Әдістемелік нұсқау Физика 10


оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата13.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60078
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
19a38f73885070998eadef0f10417db4
1566913256337, СОР Алгебра 7кл каз, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, 1567089479235, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, СОЧ Алгебра 7кл каз, sor geografiya 7kl kaz, sor fizika 7kl kaz n2, 1384409234447

оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды 
бағалау жүйесі
Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  критериалды  бағалау  жүйесіне 
көшу  қарастырылған.  Жаңа  бағалау  жүйесі  оқушыда  өз  әрекетін  бақылау 
мен  бағалау,  туындаған  қиындықтардың  себептерін  анықтау  мен  қалпына 
келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Оқыту процесі оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және 
кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқыту процесінде 
оқу  процесін  дәстүрлі  ұйымдастырудан  алшақтап,  білім  берудің  6  саласы 
бойынша  айқындалып  күтілетін  нәтижелерге  негізделеді  және  оқушылар 
“біледі”, “түсінеді”, “қолданады”, “талдайды”, “жинақтайды”, “бағалайды”, 
яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру маңызды. 
Оқыту  мақсаттары  күтілетін  нәтижелер  түрінде  ұсынылып  отыр.  Әрбір 
бөлімшелерге  дәйекті  түрде  енгізілген  оқыту  мақсаттары,  мұғалімдерге  өз 
жұмысын  жоспарлауға  және  олардың  жетістіктерін  бағалауға  мүмкіндік 
береді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқыту мақсаттарымен жоспар-
ланған, қол жеткізген нәтижелері дәрежесіне сай алдын ала белгіленген нақты 
критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, оқушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана 
бағаланады;  олардың  жұмысы  басқа  оқушылардың  жұмыстарымен  емес, 
оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс түрінде) эталонымен 
салыстырылады. Не нәрсеге үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан 
бағалау критерийі — оқу мақсаттарының нақты көрсетілуі.
Мұғалімге  критериалды  бағалауды  оқу  процесін  барынша  тиімді 
ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, оқушыларға дер кезінде қолдау 
көрсету  және  олардың  оқудағы  алға  жылжуын  қамтамасыз  ету,  мүдделі 
тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай 
бағалау жүйесі алдымен оқушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі 
олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға 
бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық 
бағалаудан тұрады.
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына 
негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім 
беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Критериалды  бағалау  оқушылардың  дағдыларының  даму  дәрежесін 
бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсе-
туден басталуы керек. Оқушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және 
оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық 
дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты 
меңгерілгенін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  анық  айқындалған,  алдын  ала 
белгілі  критерийлермен  оқушылардың  жетістіктерін  салыстыру.  Осыған 
сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, 

68
оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғандағы табыстарының динамикасын 
да тіркеуге мүмкіндік бар.
Мұғалімге  оқу  процесін  неғұрлым  тиімді  ұйым дастыру,  оқушыларға 
уақтылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз 
ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері тура лы ақпарат ұсыну үшін 
критериалды  бағалауды  қолдану  ұсынылады.  Бағалаудың  бұндай  жүйесі 
біріншіден  балаларды  табысты  оқуға  ынталандыруға,  біліміндегі  олқы-
лықтарды анықтауға және олардың өсуін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған.
Критериалды бағалау оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, 
оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде оқушыларды қолдау, 
оқушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық 
іс-әрекеттерге қатысу үшін пайдаланылады.
Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын 
жүргізуді және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді. 
Оқушылардың  ата-аналарына  бағалаудың  жаңа  жүйесінің  мақсаты  мен 
негізгі  принциптері  түсіндіріледі,  ата-аналар  үшін  практикалық  тренинг 
немесе шеберлік сыныптары өткізіледі. 
Оқытудағы  ілгерілік  туралы  деректер  жинау  үшін  әр  сабақ  барысында 
қалыптастырушы  бағалау  жүзеге  асырылады.  Оны  ағымдағы  немесе 
қалыптастырушы бағалау деп те атауға болады.
Қалыптастырушы бағалау оқу процесінде оқушылардың білімді меңгеруі 
мен дағдылары қалыптасуы деңгейін анықтау үшін қызмет атқарады, білім 
беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғаліммен кері байланысты жүзеге 
асыру үшін жүргізіледі. Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім 
өзінің жинақтаған тәжірибесін пайдаланып өз қалауы бойынша таңдайды. 
Осыған  байланысты,  кері  байланыс  ұсынуда  тиімді  және  дұрыс  түрлеріне 
көңіл аударған жөн.
Қалыптастырушы  бағалауды  өткізер  алдында  оқушыларды  оқыту 
мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Тапсырманы 
орындау кезінде неге назар аудару қажет екенін оқушыларға түсінікті болу 
үшін бағалау критерийлерінің мағынасын түсіндіру қажет.
Оқыту процесінде оқушының қойылған оқыту мақсаттарын түсінгендігін 
растау  ретінде  басқа  да  оқу  міндеттері  қойылып  және  тиімді  сыныптық 
пікірталас қалыптасқаны маңызды. Мұғалімнің тұрақты түрде кері байланыс 
жасауы  оқушыларды  алға  қарай  жылжуға,  жақсы  нәтижеге  жетуге 
ынталандыратын болады.
Ойлау дағдыларының деңгейін дәл бағалай білу критериалды бағалаудың 
маңызды аспектісі болып табылады. 8-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген 
ойлау  дағдыларының  деңгейлері  және  қалыптастырушы  және  жиынтық 
бағалау барысында қарастырылған даму немесе қалыптасу дәрежесі берілген.

69
8-
кесте
блум таксономиясы бойынша ойлау әсерінің деңгейлері
Дағдылар
сипаттамасы
Білім
Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және 
көрсету
Түсіну
Ақпаратты  дұрыс  көрсету,  болжау  немесе  түсіндіру  арқылы  ұғынуды 
көрсету
Қолдану
Ақпаратты  және  бұрын  алынған  білімдерді  жаңа  немесе  таныс  емес 
мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану
Талдау
Ақпараттық  материалдарды  құрылымдық  бөліктерге  бөлу  қабілетін 
көрсету,  дәлелін  немесе  себебін  анықтау  арқылы  түрлі  қорытынды 
алу  үшін  ақпаратты  зерделеу,  жалпы  ережелерді  негіздеу  үшін  ой 
қорытындысын және/немесе дәлелдер табу
Синтез
Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау 
қабілетін көрсету
Бағалау
Белгіленген  критерийлер  бойынша  идеялардың  немесе  фактілердің 
маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру
Оқушылардың  дайындық  деңгейі  әрбір  білім  беру  саласы  бойынша 
жобаланған оқытудың күтілетін нәтижелері арқылы анықталады.
Төмендегі  кестеде  ойлау  дағдыларының  барлық  деңгейлері  бойынша 
күтілетін  нәтижелерді  анықтауға  арналған  етістіктерді  қолдану  үлгілері 
берілген (9-кесте).
9-
кесте
блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы
№  
р/с
ойлау дағдыларының 
деңгейі
ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес  
келетін етістіктердің тізбесі
1
Білім
Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, 
әңгімелеу, еске түсіру және т.б.
2
Түсіну
Талқылау,  анықтау,  әңгімелеу,  сұрау,  түсіндіру,  тұжырымдау, 
түрлендіру, көрсету және т.б.
3
Қолдану
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, 
сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен 
суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, 
жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
4
Талдау
Талдау,  топтастыру,  есептеу,  санаттау,  жіктеу,  салыстыру, 
байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, 
бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, 
реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру 
және т.б.
5
Синтез
Топтастыру,  жинау,  араластыру,  құрастыру,  жасау,  әзірлеу, 
тұжырымдау,  жинақтау,  біріктіру,  ойластыру,  түрлендіру, 
ұйымдастыру,  жоспарлау,  дайындау,  ұсыну,  қайта  топтастыру, 
көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б.
6
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел 
келтіру,  шығару,  негіздеу,  түсіндіру,  өлшеу,  болжау,  ұсыну, 
белгілеу,  жинақтау,  қолдау,  тексеру,  бағалау,  кеңес  беру, 
эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару 

70
Мұғалім  оқушылармен  бірлесе  отырып  оқу  мақсатына  жетудің  табыс 
критерийлерін  талқылай  алады  және  қажет  болған  жағдайда  оларды 
толықтырады. 
Қалыптастырушы  бағалау  барысында  мұғалім  белгілі  дағдыларды 
бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады.
Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы оқушылардың талқылауын 
тыңдайды және бақылайды: кейбір оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес 
оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады.
Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім бағалаудың жекелеген тәсілін 
қолдануы тиіс. Егер мұғалім кейбір оқушыларға қандайда бір дағдыны дамыту 
үшін көп уақыт қажеттігін байқаса, онда оқудың бұл мақсатын бағалау туралы 
шешім қабылдауы және олардың жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу 
барысында түзетулар енгізуі тиіс.
Қалыптастырушы  бағалауға  арналған  тапсырманы  мұғалім  өздігінен 
құрастыра  алады  немесе  қалыптастырушы  бағалау  бойынша  ұсынылған 
тапсырмалар  жинағын  қолданады.  Қалыптастырушы  бағалау  бойынша 
есептік құжаттама талап етілмейді.
Қалыптастырушы  бағалаудың  нәтижелерін  тіркеу  нысанын  мұғалімнің 
өзі анықтайды (сандық, графикалық, балдық). Қалыптастырушы бағалаудың 
нәтижелері мұғалімнің есеп беру құжаттамасы болып саналмайды.
Тоқсандық  және  жылдық  жиынтық  бағалау  өз  кезегінде,  бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тәртібін қамтиды.
Жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасындағы  бөлім/ортақ  тақырыптарды 
оқуды  аяқтағаннан  кейін  және  тоқсан  соңында  оқушылардың  ілгерілеуі 
туралы ақпаратты балл және баға қоя отырып, мұғалімдерге, оқушыларға 
және  ата-аналарға  (олардың  жетістіктерін  бағалау  3-тоқсанда  басталатын 
1-сыныптан басқаларында) жеткізу мақсатында өткізіледі. Белгілеу процесінде 
оқушылардың оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес білімдері мен дағдыларын 
көрсететін дәлелдер жинау жүзеге асырылады.
Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалаудың түріне 
байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Эссе — шығарма жанрының бір түрі 
Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін 
стильде жазылуы оның ең негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе — автордың 
жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты 
мақсаты. 
Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жанрында жазу 
оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше 
көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс. 
Мұғалімдер  үшін  оқушылардың  оқу  пәндері  бойынша  алған  білімдерін 
күнделікті  өмірде  қолдану  және  тәжірибеге  бағытталған  біліктілігі  мен 
дағдыларын қалыптастыру маңызды мақсат болып табылады.
Өлшеуіш  ресурстары  бар  дәстүрлі  және  электрондық  форматтағы  білім 
және  ақпарат  көздерін,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
(АКТ)  жан-жақты  қолдану  арқылы  жүргізілген  түрлі  оқу  жұмыстары 
тәжірибеге  бағытталған  ойлауды  дамытуға  ықпал  етеді.  Сабақтарда  білім 

71
берудің  заманауи  технологияларын  белсенді  қолдану  ұсынылады.  Сабақта 
компьютерлік технологиялар:
—  оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 
пайдалануды;
— оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді 
құрал ретінде өнімді қолдануларын;
— пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
— оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың 
өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;
—  Интернетті  пайдалану  арқылы  оқу  материалы  аясындағы  ақпаратты 
іздеу және өңдеуді;
— есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
—  виртуалды  практикумдар  және  зертханалық  жұмыстар  жүргізуді 
қарастырады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және физика пәнінен 
алған  білімдерін  өмірлік  жағдаяттарда  қолдану  біліктілігін  дамытатын 
есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. 
Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда 
жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге 
бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
Мектеп  оқушыларының  зерттеушілік  қабілетін,  зейінін  және  байқа-
ғыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, 
тілдік  және  көптілділік,  пәндік  оқу,  ғылыми  және  әдістемелік,  мерзімді 
баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының 
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде 
жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның 
жеке  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған  оқытудың  мақсаттары  жүзеге 
асырылады.
Практикалық  және  зерттеушілік  жұмыстар,  зертханалық  тәжірибелер 
орындау,  эксперименттер  және  эксперименттік  есептер  шығару,  жобалар 
орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономи-
калық  процестердің,  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  мәнін  түсіну 
тереңдетіледі.  Оқушылар  себеп-салдарлық  байланыстарды  көре  білулері, 
қоршаған  ортадағы  өзгерістерді  анықтай  алулары,  нақты  жағдаяттардың 
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары 
тиіс.
Физика кабинетінің жабдықталуын және оқытудың электрондық құрал-
дарын  ескере  отырып  практикалық  және  зертханалық  жұмыстардың, 
практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық 
және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға 
арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті 
түрде бағаланады. 
Жалпы  орта  білім  деңгейінде  физика  пәні  үшін  математикалық  және 
ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық 
құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат 

72
жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау, 
модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды. Сонымен қатар проблемаларды 
талдауды,  тапсырмаларды  тұжырымдауды,  мәтіндік  шарттан  формулаға, 
процесті  суреттеуден  оны  ұсынуға  өтуді  және  өзгерістің  мәнін  түсіндіруді 
қамтиды.
Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа материал-
дары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде көңіл бөлу керек, 
өйткені құбылыстардың, процестердің терең мәнін түсіну және оларды шешу 
дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет.
Техника  қауіпсіздігі  ережелерін  сақтай  отырып  барлық  оқу  құралдары 
және техникалық жабдықтарды оқушылардың дұрыс пайдалануы маңызды 
болып табылады. 
“Жаратылыстану” білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан 
ойлау  келесі  дағдыларды  дамытуды  қарастырады:  мәнмәтінді  есепке  ала 
отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. 
Сондықтан  оқушылардың  бақылау,  талдау,  пайымдау  және  түсіндіру 
дағдыларын қалыптастыруына жағдай жасау қажет. 
Физика  сабақтарындағы  пәнаралық  байланыстар  қоршаған  әлемдегі 
процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді 
оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, 
жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады. 
Дидактика  тұрғысынан  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқытудың 
ғылыми  деңгейін  арттырады,  оқу  материалының  мазмұнына,  мұғалім 
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен 
жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.
Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану 
бағыты пәндерін оқыту процесін оңтайландыруға және оқушыларға түсетін 
оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Пәнаралық  байланыстар  зерттеудің  жалпы  әдістерінде  (эксперименттік 
әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін. Мұғалімге 
пәнаралық байланыстың келесі түрлерін қолдану ұсынылады.
Бұрын  өтілген  материалға  сүйенетін  жағдайдағы  пәнаралық 
байланыстар  —  бұл  байланыстар  курстың  материалын  оқу  барысында, 
басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, 
жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).
Ілесе  жүретін  пәнаралық  байланыстар  —  бұл  байланыстар,  көптеген 
сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін 
қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – 
биологияда оқылады және т.с.с).
Алдағы уақытта қолданылатын пәнаралық байланыстар материалды бір 
пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады 
(мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда 
бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге 
сүйенеді.
Оқушылардың  үй  тапсырмасын  орындауы  –  оқу  процесінің  қажетті 
элементтерінің  бірі.  Оны  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы,  сабақ  барысында 

73
алынған  білімді  пысықтауға  және  тереңдетуге,  оқушының  оқуға  деген 
қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  пайда  болады.  Үй  тапсырмасын 
тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет: 
—  үй  тапсырмаларын  оқулық  параграфтарын  жаттап  алуға  және 
тапсырмаларды  орындауға  ғана  пайдалануға  болмайды.  Шығармашылық, 
эксперименттік,  проблемалық  сипаттағы  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды көбірек қолдану қажет; 
—  үй  тапсырмаларына  оқушылардың  өз  оқу  әрекетерінің  нәтижелеріне 
өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу
—  үй  тапсырмасына  мазмұны  және  орындалу  түрі  бойынша  әртүрлі 
тапсырмалар беру; 
—  үй  тапсырмасының  көлемін  анықтау  барысында  оқушылардың  жеке 
және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
Физика  пәнінің 
қолданбалы  және  таңдау  курстарының  тақырыптары 
мұғалімдердің  мүмкіндіктеріне,  мектептің  жағдайына  байланысты  өзгеруі 
мүмкін:
“Мектептің физикалық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу”, 
“Физикада жаңалықтар қалай ашылады”, “Математикалық модельдер және 
Физикадағы  әдістер”,  “Күрделілігі  жоғары  физикалық  есептерді  шығару”, 
“Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам өміріне әрекеті”, 
“Физика және компьютер”, “Өндірісті автоматтандыру негіздерін зерделеу”, 
“Ауыл  шаруашылық  өндірісі  материалдарындағы  қолданбалы  физика 
курсы”,  “Физика  ғылымындағы  іргелі  эксперименттер”,  “физикалық-
техникалық  модельдеу”,  “Ғарышкерлік  негіздері”,  “Ғарыш  физикасы”, 
“Биофизика элементтері”, “Биохимиялық физика”, “Заманауи ғарышкерліктің 
жетістіктері”,  “Радиациядан  қорғану”,  “Апат  қаупін  азайту  (техногендік, 
антропогендік  және  табиғат  құбылыстары)”,  “Табиғат  құбылыстарының 
төтенше  жағдайларында  қауіпсіздікті  сақтау  ережелері”,  “Техногендік 
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу”.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруді 
ұйымдастырудың ерекшеліктері 
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
— пән мазмұнын жобалау кезіндегі “шиыршық” принципі, яғни білім мен 
біліктерді  тігінен,  сондай-ақ  көлденеңінен  біртіндеп  кеңейту  (дағдыларды 
тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
— пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және 
таным  заңдылығына  негізделген  оқу  мақсаттарының  Блум  таксономиясы 
бойынша иерарахиясы;
—  білім  беру  деңгейлері  бойынша  және  бүкіл  оқыту  курсы  бойында 
педагогикалық  мақсаттарды  тұжырымдау,  бұл  пәнішілік  байланыстарды 
барынша ескеруге мүмкіндік береді;
— білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ 
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
—  бөлімдер  мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына 
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;

74
— оқу процесінің ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар 
түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім 
мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды 
дамытудың  негізі  болып  табылады:  функционалдық  және  шығармашылық 
түрінде  білімдерін  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізу,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану, 
қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, 
мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған  оқу  бағдарламаларының  икемділігі  мен  жан-жақтылығы 
оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті 
тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға 
құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды 
құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдер оқу мақсатын кешенді түрде 
орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін 
бірнеше мақсаттарға бөлуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу 
мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауына болады. Бұл шешім 
оқу-әдістемелік бірлестік отырысында қабылдануы мүмкін. Жоспарлау кезінде 
мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескеруі тиіс. 
Қазіргі  заманауи  физика  қарқынды  дамып  келе  жатқан  ғылым,  оның 
жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларына әрекет етеді. Бағдарламаның 
мазмұны физика эксперименттік ғылым болып табылатынына, оның заңдары 
фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіндігіне негізделеді. 
Физика — нақты ғылым және құбылыстардың заңдылықтары сандармен 
зерттеледі,  сондықтан  басты  назар  физикалық  заңдарды  тұжырымдау  мен 
оларды түсіндірудің математикалық аппаратты қолдануға аударылады. 
Оқушылардың алған білімі қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын 
қалыптастыруға және оны дамытуға ықпал ететін болады және қоршаған орта 
туралы шындықты дұрыс талдауына көмектеседі.
Мектепте  “физика”  пәнін  оқыту  оқушыларды  заманауи  технологиялық 
әлемдегі өмірге дайындауда ерекше маңызға ие. Оқушылар оқу процесінде 
бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру 
мен оларға түсінік беруге үйренуі тиіс. Ғылыми мәселелерді әлеуметтік және 
тұлғалық маңызды міндеттер мәнмәтінінде қарастыра алатын ақпараттанған 
және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге басты назар аударылуы тиіс. 
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның ерекшелігі оқушылардың зерттеу 
дағдыларын қалыптастыру, өйткені проблеманы зерттеу, идеяларды сынақтан 
өткізу, оны жақсартудың жолдарын ұсыну қандай да болмасын проблеманы 
шешу үшін әмбебап амал болып табылады
Алған  білімдерін  практикада  қолдану  үшін  оқушылар  технология, 
коммуникация,  медицина,  ауыл  шаруашылығы,  түрлі  өнеркәсіп  және 
энергетика  сияқты,  адам  қызметінің  әртүрлі  салаларындағы  физиканың 
жетістіктері мен рөлін түсінуі қажет.
Физика пәні сабақтарында оқушылар тәжірибелер өткізіп қана қоймайды, 
сонымен  бірге  мәліметтерді  жинақтайды,  жазып  алады  және  талдайды; 

75
тәжірибе нәтижесіне әрекет ететін факторларды анықтайды және оны жақсарту 
жолдарын ұсынады. Осының арқасында, әрбір оқушы зерттеу жолын жеке 
меңгереді және қандай да бір физикалық заңдылыққа қатысты қорытынды 
жасай алады. Мысалы, сұйықтық кинематикасы саласындағы зертханалық 
жұмыстар кешенін орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие “Мұнай-
газ ісі”, “Жылуэнергетика”, “Сумен қамтамасыз ету” мамандықтарын сәтті 
игеруіне дайындай алады. 
Орындалуы міндетті тәжірибелік және зертханалық жұмыстар оқушыларға 
пән  бойынша  жаңа  білім  алып,  зерттеу  машықтарын  дамытуға  мүмкіндік 
беретіндей етіп іріктелген. 

76

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет