Әдістемелік нұсқау Физика 10



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата13.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60078
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
19a38f73885070998eadef0f10417db4
1566913256337, СОР Алгебра 7кл каз, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, 1567089479235, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, СОЧ Алгебра 7кл каз, sor geografiya 7kl kaz, sor fizika 7kl kaz n2, 1384409234447

   
Жауаптары. 1. 2. 2. 2. 3. 2. 4. 4. 5.3. 
Электромагниттік индукция құбылысы
Негізгі материалЭлектромагниттік индукция құбылысының ашылуы. 
Магнит  ағыны.  Ленц  ережесі.  Индукция  ЭҚК  (электр  қозғаушы  күш). 
Электромагниттік индукция заңы. Электромагниттік индукция құбылысының 
маңызы. Магнит өрісінде қозғалатын өткізгіштердегі индукциялық ток. 
Көрсетілімдер. Электромагниттік индукция құбылысын бақылау бойынша 
тәжірибелер. Ленц ережесі. 
Мұғалімге арналған ұсыныстар. Электромагниттік индукция құбылысын 
әртүрлі  тәсілдермен  көрсетеді:  қозғалмайтын  магнит  өрісіндегі  өткізгіш 
қозғалысы;  өткізгішке  қатысты  магниттің  қозғалысы;  электромагнит 
катушкасындағы токты жағу және өшіру кезінде, индукциялық катушкадағы 
токты  арттыру  және  кеміту  кезінде.  Осылайша,  берілген  контурды  тесіп 
өтетін магнит ағынының барлық мүмкін болатын өзгерістері, өткізгіш пен 
магниттің бір-біріне қатысты қозғалысы қарастырылады. Магниттік күштер 
бүкіләлемдік тартылыс немесе электростатикалық күштердей орталықтанған 

60
күштерге  жатпайды.  Осыған  байланысты 
магнит индукциясы векторының бағыты туралы 
мәселенің  принциптік  сипаты  бар.  Магнит 
индукциясы  қалай  бағытталатынын  анықтау 
және 

  магнит  индукциясы  векторы 

F
i
  күш 
векторына  перпендикуляр  болатынын  көрсету 
керек. Бұдан әрі магнит ұғымы қайталанады және 
кеңейтіледі, Ф=
BScos
α, сәйкес формуласы жазылады, мұндағы – магнит 
индукциясы векторының модулі, 
α – векторы мен контур жазықтығына 
жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш (14-сурет). 
Электромагниттік индукция заңын зерделеуде 
E
инд
 = –
∆Φ
t
 формуласындағы 
“минус”  таңбасының  мәніне  оқушылардың  назарын  аудару  қажет,  жалпы 
жағдайда бұл магнит өрісі өзгергенде, өткізгіш өрісінің бар болуына тәуелсіз 
айнымалы  электр  тогының  туындауымен  түсіндіріледі.  Электромагниттік 
құбылыстар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау үшін электр және 
магнит өрістерінің 7-кестеде берілген сипаттамаларын салыстырған жөн.
7-кесте
 
Электр және магнит өрістері шамаларының салыстырмалы сипаттамалары
Электр өрісі үшін
Магнит өрісі үшін
1
2
3
4
Физикалық ұғымдардың 
аталуы
Формулалар
Физикалық 
ұғымдардың аталуы
Формулалар
Нүктелік заряд
q
Ток күші. Ток 
элементі
I, Iœt
Зарядтардың өзара 
әсерлесуі. Кулон заңы
F = k
q q
r
1 2
2
Зарядтардың өзара 
әсерлесуі. Ампер 
заңы 
F = k
I I l
r
⋅ ∆
Кулон заңындағы 
пропорционалдық 
коэффициент 
k = 
1
4
0
πε
 
Ампер заңындағы 
пропорционалдық 
коэффициент 
k = 
µ
π
0
2
Электрлік тұрақты
e
0
Магниттік тұрақты
m
0
Кернеулік — электр 
өрісінің күштік 
сипаттамасы

E
 = 

F
q
Индукция — магнит 
өрісінің күштік 
сипаттамасы

B
 = 

F
I l

Электр өрістерінің 
суперпозициясы

E
=

E
1
+

E
2
+...+

E
n
Магнит өрістерінің 
суперпозициясы 

B
=

B
1
+

B
2
+...+

B
n
Кернеулік сызықтары
Магнит ағыны индукциясының сызықтары
Нүктелік заряд, зарядталған жазықтық, 
конденсатор өрісі
Түзу токтың, сақиналық токтың
соленоидтың өрісі
Біртекті электр өрісі
Біртекті магнит өрісі
Нүктелік зарядқа әсер 
ететін күш 
F = Eq
Ток элементіне 
әсер ететін күш. 
Қозғалыстағы заряд-
қа әсер ететін күш
F
A
 BIlsin
α,
F
A
 qBvsin
α,
Конденсатордың 
электрсыйымдылығы
C = 
q
U
 
Катушканың 
индуктивтігі
L = 
Φ
I
14-сурет

Жалғасы
61
1
2
3
4
Зарядталған 
конденсатор энергиясы
W = 
CU
2
2
Тогы бар 
катушканың 
энергиясы
W = 
Li
2
2
Диэлектрлік
өтімділік
Å = 
E
E
0
Магниттік өтімділік
µ = 
B
B
0
есеп шығару мысалдары 
1. 
H  =  79,6  кА/м  біртекті  магнит  өрісіне  квадрат 
рама  орналастырылған,  оның  жазықтығы  магнит 
өрісінің  бағытымен  45°  бұрыш  жасайды  (15-сурет). 
Раманың жақтары 4 см. Раманы қиып өтетін магнит 
ағынының шамасын табыңдар. 
Шешуі. Магнит ағыны Ф = 

B

 = BScos
β, мұндағы 
β  –  магнит  өрісінің  бағыты  мен  рама  жазықтығына 
жүргізілген  нормальдың  арасындағы  бұрыш.
 S  =  a
2
. 
β  
π
2
  – 
α,  B = µµ
0
H  екенін  анықтай  аламыз.  
Бұдан Ф = 
µµ
0
a

cos 45° = 113 · 10
–6
Вб.
2. Диаметрі 3 см, ұзындығы 20 см катушканың 400 орамы бар. Катушканың 
бойымен 2 А ток өтеді. Катушка индуктивтігін және оның көлденең қимасының 
ауданын қиып өтетін магнит ағынын табу керек. 
Шешуі.  Катушка  индуктивтігі  L = 
µµ
0
N S
I
2
,  өрнегімен  анықталады, 
катушканың  көлденең  қимасының  ауданы:  S  = 
π
D
2
4
.  Бұдан 
L = 
µµ
0
πN D
I
2
2
4
, 
L = 0,71 · 10
–3
 Гн. Катушканың көлденең қимасûның ауданын қиып өтетін 
магнит ағыны: Ф = 
LI
N
=3,55 · 10
–6
 Вб болады.
Бақылау жұмысы үшін келесі түрдегі есептерді пайдалануға болады.
1. Егер магнит индукциясы векторының модулі 0,4 Тл, ал электронның 
жылдамдығы  6,4  ·  10
6
  м/с  болса,  магнит  өрісінде  элек трон  сызып  өтетін 
шеңбердің радиусы неге тең болады? 
2.  Өткізгіштегі  ток  күші  0,2  с  ішінде  2-ден  6  А-ге  дейін  бірқалыпты 
артады. Бұл кезде 0,8 В өздік индукция электр қозғаушы күші пайда болады. 
Өткізгіштің  индуктивтігі  неге  тең?  Токтың  ең  жоғары  мәнінде  тогы  бар 
өткізгіштің тудыратын маг нит өрісінің энергиясын анықтаңдар. 
3.  Электрон  радиусы  3  ·  10
–5
  м  болатын  шеңбер  сызып  өтеді.  Егер 
электронның жылдамдығы 3,2 · 10
6
 м/с болса, онда магнит өрісінің индукция 
векторының модулі неге тең болады?
4. Индуктивтігі 0,08 Гн өткізгіште ток күші 1-ден 5 А-ге дейін бірқалыпты 
артады. Бұл кезде 0,2 В өздік индукция электр қозғаушы күші пайда болады. 
Ток күшінің мұндай өзгерісі қанша уақытта болады? Ток күшінің ең төменгі 
мәнінде тогы бар өткізгіштің тудыратын магнит өрісінің энергиясы неге тең?
Жауаптары: 1. = 9 10
–5
 м
2
 3. 
L = 0,04 Гн; W
m
 = 0,72 Дж. 3. В = 1,8 Тл. 
4. 
t = 1,6 с; W
m
 = 0,04 Дж
15-сурет

62
“тұрақты ток” тарауы бойынша бақылау жұмысы
Оқушылардың  игерген  білімін  тексеру  үшін  төменде  берілген  бақылау 
жұмысының мәтінін пайдалануға болады.
1-нұсқа
1. Электр тізбегі ток көзінен және 
R
1
=5 Ом, R
2
=4 Ом, 
R
3
=6 Ом кедергілер 
резисторынан тұрады (16-сурет). Ток көзінің ішкі кедергісі 0,6 Ом, ал ЭҚК 
16 В. Тізбектің сыртқы бөлігіндегі кернеу неге тең? Әрбір өткізгіштегі 
кернеу мен ток күші неге тең?
Жауабы:  U  =  14,8  В;  U
1
=  10  В;  U
2
 = 
U
3
  =  4,8  В; 
I = I
1
=  2  А;  
I
2
 = 1,2А; 
I
3
 = 0,8А
2. ЭҚК-і 25 В ток көзіне кедергісі 3,5 Ом резистор жалғанған. Егер тізбектегі 
ток күші 5 А болса, онда ток көзінің ішкі кедергісі неге тең? 
  
Жауабыr = 1,5 Ом.
3. Егер  өткізгіштердің  ұштарындағы  кернеуі  120  В  болғанда  540  кДж 
жұмыс атқарылса, онда өткізгіш бойымен токтың өту уақыты неге тең? 
Өткізгіштің кедергісі 24 Ом.
  
Жауабыt = 900 с = 15 мин. 
2-нұсқа
1.  Электр тізбегі ішкі кедергісі 0,8 Ом және ЭҚК 24 В және 
R
1
3 Ом, 
R
2
 = 2 Ом, R
3
 = 4 Ом (17-сурет) кедергілер резисторынан тұрады. Тізбектің 
сыртқы бөлігіндегі кернеу неге тең? Әрбір өткізгіштегі кернеу және ток 
күші неге тең? 
ЖауабыU = 20,8 В: U
1
 U
2
 = 4,8 В; U

=
 16 В; 
I
3
 = 4 А; 
I
1
 = 1,6А; 
I
2
 = 2,4А
2.  Ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 4,0 Ом резистор жалғанған. Егер 
тізбектегі ток күші 3 А болса, онда ток көзінің ЭҚК-і неге тең болады?
  
Жауабы
E
 = 15 В.
3.  Егер 220 В кернеу көзіне қосылғанда су қайнатқыштың қуаты 0,8 кВт 
оның шиыршық сымдарының кедергісі неге тең болады?
16-сурет
17-сурет
R
1
R
2
R
3
E
, r

63
“Физика” оқу пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру және оны 
жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар
“Физика” пәні бойынша білім беру бағдарламасы мұғалімнің оқушылардың 
өз бетінше танымдық іс-әрекетін көрсететін оқыту технологияларын пайдалана 
отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-бағдар береді. 
Орта  білім  берудің  мақсаты  ретіндегі  мектеп  түлектерінің  түйінді 
құзыреттіліктерін қалыптастырушы әрбір оқу пәні оқушылардың төмендегідей 
іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы мектепте физика курсын оқытудың 
басым міндеттерін анықтайды: 
— танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, 
эксперимент, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді 
қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық 
байланыстардың  сипатын  айқындауды;  оқу  және  практикалық  есептерді 
шешуді,  өз  бетінше  әртүрлі  шығармашылық  және  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды 
шешу  компетенттілігі  аясында  өзінің  танымдық  іс-әрекетін  өз  бетінше, 
қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды;
—  ақпараттық-коммуникативтік  іс-әрекетке  бастапқы  және  екінші 
ақпаратты  ала  білу  және  оны  өңдей  алу,  сондай-ақ  оны  пайдалана  білу; 
негізгі  ақпаратты  қосалқыдан  бөле  алу,  алынған  ақпараттың  сенімділігін 
бағалай  алу;  қойылған  мақсатқа  сәйкес  ақпарат  мазмұнын  жеткізе  алу; 
ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен 
негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды 
өңдеу,  жіберу,  жүйелеу  үшін,  танымдық  және  практикалық  іс-әрекеттің 
нәтижелерін  көрсету  үшін  мультимедиялық  қорларды,  компьютерлік 
технологияны  пайдалана  алу  біліктілігімен  қаруландыру;  жазу,  көпшілік 
алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен 
жұмыс  істей  алу  коммуникацияларының  негізгі  түрлерін  меңгеру;  пікір 
алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай 
білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық 
нормалары және ережелерін білу жатады.
Физика пәнін оқып-үйренуде іс-әрекеттің осындай түрлерін меңгеру мектеп 
түлегінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың қажетті 
шарттарының бірі болып табылады. 
Оқытудың  әдістері  мен  технологиясы.  Білім  алушылардың  оқу  әсерін 
ұйымдастыру  және  оның  нәтижелерін  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін 
педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын 
жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен 
сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алшылардың 
танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа  стандарттар  құзыреттілік  тәсіліне  негізделген,  соған  сәйкес  оқу 
бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу 
материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әсер жасаймыз. Бұл оқушының 
қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға 
көшуді білдіреді.
Жаңартылған  білім  мазмұнына  көшуде  мұғалім  оқушы  қызметін 
жандандыру тәсілдерін пайдаланып, оларға барынша дербестік бергені жөн.

64
Оқу үдерісін ұйымдастыру барысында келесі заманауи әдіс-тәсілдер мен 
оқыту технологияларын пайдалану қажет.
1.
  Зерттеушілік  тәсілі:  “мұғалім  –  оқушы”  өзара  қарым-қатынасы 
сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай-ақ танымдық 
қызығушылығын тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң ынтасын құруға, 
терең,  сапалы  білім  алуды  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Зерттеушілік 
тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу 
дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2.
 Құндылыққа бағдарланған тәсіл. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған 
тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және 
жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылыққа 
бағытталған оқу процесі оқушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін 
қалыптастырады.  Құндылықтарды  іске  асыру  құндылықтардан  шығатын 
талаптарға  сай  болу  және  күнделікті  өмірді  сол  талаптарға  бағындыру. 
Құндылықтардың  мәні  белгілі  бір  қоғамның  сәтті  әсер  етуі  үшін  қажетті 
ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда 
көрініс табады.
3.
 Тұлғаға бағдарланған тәсілдің мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оның 
жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-
құлық  ерекшеліктерінің  ескере  отырып  оқушыны  тұлға  ретінде  үйлесімді 
қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін 
толық ашу болып табылады.
4. 
Іс-әрекеттік  тәсілдің  негізгі  мазмұнында  оқушының  білімді  дайын 
күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әсерінің мазмұны мен түрлерін 
ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен қабылдауы жатыр, бұл өз 
кезегінде  оның  білімінің,  біліктерінің  және  кең  ауқымды  дағдыларының 
белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше 
ізденуді,  түсіндіруді,  талдауды,  түрлі  дереккөздерден  алынған  ақпаратты 
тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды 
қолданады.
5.
  Саралап  оқыту  тәсілі  —  оқушылардың  әртүрлі  топтары  үшін  оқу 
процесін  мамандандыруды,  оның  ерекшеліктерін  есепке  алу  мақсатында 
әртүрлі топтар үшін түрлі оқыту жағдайларын жобалайды. 
Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар тобының оқу әсерін ұйымдастыру 
үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. 
Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан 
көмек  сипатымен  ерекшеленетін  сараланған  тапсырмаларды  қолдану  — 
сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
6.
 Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда 
шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын 
меңгеру болып табылады. Құзыреттілік тәсілдің басты міндеті оқушылардың 
бастамашылдығы  мен  өз  бетінше  жұмыс  істей  алатынын  көрсетуге  деген 
ынтасы болып табылады. Ол оның жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен 
қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Құзыреттілік тәсілі оның 
білім, білік дағдыларын жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді.
7.
  Жүйелі-әрекеттік  тәсіл  оқушының  оқу  әрекеттерін  өз  бетінше 
ұйымдастыру  негізінде  құрылады,  оларда  әмбебап  оқу  әрекеттері  жүйесін 

65
қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, 
өздігінен  даму,  өздік  ұйымдастыру  режимінде  оқу  процесін  ұйымдастыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын 
жеке-жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады. 
8.
  Коммуникативтік  тәсіл  —  ақпаратты  тарату  мен  жариялау,  екі 
немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік 
және  дағдымен  алмасу.  Коммуникативтік  тәсілдің  нәтижесі  тілдік  және 
сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалану және коммуникативтік әрекетті дұрыс 
таңдай отырып, қарым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету 
процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып 
табылады. Оқыту процесінде коммуникативтік тәсілге сәйкес қарым-қатынас 
жасай  білуін  қалыптастыруға  ықпал  ететін  тапсырмалар  және  шынайы 
коммуникация  шарттарына  барабар  жұмыс  режимі  (жұптық  және  топтық 
жұмыс) пайдаланылады. 
9.
  Интегративтік  тәсіл  —  оқушыларды  дамытуға  арналған  бұл  тәсіл 
барысындағы  оқыту  процесі  әртүрлі  құралдар  мен  бірнеше  іс-әрекеттерді 
біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді 
қозғалыс  түрлері  жатады:  сергіту  сәттері,  театрландырылған  ойындар, 
қозғалыс үзілістері (кідіріс).
10. 
Ойын  арқылы  оқыту  оқушылардың  танымдық  қызығушылық 
белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Ұжымдық  іс-әрекет  түрлерін 
ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы олар басқа шағын топ 
мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай 
алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді. 
11. 
Жобалау  әдісінің  элементтерін  қолдану  арқылы  оқушылар  алға 
қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жобалау әдісі 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылады. Жобалау әдісін 
қолдану  барысында  оқушылардың  ұжымдық,  топтық  жобалар  дайындау 
бойынша  атқаратын  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  ұсынылады.  Жобалау 
жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан тыс уақытта 
да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады. 
12. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  (АКТ)  қолдану 
кезінде оқушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі 
барлық  оқу  пәндері  арқылы  дамытады,  яғни  ақпаратты  табу,  құру, 
мәліметтермен,  идеялармен  алмаса  отырып,  кең  спектрлі  жабдықтар  мен 
қосымшаларды пайдалану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің 
жұмысын бағалайды және жетілдіреді. 
13.
  Кейс-стади  —  бұл  нақты  оқиға  мен  жағдаятты  талдауға  арналған 
іскерлік  ойын.  Кейс-стадиді  қолдану  барысында  олар  топтық  сұрақ-жауап 
кезінде  шығарылған  мәселенің  маңызын  түсіндіріп,  жағдайды  бағалайды, 
оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді. 
Кейс-стадиді  қолдану  барысында  олар  дайын  білімді  меңгеруі  емес  оны 
өндіруге,  яғни  теориялық  білімін  практикалық  міндеттерді  шешуге 
қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен оқушылардың ынтымақтаса 
шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.
14.
 Дамыта оқыту әдісінің мақсаты — олар күнделікті өмірге тәуелсіз, 
сонымен  қатар  ақиқатты  іздей  отырып,  өзіндік  оқуы  арқылы  білім  алуға 

66
қол жеткізуі. Дамыта оқыту олардың дербес танымдық әсертерге ұмтылуға 
құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалыптастырады. Оқушының 
жеке  басын  дамытатын  басты  құрал  –  ол  өзінің  әрекеті.  Ол  оқытуда 
қолданылатын  дидактикалық  ойындар,  пікірталастар,  сонымен  қатар 
шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған 
түрлі іс-әрекеттерге оларды өту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы 
жүзеге асырылады. Дамыта оқыту оқушының жан-жақты тұлғалық сапасының 
дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау 
жасауға және оны басқара білуіне бағытталған. 
15.
 Модульдік оқыту — оқу ақпаратын блокты — модуль негізінде беру 
арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда 
беріледі  де  меңгеру  мақсатқа  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Модульдік  оқыту 
барысында оқушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру 
деңгейінің  дидактикалық  мақсаты  тұжырымдалады.  Модульдік  оқыту 
оқушылардың  базалық  дайындығының  деңгейіне,  жеке  сұраныстары  мен 
икемділігіне  қарай  оқытуды  қамтамасыз  етеді.  Оқытуды  дараландыруды: 
оқу мазмұнын, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі 
бақылауы бойынша қамтамасыз етеді.
16.
  Проблемалық  оқыту  —  өзіндік  дүниетанымын  қалыптастырудың 
барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол оқушылардың 
сыни,  шығармашылық,  диалектикалық  ойлауын  қалыптастыру  міндетін 
шешуден  тұрады.  Проблемалық  оқыту  логикалық  тәсілдер  жүйесін 
немесе  жекелеген  шығармашылық  іс-әрекеттерін,  жаңа  жағдаятта  білімін 
шығармашылықпен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Ол шығармашылық тәжірибесінің артуына, зерттеушілік әдістерді меңгеруіне, 
практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. 
17.
 Дербес оқыту тәсілі — оқу-тәрбие процесін дараландыруға, олардың 
жеке  ерекшелігін  ескеріп  оқыту  мен  тәрбиелеуге,  өзіндік  танымдық  іс-
әрекет  тәжірибесін  қалыптастыруға,  өз  білімін  көтеруге  дайын  болуы  мен 
қажетсінуіне,  оқушылардың  ұйымшылдығын,  дербестігін  тәрбиелеуге 
мүмкіндік береді. Білім, білік, дағдыларын жетілдіруде және қалыптастыруда 
өтілген  материалды  бекітуге  дербес  оқытуды  тиімді  пайдалануға  болады. 
Дербес оқытуды тиімді пайдаланғанда әрбір оқушының белсенді оқу әрекеті 
қамтамасыз  етіледі.  Ол  әрбір  оқушының  жеке  қарқынды  жұмыс  істеуіне; 
білімде  кеткен  ақтаңдақтарды  жоюға,  саралап  оқуға,  әрбір  оқушының 
жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дербес оқыту білім 
алушының  өзіндік  бақылауын  күшейтеді,  өздігінен  оқуының  негізі  болып 
табылады. 

67

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет