынбас» бастан – аяқ он бір буынды қара өлең түрімен өрнектелген. Ал «Желкілдек» ертегісі шытырман оқиғалар қақтығысмен ерекше. Бас кейіпкер Желкілдек Ертөстік сияқты атса мылтық, шапса қылыш кеспейтін, жақса отқа күймейтін жан. Желкілдектің қарсыластары да осал емес. Бұл туындыдағы айырықша бір кейіпкер – мыстан кемпір. Ол айла-шарғысымен, неше түрлі сұмсұрқия іс-қимылымен көзге түседі. Бір сөзбен айтқанда, халық армандаған алып батыр да, сұлу да ақылды қызкеліншектер де, зерек қариялар да бұл ертегілердің ішінде баршылық» - дейді [3, 17].
«Қазақ халқының фольклорлық-этнографиялық мұрасы сөз болғанда Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев, А.Затаевич есімдерін аттап өту мүмкін емес. Осылардың қатарынан кезінде «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» деген кітаптарымен танылған Мәшһүр Жүсіп Көпеев елеулі орын алады» дегенді Т.Қоңыратбаев та жеткізеді [4, 314]. Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовті тағы бір сөйлетсек, «...өз шығармаларын былай қойып, басы ашық ескі үлгілерді жазып алып, біздің дәуірге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және де естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» [5, 3]. Ал Мәшһүр Жүсіптің өзі фольклорды «этнографиялық мәліметтердің көзі» деп қарастырған. Яғни, белгілі бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыптасуына, тіпті олардың тұрмыс-тіршілігіне, қоршаған табиғи ортасына, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректер Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасады.
Ғалым А.Қ.Тұрышевтің «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы» атты монографиясында Мәшһүр шығармасындағы этнолингвистикалық сөздер – отбасылық парадигма, календарлық мейрамдардың тілдік көріністері, өлік жөнелту салтының терминологиялық жүйесі деп сараланған [6]. Ал ғалым С.М.Исаев: «Этноатаулар көркем шығармада тіл мен мәдениеттің ғана байланысын көрсетпей, оқырманға ұлттық болмыс пен ұлттық белгіні де танытады. Осының өзі қаламгерлер тілінде этномәдени фон жасаудың негізгі құралы» - деп таныған [7, 27]. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, ақын-жазушылар шығармаларындағы этнолингвистикалық сөздер «ұлттық ерекшеліктерді танытатын, қазақ халқының ұлттық сипатын беретін бірліктер» болып келеді дегенге саяды. Осыған орай біздің мақсатымыз М.Ж.Көпейұлының ел арасында жинастырған қазақ халқының ауыз әдебиеті ішіндегі ертегілерінен этнолингвистикалық сөздерді теріп, олардың түсініктемесін жазу, оқушылар арасында Мәшһүрдің шығармашылығын дәріптеу болып табылады.
Жоғарыда айтылғанындай, М.Ж.Көпейұлы ертегілерінің 15 шақты мәтін үлгісі бар екені көрсетілген. М..Ж.Көпейұлы ертегілері өлең сөзбен де, қара сөзбен де жазылған. Ертегіде кездесетін этнолингвистикалық сөздер діни бағыттағы сөздер, халықтың тұрмысында қолданылған заттар атауы, жер-су атауы, туыстық қатынас атауы, жанжануар, хайуанаттар атауы, т.б. Академик Ә.Т.Қайдар этнолингвистикалық сөздерді «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп үш үлкен салаға жіктеп, олар іштей 30 (6 + 17 + 7) үлкен (макро) топқа, ал олар өз ретінде 200-дей микро-топқа бөлініп қарастырылады деген [8,18]. Мысалға алсақ, «Адам» саласына – адамның ішкі және сыртқы дене мүшелер атауы, туыстық атаулар. Ал «Табиғат» саласы – жабайы хайуандар және үй жануарлар атауы, өсімдік атаулары. «Қоғам» саласына – діни бағыттағы сөздер, халықтың тұрмысында қолданылған заттар атауы, жер-су атауы және т.б. деп бөлінеді. Одан басқа этнолингвистикалық арналар деген бар, ол көнеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілері, оған жататындар – мақал-мәтелдер, жұмбақтар, баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері), этнолигвистикалық этюдтер. Сонымен, бұлардың М.Ж.Көпейұлы жинақтауындағы көрінісі төмендегідей болды:
Адам саласы:
а) туыстық атаулар – кемпір-шал, бәйбіше, әке-шеше, аға, қатын, қалын (қалындық),
құда, қайын, бикеш, нағашы, жиен, күйеу, іні, жеңге, қайнаға, жамағат, қарындас, ағатай, қыз, қыз-бикеш, ер, бауыр (іні), бай (күйеу), келін, жезде, балдыз, т.б.
ә) титул атаулары – бай, байбатша, хан, сері, мейман, батыр, балуан, мерген, жендет,
жасауыл, уәзір, патша, нөкер, т.б.
б) қаратпа сөз – алдияр, тақсыр, дат, т.б.
в) адамның дене мүшесі атауы – көт, шынашақ, аяқ, ақ сақал, құйрық, бауыр, кеңсірік, тіл, жүрек, тізе, жамбас (жанбас), тері, қанат, ет, табан, саусақ, шек, тырнақ, т.б.
г) адамға қойылатын есімдер атауы – жеті жасар Желкілдек, Бөгелек, Сарыбай, Өзтемір, Телегей деген алып, Нұрманбет деген хан, Тінікей, Күнікей (апалары), Тастүлек (жеті жастағы бауыры), Топай құл, Еділ деген бай, Жайық деген қу жарғақ мерген (ағалыінілі), Қыпшақтан Қошқарбай батыр, Жақып деген молда, Жайықбай, Ыбырай, Тамада (Қу жарғақ Сарыбас) атанған мерген, Мәшһүр-Жүсіп, Қайыперен, Аушыерен (аңның бақташылары), Қайыпберді (ер бала есімі), т.б.
ғ) халық, ру, тайпа атаулары – Қыпшақ, кіші жүз Қарабура, қазақ, ел, жұрт, Қайыпберді-Тама (нәсіл-жұрағат), т.б.
Қоғам саласы:
а) халықтың тұрмысында қолданылатын салт-дәстүрлер атауы – қалың мал, той
малы, сүт ақы, ит ырылдатар, бақан аттары, үйге енгізер, ұрын келер, қыздың ұзатылуы, шымылдық құрар, шаш сипар, табақ тарту, ат мінгізу, тон кигізу, т.б.
ә) жер-су атауы – бел, ор, дария, Еділ суы, Жайық суы, «Құлан суаты» атты суат, Естек, Мысыр, Бағдат, Басра (шаһар атаулары), бел, шаһар, Шалқар көл, белдің асты, ауыл, оба, ор, орда, Сарыарқа, тоғай, бетпақ шөл, Жетіқоңыр құм, дала, Бұхара базары, Қаратау, үңгір, т.б.
б) халықтың тұрмысында қолданылатын сөздер – той, ғалам, дәулет, жат ел, отау, құдық, керуен, хақ, қиянат, ғайбат, науқан, бәйге, сүре, Хұтыма, ақырет, тозақ, шатыр, бесік (алтыннан шүмегі, күмістен түбегі), т.б.
в) табақ тарту үшін арналған ет атаулары – соғым, қазы-қарта, жал-жая, төс еті,
сыбаға, т.б.
г) діни бағыттағы сөздер – Бисмилла! Құдайға шүкір, құдайекем-ай! Ассалаумалейкүм, уалайкумассалам (сәлем беру және алу), тәңір, құдай, садақа, Нәубәт, Мехнат, Рахат, дәрет, ғақыл, тәубе, ғазиз, зекет, хазірет, мәулет, ділда, т.б.
ғ) үй мүлкі атаулары – шымылдық, алаша, төсек, әбдіре, т.б.
д) атқа тағатын әбзелдер атауы - айыл, белдеу, құйысқан, шалма, жүген, тұрман,
ертоқым, құрық, ат тақымы, т.б.
е) киім атаулары – жейде, балақ, жейденің етегі, шапан, телпек тымақ, тон, көйлегімнің шүберегі, жібек белбеу, белдемше, құндыз бөрік, сырмалы шапан, көйлектің жеңі, етік, шекпен, т.б.
ж) ішімдік, сусындар атауы – саба, қымыз, арап-шарап,бір аяқ боза, бір аяқ көже, т.б.
з) халықтың тұрмысында қолданылатын етістіктер - «боқтау», буаз болу, босану, т.б.
и) киіз үй мүлік атаулары – уық, кереге, шаңырақ, киіз (кигіз), қазық, желі, тоқпақ,
желі арқан, құланның қодығы, төсек, төсеніш, т.б.
й) қару-жарақ атауы - қылыш, пышақ, біз (боз), мылтық, кездік, т.б.
к)ыдыс-аяқ атауы – керсең (ағаштан дөңгелектеп істеген үлкен шара, тегеш, тегене). Табиғат саласы:
а) жан-жануарлар (үй жануарлары) атауы - қара ту бие, жылқы, асау, қара мал, ақ жал ат, құба інген түйесі, қарабедеу бие, боз жорға ат, бие, қой, сиыр, ат, торы ала айғыр, үйір, қара бедеу бие, қотыр күрең тай, қырық ту бие, күрең арғымақ, қызыл өгіз, айғыр, ит, мысық, түйе, т.б.
ә) хайуанаттар атауы – құба інген, кертағы, аладомбай, бұғы, бұлан, арқар, киік,
құлан, Зариф деген жануар, Аңгос (аңкөс) деген аң, Жезтырнақ, т.б.
б) құстар атауы – сауысқан, қоңыр қаз, көк кептер, т.б.
в) жеміс-жидек атауы – анар, шәрбат, т.б.
г) ағаш атауы – сандал (үй, ағаш), бәйтерек, т.б.
ғ) табиғат құбылыстары – сейіл, боран, аяз, бетпақ қар, т.б.
д)құрт-құмырсқа, жәндіктер атауы – бит, т.б.
е) шөп атауы – ту тобылғы (шөп атауы), сексеуіл, т.б.
Мәшһүр жинақтауынан ауыз әдебиеті үлгілері ішінен де тілдік жіктеулер таптық:
а) тұрақты сөз тіркестері: Көшпелі дүние, бір тамақ аузыма татымады, жақсы көрер
тамыры болғандықтан, түс жору, айтқаны далаға кетпейді, құба жон, құла түзге бет қою, сол кеткеннен мол кету, жаныңнан қорқу, жартысын қалта қылу, ерік әліне қоймай, жазы жапанға, құла түзге қашу, ұрғашының жаман жері жақсы, табанын аудармай тұру, жұрттың көзіне түсу, аузына ілігу, құлағының тынышы кету, құлағына маза бермеу, қара күйе болу, көз қысу, аузын ұрып, аяғын сыпырған, мысық сою, бір бүртік ет, тілі тию, ет жасап, табақ тартып;
ә) теңеу, метафоралар:Быжынаған биттей, құжынаған құрттай; ай дейін десе, аузы
бар, күн дейін десе көзі бар; бір қасық сумен жұтып жібергендей бір қыз; басына ат басындай алтын, аяғына қой басындай алтын; жапанның сары даласы; қалқиған жан жоқ; жылан мен бала ойнағандай, ит-құс пен қой ойнағандай; егіз қозыдай жарасып; бұты толған бұлақ; апысы кіріп, күпісі шығып; жайылып жастық, иіліп төсек; айдан жарық, күннен раушан қылып; ғазиз тәнде шыбын жаным пида; өң мен түс – екеуінің арасы жер мен көктей; қырғидан бұққан торғайдай; бүркіттен бұққан қояндай; қасқырдан үріккен қойдай; алты құлаш ала айғыр; жеті аяқты жирен бие;
б) мақал-мәтелдер: Құлан жалғыз, құдай жалғыз; Құлағың естігенді көз көреді; Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме; Адал еңбекпен азға қанағат қылу; Есі кеткен ешкі жияды, Ешкіменен есін жияды; Тұщы етіне ащы таяқ; Алтын көрсе, періште жолдан шығады; Қой үстінде торғай жұмыртқалайтұғын; Заманына қарай – амалы; От ішінде мақта, Мақтадан құдай сақта; екі аяқты адамзаттың жорғасы; ағасы бастап, інісі қостап; Көрген жер – бостан, көрмеген жер – көрстан; Мехнат түбі – рахат; Бірдікі – мыңға; Асыққан – жетпес, бұйырған – кетпес; Мал – жан садақасы, жан – ар садақасы; Бас – аман, жан – сау; Өлейін десе, жан тәтті; өлмейін десе, дерт қатты; Аттан жығылғанды пері аңдиды; Ел аралаған сыншы, ағаш аралаған үйші; Ерді көрсең, қыдыр тұт, Асты көрсең, қадір тұт; Ел-елдің заңы басқа, иттері қара қасқа; Ауырды жер көтереді, көңілді дос көтереді; тоғыз жақсы, тоқсан жамбы теңге болмақ; тегін беретін теңі келмей, алушының әлі келмей; Ешкі егіз табады, ит сегіз табады, шошқа да тоғыз табады; Бермесең, ырзалығым жоқ;
в) қанатты, нақыл сөздер: Не жұмыс, не іс қылсаң, ақылмен, сабырмен артын ойлап істе; Артын ойлап іс қылу керек; Қорыққан, қуанған – екеуі бір бас; Заманды адам билемейді, адамды заман билемек; Біреудің біреу бір сабақ жібін қиянат қылмау; құдайдың құтты күні; Барлық жақсы екен ғой, байлық жақсы екен ғой; Жығылған жағыңнан тұрма; Сан жетпеген; Қожаны жықпас па, аузына тықпас па; Жатқанға жан жуымайды; Қимылдаған қыр асады; Іздеген миқан ағашын табады; Қырықтың бірі қыдыр;
Қыдырған қыдырдың ізін басады; Бір жоқты бір жоқ табады; Іздегенге сұраған кез болады; г) баталар: Малдың астында қал; Жалған дүниенің жүзіне бір жақсылық берсін; Ойың оң, тілеуің дұрыс болсын; Кәміл болсын иманың, адал болсын жиғаным;
Біздің байқауымызда, М.Ж.Көпейұлы ертегілерінде қазақ халқының тұрмыстіршілігі, туыстық қарым-қатынасы, әдет-ғұрпы, рухани мәдениет лексикасы, көшпенділік үрдісі, қазақ халқының түпкі тамыры түркілерден тарайтындығы, бай мен кедей арасындағы кикілжілдік, ер жігіттердің батырлығы, ерлігі суреттеледі. Сол себепті, оларда этнолингвистикалық сөздердің қолданысы мол. Бұл қазақ тілінің бай, тұнып тұрған маржандай сөздері бар екенін байқатады. Мәшһүр ертегілерін оқи, талдай келе, болашақ ұрпаққа берер тәрбиесі бар, баланы мықты да алғыр, ойлампаз, ақылды, тіл байлығы мол болуға үйрететініне көз жетті. Солай бола тұра, біз көл-көсір байлықтың бір бөлігін ғана қарастырдық деп білеміз. Ақынның этнолингвистикалық әлемін терең, жан-жақты зерттеп, ел игілігіне ұсыну мәшһүртанушылардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып қала бермек.
Әдебиеттер тізімі:
https://kk.wikipedia.org
http://el.kz
Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. Екі томдық, 2-т. –Алматы: Ғылым, 1992.- 224 б.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев / Құрастырушылар: С.Е. Нұрмұратов, Б.М. Сатершинов, А.Д.Шағырбаев. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 359 б.
Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы: «Білім» баспасы, 1997. – 323 б.
Тұрышев А.Қ. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы.
Монография. - 2 том. - Павлодар: Кереку, 2008. - 204 б.
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. -304 б.
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Этнолингвистика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. - Семей, 2013
Бахашева Жанар Сапарбекқызы
Алатау жалпы орта білім беретін мектебі,
ОҚО, Төлеби ауданы, Қазақстан
МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстандағы соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер білім беру жүйесінің барлық салаларына өзгерістер алып келді. Республикамыздағы білім беру жүйесіндегі реформаларға байланысты «Білім туралы заң», «Білім беру туралы мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» т.б. мемлекеттік құжаттар білім беру мазмұнын анықтап беріп отыр. Аталған құжаттарға сәйкес жоғары білім беруді дамытуда көзделетін негізгі мақсат оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті және ғылым, мәдениет, білім беру процесін бірлікте тану негізінде жас ұрпақты тәриелейтін білім берудің тұңғыш жаңа моделін қалыптастыру болып табылады.
Білім берудің жаңа үлгісін жасау – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер талап етіп отырған міндет. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі ерекшелік – оқытуды ізгілендіру, демократияландыру негізінде оқушының ақыл-ойын дамыту, танымдық әрекетін белсендіру, өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыру. Ғылыми пәнді игертуде елеулі нәтижеге жету мұғалімнің лингвистикалық теориялық білімімен қатар, педагогикапсихология ілімін жетік, жан-жақты игеру деңгейіне, оқу үдерісінің өн бойында оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруына, оқушының оқу-танымдық белсенділігін арттыратын белсенді оқыту әдістерін, құралдарын қолдана білу шеберлігіне, білім мазмұнының ізгілік сипат алуына, оқытудың тұлғалық-бағдарлық, кәсіби бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруына байланысты. Оқушының ғылыми ұғымдар жасап, оны меңгеріп есте сақтап қана қоймай, оны игерудің амал-тәсіліне үйренудегі оқу әрекетін өзі басқарып, өз мақсаттарына сәйкес нәтижелерін қолдана білуге үйренеді.
Оқу үдерісі құрылымы жағынан мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыстан тұрады, яғни оқу үдерісі – мақсатқа негізделген мұғалім мен оқушы ісәрекетінің үйлесімді әрекеті. Морфологиялық ұғымдарды игертудегі мұғалімнің инновациялық қызметі – оқытудың психологиялық, педагогикалық қағидаларын негізге ала отырып, оқыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім мазмұнын жаңа ғылыми ұстанымдар негізінде оны ұйымдастырудың тиімді түрлерін таңдау арқылы оқушының ғылыми-теориялық білімін қалыптастыру.
Морфология негіздерін оқыту әдістемесінің тиімділігі оқушы мен мұғалім әрекетінің жоғары дәрежеде біртұтастықта үйлесімді түрде жүзеге асуының нәтижесіне байланысты. Нәтижеге жетуде басты мәселе – оқушының жеке ерекшеліктерін, оқутанымдық іс-әрекетін психофизиологиялық қырынан зерттеп білу, ал белсенді оқу әрекетінің нәтижесі – ғылыми-теориялық білім қалыптастыру. Бұл үдеріс оқу материалын ұғыну, оны тәжірибеде дұрыс қолдана білу, ойлау операцияларының жинақтау, талдау, салыстыру, дерексіздендіру, жалпылау түрлерінің бірлескен қызметі негізінде жүзеге асады. Оқу әрекеті, негізінен, оқушының білімді игеруі, меңгеруі болса, екіншіден, мұғалімнің өз шәкіртінің білімге ынта-ықыласын оятып, белсенділігін көтеріп, дүниеге саналы көзқарасын қалыптастыру жолындағы әрекетінің тоғысы болып табылады. Оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеруде белсенді әдістер мен кез-келген әрекет тапсырмаларды анықтау, өзара әрекет түрлерінің жүзеге асуының амал-тәсілдерін белгілеу, оқытудың қолайлы, оңтайлы, белсенді әдістерін қолдану секілді мақсат қоюдан басталады. Оқытудың мақсаты білімі дайын күйінде қабылдап, іскерлік, дағды қалыптастырумен шектелмеуі тиіс, оқу студенттің ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін өздігінен білімін жетілдірудің амал-тәсілдерін игеру қабілеттерін дамытуды, келешек кәсіби бағыттағы мәселелерді шешудің қолайлы да тиімді амал-тәсілдерін, жолдарын меңгеруге мүмкіндігі мол жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат етуі керек. Оқу әрекеті – ғылыми ұғымдарды игерудің жалпыланған тәсілін игеру [1,245]. Демек, теориялық білімді меңгеру оқушының ақыл-ойының тез дамып жетілуіне бағытталған әрекет деп түсінуге болады. Оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеруде белсенді әдістер мен оқу құралдарын жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсарин кезінде сауатын ашуды ғана мақсат тұтқан мектептерге қарсы болғаны белгілі. Оның мектептегі оқыту жүйесі теория мен практика арасындағы байланыс негізінде құрылып, жаңа мәдениетті азаматты тәрбиелеуге негізделуі тиіс деген түйіні дамыта оқытудың табиғатын дәл танытады. Ал М. Дулатовтың «оқуда мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек» деген қағидасы ұлы ұстаздың ойымен тоғысып жатыр [2, 239].
Оқу әрекеті – теориялық білімді меңгеру, ал оқу әрекетін қалыптастыру өз бетінше және шығармашылық тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыру [3,3].
Оқу әрекетінің құрылымы оқу-танымдық уәждемеден, оқу тапсырмаларынан, бақылау (өзіндік бақылау), бағалаудан(өзіндік бағалау) тұрады. [4,196]. В.В. Давыдов осылардың біреуі өз деңгейінде жеткілікті орындалмаса, білім алуда жүйенің қалыптаспайтынын (деформация) баса айтады [5]. Оқу әрекеті құрылымының өзіне тән уәждері болады. Оқу әрекетін қалыптастырудың бірінші алғышарты уәж қалыптастыру. Оқу әрекетінде уәждің маңыздылығын қазақтың ұлы тұлғасы М. Жұмабаев былайша пайымдайды: «Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті ске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін бекітетін себептер, яғни дәлел мотив деп аталады. Бұл қайраттың мақсатқа жету үшін жанның алға ұмтылуының бірінші басқышы» [6, 102]. «Себепсіз әрекет болмайды» [7,12], сондықтан адамның әрбір іс-әрекеті уәж(мотив) арқылы жүзеге асады. Уәж - әрекетке итермелейтін пәрменді күш, түрткі, ынта-ықылас, қызығушылық. Уәжді қалыптастырудың маңызды шарты – педагогикалық үдеріс компоненттерінің бірлікте жүзеге асуы. Танымдық уәждеме –танымдық әрекеттің қозғаушы күші, түрткісі. Білім беру үдерісінде білім мазмұнын кәсіби бағдар беруге сәйкестендіріп, оқытудың жаңа формалары мен белсенді әдістері негізінде оқушының білім алуға ынта-ықыласын оятып, білімді саналы берік игеруге мүмкіндік жасауға болады. Мұндай жағдайда оқушының алға ұмтылуының бірінші басқышы –білікті болуға, жан-жақты білім алуға ұмтылу болмақ. Демек, біздің жағдайымызда морфологиялық ұғымдар жүйесін қалыптастыру оқу үдерісінде оқушының белсенді әрекетінің негізін құраушы элементтер мазмұнын анықтау. Біздіңше, олар ең алдымен танымдық уәж қалыптастырумен тығыз байланысты. Оқу әрекетінің маңызды құрылымдық бөлігі ретінде оқушының оқып-білім алуға, жағымды уәжін қалыптастыру болып табылады. Ол оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеруге, сондай-ақ танымдық кәсіби қызығушылықтарына, ең бастысы оқушының қарқынды, белсенді оқу негізі болатын оқу формаларының, оқыту әдістерінің, оқу құралдарының негізіне құрылған оқу-әдістемелік жүйенің мазмұнына байланысты.
Оқу әрекеті мақсаттылықпен байланысты болғандықтан, оның дұрыс қойылып, соған жетуге ұмтылыста уәждің маңыздылығы ашыла түседі. Уәж – оқушының ынтасы, талабы, мұқтажы, әлеуметтік ортада қажеттігін сезінуі. Жеке тұлғаның қалыптасуы, оның психикалық жағынан дамуына танымдық қызығушылыққа негізделген білім ғана ықпал етеді. Танымдық уәждеме ұғу, ес, ойлау т.б. психикалық процеске әсер ете отырып, тұлғаны белсенді әрекет жасауға ұмтылдырады.
Танымдық уәж – проблемалық білім берудің құрамдас бір бөлігі, ол белсенді оқыту ұстанымдарына негізделгенде ғана тиімді болады. Оқушының танымдық қызығушылығын кәсіби уәжіне сәйкестендіру арқылы жоғары нәтижелерге жетуге болады. Уәж адам белсенділігінің деңгейін анықтап қана қоймайды, ол тұлғаны бар ықыласын, күшін салып, мәселені шешуге ұмтылдырады. Оқу әрекетінде қызығу білімді терең де берік қабылдауға көмектеседі. Оқу уәждерінің даму қарқынына қарай білім алуға қызығу да бірте-бірте қалыптаса бастайды, алайда қызығу пәрменді, белсенді болмаса, нәтиже де солғын болатынын назарда ұстау керек. Танымдық қызығу жаттығулар жүйесін морфологиялық талдау, оппозициялық, синтагмалық, диахрондық т.б. талдау, лингвистикалық тәжірибелер жасау арқылы морфологиялық ұғымдардың тілдегі қолданысына бақылау жасау арқылы оның ішкі заңдылықтарын ашу, тілдің басқа қабаттарымен байланыстыру, білім мазмұнына жаңа ғылыми тұжырымдарды енгізу арқылы, проблемалық сұрақтар қою арқылы ойға түрткі салудан, проблемалық жағдаяттар құрудан, дидактикалық ойын элементтерін тиімді қолданудан, пікірталастар ұйымдастырып, оған белсене қатысудан, яғни өзіндік әрекеттік шешімдік қабылдауға талпынудан, компьютерлік т.б. пәрменді құралдарды қолданудан басталады. Мұнда оқушы даяр білімді селқос, енжар күйде емес, оны белсенді оқу әрекеті, яғни өздігінен ой қорытындыларын жасау, оқу материалын талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, ереже, анықтамалар шығару негізінде қабылдайды. Мұндай жолмен қалыптасқан білім саналы меңгеріліп, оқушының кәсіби ойлауы дамуының негізі болып болашақ кәсіби қызметінде нәтижелі қолданылады.
Оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыратын факторлар: базалық білім мазмұнының жаңартылуы, мақсат-міндеттерді субъектілердің екіжақты бірлесе қоюы; оқытуды ұйымдастырудың инновациялық түрлерін, оқытудың топтық, ұжымдық формалармен үйлесімділігі, нәтижелігі; оқытудың белсенді әдістері: проблема қою, ми шабуылы, пікірталас, ойталқы, оқу ойындары, шығармашылық-ізденімдік жаттығулардың, көрнекіліктің молдығы; мультимедиалық-компьютерлік бағдарламаның тиімді қолданылуы, оқытуды ұйымдастырудың топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстардың бірлікте жүзеге асуы, өзара, өзіндік бақылау, тексеру, рефлекция рейтингілік бағалау жүйесінің жүзеге асуы.
Білім беруде проблемалық жағдай туғызу үшін оқушының бұрынғы білімі мен жаңа білім көлемінің ара қатысы ескерілуі керек. Т.И. Шамова да танымдық белсендірудің негізгі құралдары проблемалық оқу мен оқушының өздігінен жұмыс істей білу қабілеті деп пайымдайды [8]. Морфологиялық ұғымдарды игертуде проблемалық жағдаяттарды тілдік фактілерге талдау (бақылау, салыстыру, топтау, талдау, жинақтау) негізінде жасауға болады. Танымдық оқу әрекетін белсендірудің маңызы факторларының бірі – белсенділіктің ішкі түрткілері – танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру. Бұл факторлар оқытудың белсенділік, әрекеттік жүйесінде жүзеге асады.
Дүниені танып білуде ұлы Абай айтқандай «... ынтамен ұғу керек, қайтарып, ойланып, көңілге». Ес-жады есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту секілді процестерден тұрады, сондай-ақ ес қысқа және ұзақ уақыттық болып бөлінеді. Оқу материалын, білімді ұзақ есте қалдыру (ырықты есте қалдыру) үшін, оны тудыратын уәждерді ғалым Қ. Жарықбаев былай көрсетеді: « есте қалдыруда әркез мақсат қойып отыру; жоспар құру есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді; мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтау; арнаулы шартты белгілерін қолдану; дұрыс қайталауға байланысты; бекіту керек» [9,170].
Морфологиялық ұғымдарды игеру әрекетінде қайталап, жүйелеп, қорытуда аталған психологиялық алғышарттарды есте сақтаудың маңызы зор. Есте сақтау механизмдерінің ішінде қайталау мен жүйеліктің маңызы зор. Қайталау жаттанды емес, білімді бір-бірімен байланыстары негізінде тереңдетуге негізделуі керек. Демек, білімді жаттанды түрде емес, оны саналы игерту мақсатында, тереңдете, толықтыра отырып, қайталаудың мәні
Оқу материалының мазмұны «Нені оқыту?» мәселесі оқу материалының мазмұндық бөлігін анықтаса, «Қалай оқыту?» -оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерінің, оқу құралдардың бірлікте жүзеге асуын айқындайды. Тілдік құбылыстарды бірімен-бірін салыстыра отырып, өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасап, оларды жинақтап топтастырып, ой қорытындыларын жасап, бұрынғы білім мен жаңа білім арасында байланыс болғанда оқу тиімді болады. «Қабылдау процесінде сезім мүшелері қаншама көп қатынасса, қабылдау да соншама толық болады» [10, 158]. Осы турасында Ш. Құдайбердиевтің тұжырымы назар аударарлық: «Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұрын, иіс, тіл, дәмнен хабар бермек, Бесеуін мидағы ой хабар алып, Жақсы, жаман әрі істі сол ескермек» [11, 58].
Морфологиялық ұғымдарды түсінуде қиындық келтіретін мәселелердің бірі алдымен терминді жаттап алып, мазмұнын терең түсінбеуі, сондықтан олардың ұғымдармен байланысы, терминдерді этимологиялық түсініктермен толықтыру, терминологиялық сөздіктермен жұмыс істей білуге үйрену қажет. Проблемалық оқыту оқушының танымдық белсенділігін арттырумен ерекшеленеді. Айталық, қазақ тіліндегі жақ категориясын меңгертуде жақтық мағына предикативтік мәнмен теңесе ме, жіктік жалғау тек жақтық мағынамен шектеле ме деген проблемалар тұрғысынан сұрақтар қойылып, шешу жолы мен тәсілдері, яғни болжамы құрылады, соның негізінде оқушы белсенді әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім оқушылармен бірге шешу тәсілдерін былай белгілеуі мүмкін: 1) жақ көрсеткіштері бар мысалдар жинау; 2) қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуін топтастыру; 3) жақ көрсеткіштерінің (жіктік және тәуелдік жалғаулары) грамматикалық мағыналары мен формаларын сөйлемдер құрастыру негізінде айқындап, олардың басты ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсету.
Қорыта келе, оқушының оқу әрекетінің психофизиологиясын білу – оқуға жағымды танымдық уәж тудыру, білімге қызықтыру, оқытудың белсенді әдістері мен дәстүрден тыс оқыту формалары мен олардың өзара бірлікте жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ендеше тілдік материалды игере отыра, оның қолданбалы функционалдық, әлеуметтік жағын практикада жүзеге асыра білу, алынған теориялық білімнің практикада дағды дәрежесіне көтерілуі қажет.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатындай етіп даярлау қажет болып отыр. Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру - ұстаздың басты парызы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. М.,1989
Дулатов М. Шығармалары. А.:Жазушы. 1991
Давыдов В.В. Теории развивающего обучения. М.,1996
Коджаспиров, Зимняя И.А. Педагогическая психология. Учебник для вузов. М.:Логос, 2003.-384 с.
Давыдов В.В. Содержание и структура учебной деятельности школьников.// Формирование учебной деятельности школьников. Под ред. В.В.Давыдова и др. М.:Педагогика. 1982. -216с.
Жұмабаев М.Педагогика. А.,1992. -112 б.
Леонтьев А.Н. Основы речевой деятельности. М.,1974
Шамова Т.И. Активизация учения школьников. М.: Педагогика, 1982. -208 с.
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. А.,2002. -415 б.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1993. -240б.
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1988.
Ақынбаева Гулзира Мырзатайқызы
Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖОМ
Кентау қаласы, Қазақстан
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Халық поэзиясы көбіне ауызша шығарылып, ауызша айтылады. Кейін қағазға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі.
Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Жамбыл Жапаұлы болды. Оның өлең – жырлары бүкіл Кеңес Одағына және көптеген шетелдерге мәлім. Ақындық таланты қайта гүлдеген Жамбыл өз халқының жаңа өмір орнату жолындағы еңбегін, ерлік күрестерін, бүкіл әлем алдындағы ұлылығын, айбынды қуаттылығын жырлады. Мұның бәрі сол кездегі кеңес өкіметі насихаттаған уағызбен үндескен.
Жамбыл бейнесін кеше ыдыраған КСРО мүдделерінен бөліп алу қиын. Сондықтан
Жамбыл шығармалары сол жырлаған күйінде қаралып, талдануы тиіс. Енді оны өзгертем деп, бұрмалай қарауға болмайды. Өйткені ол кездегі өмір шындығы солай еді, наным, түсінік солай болатын.
Жамбылдың бедерлі, бейнелі өлең – жырларын бүкіл халық ықыласпен оқығанда, олардан ілгері дамыған жаңа тұрмыс суретін көріп отырмыз деп ойлады. Бірақ шындық басқаша еді.
Балалық шағынан-ақ өлең айтуға құмар Жамбыл ел ішіндегі түрлі оқиғалар туралы, жеке адамдардың мінез-құлқы туралы өлең шығаруды ерте-ақ бастайды. Жамбылдың 1516 жасар шамасында шығарған “Шағым” деген өлеңі жас ақынның зор келешегін аңғартқандай. Ақын шәкірттеріне білім беруден гөрі өз құлқының көбірек ойлайтын топас молдалардың сиқын айқын келеке етеді: Оқымаймын молдадан, Екі иығын қомдаған. Бала келсе сабаққа, Жем аңдыған дорбадан. Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған. Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған.
“Кедей күйі” деген өлеңінде Жамбыл аш-жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейлердің аянышты халін суреттейді. Қысы – жазы тынбай еңбек етсе де, кедей тоя тамақ ішпейді. Өйткені бай оның ақысын түгел бермейді. Жалшы еңбегін тегін пайдаланады. Жалшылыққа шыдай алмаған кедейлер ел аралап, қайыршылық етеді.
Жамбыл:
Қайтіп жаның ашымас, Неткен заман қатыбас?
Еткен еңбек, төккен тер,
Қалай түкке татымас? –
деп, бұл жоқшылыққа сол кездегі “қатыбас заман” кінәлі екенін білдіреді. Кедейлердің ауыр тұрмысын Жамбыл басқа да көптеген өлеңдерінде суреттеп көрсетеді.
Алайда сол заманда Жамбыл, басқа ақындарға қарағанда, халық тақырыбын жырына арқау етіп, қолынан келгенінше кедейлерге көмектескісі келеді, олардың ауыр тұрмысын жыр етті.
1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Жамбыл қайғы-қасіретке, қуғынға ұшыраған халықтың мұңын жырлайды. Майданның қара жұмысына адам алу туралы патша жарлығына қарсы шыққан бұқара халықты басып – көктеп, қарулы күш жұмсап қан төккен патша жендеттеріне халық атынан лағынет айтады (“Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық”).
Жамбыл шығармаларынан ақынның әрбір әлеуметтік маңызы бар оқиғаға белсенді араласып, өлеңдерінде халық мүддесін жырлауға ұмтылып отырғаны байқалады.
Жоғары идеялы көркем шығармаларымен Жамбыл халқымыздың
патриоттық сезімін күшейтті. Еліміздің өсу тарихына байланысты қандай бір маңызды мәселеге болса да Жамбыл үн қоспай қалған емес.
Жамбылдың шығармалары тақырыбы жағынан әр алуан. Ол сонымен бірге, тек бірлігі күшті ел ғана гүлденіп, табысқа жете беруі мүмкін деген қорытынды шығарады: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр. Бір-бірімен туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер, Монғол, ұйғыр, дүнгендер... Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Қазақ халқы мен орыс халқының бұрынан келе жатқан дәстүрлі достығы Жамбыл өлеңдерінен ерекше орын алады. Бұл достық – кездейсоқ емес, жарқын болашақты, бостандықты аңсаған еңбекші халықтардың достығы. Бұл достық – өткен ғасырда орыс халқының ұлттық мақтанышы Пушкиннің, Лермонтовтың, Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты болды. Жамбыл мұны былай жырлайды:
Пушкиннің сайрап кеткен жырын талай, Шырқаған даланы өрлей ақын Абай, Алабын Алатаудың әнге орай. Туысқан халқымменен құшақтасқан, Біледі Қазақстан туғанындай.
“Тарас” атты өлеңінде Жамбыл Украинаның ХІХ ғасырдағы революционер ақыны Тарас Шевченконың өмірі айдау мен тұтқында өткенін, бостандық, кеңшілік өмірді аңсағаны үшін оны патша үкіметі қуғынға ұшыратқанын туысқандық, сүйіспеншілік сезіммен жырлайды. Байлар мен билердің заманында қазақ даласында өзінің де өмірі осылай өткенін Жамбыл жалпы халықтың бұрынғы тағдырымен байланыстыра айтады.
О бір кезде, ақынмен,
Сен де іздедің бостандық,
Мен де іздедім бостандық,
Халықпен бірге менде де,
Еркіндіктің таңына
Күшті еді бізде құштарлық.
Халықтар достығына арналған өлеңдерінде Жамбыл теңдік ала алмай, мәдениеттен тыс қалған қазақ сияқты көптеген ұлттардың өсіп – дамуға бет алғанын жырлайды. Халықтар достығы – еліміздің жеңіске жете беруінің, мәдениеттің өркендей беруінің кепілі.
Жамбыл өлеңдерінің негізгі тақырыптарының бірі – Отанды сүю, халық алдындағы азаматтық борышты өтеу, патриоттық сезімдерді күшейту. Қолға қару ұстап, Отанның тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау ел азаматтарының қасиетті міндеті екенін ақын терең сезінеді.
Жамбыл өзінің поэма, толғауларында, өлеңдерінде өткен ғасырлардағы халық өмірінің шындығын суреттей келіп, сол ауыр қыспақтан шығу жолындағы халық күресін жырлайды. Отанды қорғауға қырағы, сақ болу идеясын Жамбыл партиотизм идеяларымен ұштастырады. Ақын оқушы жұртшылықтың өз Отанына деген сүйіспендік сезімін күшейтеді.
Жамбылдың соғыс кезіндегі шығармаларының сипатын көрсететін жұртқа мәлім өлеңі “Ленинградтық өренім”. Бұл өлең 1941 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жау қоршауында қалған кезде шығарылған өлең. Жамбыл бұл өлеңінде Ленинградтықтардың қаһармандығын көрсетіп, ауыр қиыншылықтарды бастан өткізген өрендерді жыр етеді
Ауыл, қыстақ шаһар да, Ел салмағы қорғасын, Қорғағалы ордасын.
Ағытылған от арба,
Батырларым жіберген Құйып жатыр қалаға,
Деп жауымыз сорласын.
Ғасырлары бойы айтылып, барған сайын шыңдала түскен халық өнерінің ең жақсы жақтарын бойына сіңіре білген Жамбыл өз өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін бұрынғыдан да жаңа, жоғары сапада көрсетті. Ол халық поэзиясы сатысынан жазба поэзияның дәрежесіне дейін көтерілді. Сөйтіп, ол халық поэзиясына жаңа өң, соны сипат әкелді. Эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу, әсірелеу Жамбыл өлеңдерін тек көркемдік жағынан байытып қана қоймай, сонымен бірге олар шығарманың идеялық мазмұнын барлық жағынан айқын көрсетуге көмектесетеді. Жамбыл “асқар тау”, “қызыл тіл”, “қыран құс”, “айдын шалқар көл”, “көкорай шалғын” сияқты халық жырында ертеден келе жатқан эпитеттерді бейнелі түрде көрсету үшін қолданды.
Ақын кейіптеу, ұқсату әдістерін де шеберлікпен қолданды. Мәселен, “Мәстек пен тұлпар” деген өлеңінде Жамбыл өткен заманды тепкілесе де жүрмейтін мәстек етіп көрсетеді, ал қазіргі жаңа заманды “тоқымы жібек, ері алтын” жүйрік тұлпар етіп бейнелейді. Мұның бәрі – халық поэзиясына тән тұрақты көркемдік құралдар. Мұның бәрі – поэзиясына тән тұрақты көркемдік құралдар. Жамбыл жаңа идеялы шығармаларына сәйкес, жаңа ақындық сөз өрнектерін де қолданды. Бұлт жамылып, Мұз жастап...
Серік болып бұлтпенен, - деген ақындық шебер сөзбен ұшқыштың айқын сипатын берсе,
Темір тұлпар мінген қыз...
Жапан қырды төңкерген,
Қырды егінмен көмкерген, - деп, тракторшы қыздың сипатын көркем елестетеді. Жамбылдың ақындық тілі – қалың бұқараның барлығына да түсінікті, жатық халық тілі. Жамбыл тіл өнерін жоғары бағалады. Поэзия тілін ақын өмір бойы жанып тұратын қасиетті шамшыраққа теңейді, оның өткір, терең мағыналы көркем әрі шешен сөздерді еш уақытта естен кетпейді. Тіл өнерін жоғары қасиеттеген Жамбыл өз өлеңдерін осы талапқа сай шығарды... Жамбыл қолданған мақал – мәтелдер де көп. Ол өлеңге ерекше мазмұн, нәр береді:
Арамзаның құйрығы
Бір-ақ тұтам деген бар,
Жауды аяған жаралы,
Кейде ақынның өз сөзі де мақалға айналып кетіп отырады. Бұл Жамбыл тілінің халықтылығын, халыққа түсініктілігін дәлелдейді: Жар астында жау тұрса, Бейқам жатқан ұйқы арам. Бізде жауға рақым жоқ,
Жау жазасы – жалынды оқ.
Ақындық өнерде халық поэзиясының жақсы дәстүріне сүйеніп, өмірдің күнделікті талап–тілегінен қалыспай, халықпен бірге өскен Жамбыл өз шығармаларын да барған сайын жақсартып, көркемдеп отырды.
Жамбыл поэзиясы форма жағынан да әр алуан. Ол – ауыз әдебиеті дәстүріндегі ақын болғандықтан халық поэзиясындағы қалыптасқан өлең, жыр үлгісін толық пайдаланды. Бірақ ақын бұрынғы формаға жаңа мазмұн, жаңа мағына берген. Ал кейбір өлеңдері Абай немесе осы күнгі жазба ақындардың үлгісімен жырланады. Мәселен, “Орден алғанда” деген өлеңінде өзінің сеземін кезек ұйқасты формамен айтады:
Жаудың мойнын жұлдыра
Сарбаз шапса қылышын, Жау жүрегін сындыра Жырдың салам құрышын.
Бірақ бұл үлгі Жамбылда сирек. Ақын шығармаларының көпшілігі жеті буынды жыр және он бір буынды қара өлең үлгілерімен жырланады. Жамбылдың төрт жолды, он бір буынды формадағы өлеңдері өте көркем болып келеді. Мұндай он бір буынды өлеңдерде кейде редифті ұйқастар кездеседі (жолдың ең соңғы сзі үнемі қайталанып, ұйқас оның алдындағы сөздерде болады).
Үйірілген қышқыл, тәтті сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат дәрі қымыз, Ыстықта ұрттар сусын таппағанда,
Ерте-кеш байлар ішкен кәрі қымыз.
Жамбыл өлеңінің дыбыстық үндестігінде, оның әуезді, әсерлі болып шығуына көп көңіл бөлген. Сондықтан да ақын өлеңдері ұйқас, үндестік жағынан құлаққа жағымды, дыбыс ырғақтары аса ұнамды келеді. Ақынның тақпақ, толғау түріндегі жырлармен қатар, өмірдің, табиғаттың көрініс, құбылыстарын, адамның көңіл күйлерін суреттеген лирикалы жыр, өлеңдері бар.
Жамбылдың атын бұрынғы Одақтың барлық халықтары білетін. Оның шығармалары орыс тіліне аударылды. Шетелдің алдыңғы қатарлы прогресшіл адамдары Жамбыл үлкен жыршы деп таныды. Жамбылдың көптеген өлеңдері ағылшын, француз испан, қытай тілдеріне аударылып таралды.
Бұл сабақта Жамбыл Жабаевтың өмірі жайлы оқушыларға қысқаша түсіндіруді, өлеңді мәнерлеп оқуға үйретуді, адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, бірлікке тәрбиелеуді мақсат еттім.
Көрнеклікке буклет, нақыл сөздер жазылған плакат, мақал-мәтелдер, Ж.Жабаевтың өлеңдер жинағы, т.б. пайдаланылады.
Мұғалімнің қысқаша кіріспе сөзінен кейін, оқушыларға берілген тақпақтарды айтқызып, талдау жүргізілді.
Жамбылдың туған жері туралы не білесің?
Жамбыл Сүйінбаймен қалай кездесті?
Ол өзін неге Сүйінбайдың шәкіртімін деп атайды?
Жамбыл кімдер туралы жырлады? Буклет бойынша жұмыс жүргізу. “Өсиетім: шындықты, адал сүй,
Ардақтаған халықты, адамды сүй”. Сабақта талданған нақыл сөздер: 1. “Алғадайым, арлы едің, Ата сөзін сыйлаған. Перзентімнің алды едің, Көңілімді қимаған”.
Үлкеннің сөзін тыңдау, өзін сыйлау кішінің міндеті екенін о бастан-ақ өнеге еткен. Ата-ананың бауырында жүріп-ақ өкінішке ұрынған бала аз ба?
“Ата – баба мұрасы, Көздің қара - ағындай”.
Ата-бабамыздың рухани қазынасын аялап, келер ұрпаққа толық жеткізу үлкен адамгершіліктің белгісі.
“Күреске шақырмаса, ақын ба, ақын, Ақын болса халыққа болсын жақын”.
Ақын өзінің халық алдындағы міндеті мен парызын терең түсінсе екен дейді. Ақын болсын, өнер қайраткері болсын ол халықтың адамы, сондықтан халық атынан сөйлесін.
Ақындық жолға талап қылған Жамбылдың балауса жырына риза болған ұлы ұстазы Сүйінбай: “Қолымды жайып, ақ батамды берейін, ұлым! Бірақ, есіңде болсын, домбыра – садақ та, өлең – жебе, ақылмен пайдалана білгейсің. Шын ақынның ар-ұяты өлеңінде. Әділ де батыл бол. Сенің өлеңің халқыңа медет берсін, ісің өнегелі болсын” деп ақ батасын берді.
Жамбыл ақынның пірі санаған ұлы ұстазының бұл ақыл-өсиетін ешқашан есінен шығармайды.
Айтыстары мен толғауларында елдік пен ерлікті жырлап, ұлы ұстазы мен халқының алдында ақындық парызын адал орындайды. 4. “Өсиетім: шындықты, адалды сүй, Ардақтаған халықты адамды сүй.
Елдің тіккен іргесін игілікке,
Тап бүгінгі бақытты заманды сүй”.
Адалдықты, ізгілікті, пәктікті жаныңа серік ет. Туған жеріңді, халқыңды қадірле. Елдің іргесін сақта дегені. Данышпанның бұл өсиеті қазіргі туған жері мен елін тастап, жайлы мекен іздеп үдере көшкен ағайындарға арналғандай.
“Жігіттіктің кезеңінде, Жігерлі болса ер болар”.
Жастық шақ лапылдаған жалын емес пе. Жас екенсің, жасық болма. Жасық адамнан қайран жоқ. Жылуын жанындағыларға төге алмайды. Жалынды, жігерлі бол, - дейді бабамыз.
“Шаққыш жылан уытты”.
Бір зұлымның кесірі көпке тиеді. Ұрлықты кәсіп етіп, ел ішінде ойран салған опасыздар күннен күнге көбеюде. Халық қазынасына, ел дәулетіне қол сұғып, арнамыстан, ұяттан безген ұл мен қыз ешкімге опа бермес.
“Жақсының өзі кішік, оты биік”.
Жақсы адам қашанда кішіпейіл, қарапайым болады. Ақылың асып, кемеңгерлігің биіктей түскен сайын, сыпайыгершілік пен кішілігің, адамгершілігің де қатар жүрсін.
“Жаманның көңілі көкте, жерде басы!”.
“Жаман” деген сөздің аясы кең. Үлкенге тіл тигізу жаман, көкірек керіп білгішсінген, отбасына маза бермейтін қытымыр адам да жаман. Аузынан боқтық шығып, бұрқырап жүрген жаман әдеттерді жаныңа жолатпа дейді кемеңгер бабамыз.
“Жауызды орны - жаханнәм”.
Пендеге жауыздық жасаған адамды жазалау – парыз, - дейді ақын. Жауға мейлінше қатал, досқа мейірімді болу – адамдардың міндеті. 10. “Жетілдім деп, жеттім деп, Қар суындай тасыма. Жақсылық қылсаң, жақсылық, Жетеді деген басыңа”.
Аяқ астынан дандайсып, кеудесін көтерген адам ұзаққа бармайды. Қолыңнан келсе, жақсылық істе. Өз басыңның қадірін ойлаған, кісіге жақсылық жасаудан жалықпайды.
“Абай – ойдың кеніші,
Жамбыл – жырдың жемісі”
деп орынды мақтан еткен қос алыптың арман мүддесі, ойлаған мақсаты – қазақтың бірлігі, ағайынның бауырластық мейірімі еді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жамбыл Жабаев Алматы “Мектеп” – 1989 ж. 5-24 б.б.
Жамбыл. Анкара 1996 ж. 292-303 б.б.
Жамбыл “Туған елім” Алматы “Ратитет” 2006 ж.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 7 - том
Қазақ әдебиеті. Алматы “Рауан” 1994 ж.
Журнал. Тәрбие құралы. 3-2007 43-44 б.б.
Журнал. Ұлт тағылымы. 6-2000 75-80 б.б.
Ізденіс. 1-2000. 28-29 б.б.
Журнал. “Қазақ тілі және әдебиеті” 4-2007. 120 б.
Айтметова Рахат Азизовна
Учитель русского языка,
Казахстан
ФОРМИРОВАНИЕ КРЕАТИВНОСТИ В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ РУССКОМУ ЯЗЫКУ
Креaтивность (от лaт. creatio-созидaние) – творческие способности индивидa, хaрaктеризующиеся готовностью к продуцировaнию принципиaльно новых идей и входящие в структуру одaренности - в кaчестве незaвисимого фaкторa [1].
Креaтивность – реaлизaция творческого потенциaлa, принятия нестaндaртных решений, кaк признaк интегрaции знaний и формировaния учебно-познaвaтельного тезaурусa нa основе aнaлизa, синтезa и оценки [2].
Креaтивность рaссмaтривaется кaк 1) неотъемлемaя сторонa духовности и условие творческого сaморaзвития человекa; 2) интегрaльнaя способность продуцировaть новые идеи и доводить их до реaлизaции; 3) существенный резерв сaмоaктуaлизaции, сaмосовершенствовaния и сaмореaлизaции.
С понятием «креaтивность» тесно переплетaется понятие «творчество». Если творчество понимaется кaк процесс, имеющий определенную специфику и приводящий к создaнию нового, то креaтивность рaссмaтривaется кaк потенциaл, внутренний ресурс человекa, его способность откaзaться от стереотипных способов мышления или способность обнaруживaть новые вaриaнты решения проблем.
Креaтивность тaкже можно определить кaк способность личности к
конструктивному, нестaндaртному мышлению и поведению, осознaнию и рaзвитию своего опытa
Способности– это своеобразие особенностей личности, позволяющие ей овладевать разными видами деятельности и совершенствоваться в них.
Творчество – создание новых по замыслу культурных, материальных ценностей.
Творческие способности –предполагают позитивное преобразование окружающего мира путём создания оригинальных, неповторимых, новых духовных или материальных ценностей.
Креaтивность рaссмaтривaется нaми, кaк динaмическое интегрaтивное свойство психики, позволяющее реaлизовaть личностный потенциaл в профессионaльный.
Креативность – способность к творчеству, к преобразованию информации при отказе т стереотипных способов мышления; независимый фактор одаренности.
Все исследования способности к творчеству, креативности можно поделить на две группы:
Креативность–универсальная познавательная творческая способность, основанная на взаимодействии интеллекта, когнитивных способностей и реальных достижений. Представители этого направления:Дж. Гилфорд, С.Медник, А. Пономарев, С. Тейлор, Э. Торренс. Их научные достижения заключаются в изучении влияния интеллекта на способность к генерации новых идей.
Креативная личность представляет собой комплекс своеобразия индивидуальных творческих особенностей. Исследования этого направления посвящены поиску описания характеристик «портрета творческой личности», мотивов и социокультурных факторов креативности (Ф. Баррон, А. Маслоуи др.) [3].
Сегодня в центре учебного процесса – обучающийся, его личность, внутренний мир, поэтому основнaя задача учителя - выбрaть формы и методы оргaнизaции учебной деятельности обучaющегося в эффективной креативной языковой образовательной среде.
Потребность развития креативности студентов обуславливает выбор педагогических технологий для достижения целей и решения задач, поставленных в рамках учебной дисциплины «Иностранный язык».
При выборе методов, средств и приемов развития креативности при обучении русскому языку можно активно использовать такие технологии как [4]:
развивающие технологии;
технологию личностно-ориентированного обучения;
игровые технологии;
технологию коммуникативного обучения иноязычной культуре;
технологии проблемного обучения;
элементы программированного обучения;
элементы интенсивной методики;
групповые технологии;
теорию поэтапного формирования умственных действий;
технологию индивидуализации обучения;
педагогику сотрудничества;
информационно-коммуникационные технологии.
Приведем примеры упражнений и заданий, которые способствуют формированю креативности обучающхся в процессе обучения русскому языку.
1.Задание « Результаты усовершенствования»
Инструкция. Ты видишь набросок (эскиз) мягкой игрушки – слона (рис. 1). Придумай, как можно изменить этого игрушечного слона, чтобы детям было веселее и забавнее с ним играть. Напиши самые интересные и необычные способы его изменения.
2.Задание «Словесная ассоциация»
Задача. Привести как можно больше определений для общеупотребительных слов.
Инструкция. Приведи как можно больше определений для слова «книга». Например: «красивая книга» – какая еще бывает книга? Время выполнения субтеста – 3 минуты.
3. Задание «Давайте представим»
Инструкция. Вообрази себе такую невероятную ситуацию: к облакам прикреплены веревки, которые свисают до земли (рис. 2). Что случилось? Подумай, к каким возможным событиям это приведет, какие могут быть последствия? Выскажи как можно больше догадок и предположений. Запиши свои мысли и догадки.
Задание «Названия»
Всякий раз, когда Ваше внимание остановится на каком-то предмете, явлении или объекте, придумайте свое название. Короткое, хлесткое или развернутое, витьеватое, без разницы. Главное, свое, необычное и привлекательное.
Задание «Сумасшедший генетик».
Часто встречается в детских журналах для развития логического мышления. На одном рисунке соединены воедино части разных животных, например, хвост лисы, уши зайца, лапы лягушки, копыта лошади, морда свиньи, горб верблюда. Все это Вам надо придумать самим и нарисовать несуществующее животное. Цельзадания — спрятать подальше здравый смысл и логику, сделав акцент на креативность. Художественные способности здесь не главное, важнее — сам процесс.
Задание «Безумный архитектор».
Запишите на листе 10 любых слов, для начала лучше существительных. К примеру, апельсин, тарелка, винтик, огурец, одеяло, ветер, камень, любовь, светлячок, яма. Можно попробовать и с 10 прилагательными или глаголами. Представьте, что этот список ни что иное, как требования заказчика к строительству дома. Требования обязательны и замене не подлежат. Нарисуйте дом, который бы соответствовал выбранным словам, максимально используя всю свою фантазию.
Задание «На что это похоже»
Инструкция. Внимательно всмотритесь в эти фигуры. Что они, по-вашему, изображают? Чем еще они могли бы быть? Придумайте как можно больше вариантов. Будьте смелее, будьте безумнее! Правильных и неправильных ответов здесь нет. Дайте себе пять минут.
Технология развития креативности – способствует формированию разносторонней личности, способной творчески относиться к решению поставленной задачи. Пути реализации данного процесса состоят в том, что методы и средства технологии развития креативности должны быть направлены на применение полученных коммуникативных умений в качестве источника для творческого поиска решения проблемы.
Данные технологии развивают творческую активность, формируют мыслительную деятельность, учат отстаивать свою точку зрения, помогают добиться глубокого понимания материала.
Использование вышеизложенных методов развития креативности дают широкие возможности для стимулирования личностной, интеллектуальной активности, развивает познавательные процессы, способствуют формированию коммуникативных умений в обучении русскому языку.
Литература
Щедровский Г.П. Процессы и структуры в мышлении. Курс лекций. Из архиваГ.П. Щедровицкого. - М.: Путь, 2003. - Т. 6. - 250 с.
Вертгеймер М. Продуктивное мышление М., Директор – Медиа, 2008. 548
Хуторской A.B. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативногообучения. - М.: Изд-во МГУ, 2003. — 416 с.
Галич. Т.Н. Развитие креативности в условиях инновационного обучения: дисс. ...к. пс. н.: 19.00.07 − Казань, 1999. − 174 с.
Достарыңызбен бөлісу: |