Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет13/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

Меритократикалық қоғамбұл істеген еңбегі, демек, адал еңбегі, әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы үшін марапатталатын қоғам.
Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.
Лейтмотив – жетекші мотив (адам әрекетіндегі, оқиғалар тізбегіндегі үстем бастама деген кеңірек мағынаға ие).
4-қосымша
1-8-сыныптарға арналған «Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
1-сынып



Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Көше күтпеген оқиғаларға толы.

1

2.

қазан

Жаяу жүргінші өтпелері.

1

3.

желтоқсан

Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам.

1

4.

наурыз

Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу.

1

5.

сәуір

Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.

1

6.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

6

2-сынып



Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері

1

2.

қазан

Реттелмейтін жол қиылыстары.

1

3.

желтоқсан

Реттеуші және оның белгілері.

1

4.

наурыз

Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде сапарға шығу.

1

5.

сәуір

Мектепке жол (Сенің күнделікті бағытын.)

1

6.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

6

3-сынып


р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

1

2.

қазан

Қай жерлерден жолдан өтуге болады.

1

3.

желтоқсан

Жол жүру белгілері және таңбалары.

1

4.

наурыз

Жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы
медициналық көмек.

1

5.

сәуір

Сен – велосипедші.

1

6.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

6

4-сынып



Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жол жүру ережелерін білеміз бе?

1

2.

қазан

Білім алушылардың топпен және қатармен
жүру ережелері.

1

3.

желтоқсан

Жол жағдайларын макетте (пішімде) талдау. Арнайы авто алаңда өткізілетін тәжірибелік сабақтар.

1

4.

наурыз

Темір жол өтпелері.

1

5.

сәуір

Жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету біліктілігін арттыру.

1

6.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

6

5-сынып



Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Біздің қала (ауыл), аудан.

1

2.

қазан

Жол таңбаларының белгіленуі.

1

3.

қараша

Қосымша секциялары бар бағдаршамдар.

1

4.

желтоқсан

Жол реттеушісінің белгілері.

1

5.

қаңтар

Жол жүру белгілері және олардың қолданысы.

1

6.

ақпан

Жүргізушінің еңбегінің ерекшеліктері мен негізгі міндеттері. Қазіргі заманғы көлік –жоғары қауіпті аймақ.Қоғамдық көлік.

1

7.

наурыз

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі.

1

8.

сәуір

Велосипедпен жүру.

1

9.

сәуір

Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жоғарғы және төменгі аяқ-қол дене бөліктерінің сынған немесе буын шығып кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

10

6-сынып



Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат
саны

1.

қыркүйек

Жол жүру ережелері (қайталау).

1

2.

қазан

Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.

1

3.

қараша

Көлік құралдарының нөмірлік, тану белгілері мен жазбалары.

1

4.

желтоқсан

Жол-көлік оқиғасы уақытындағы
оқушылардың мінез-құлқы.

1

5.

қаңтар

Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек.

1

6.

ақпан

Жол қозғалысының қауіпсіздігі.

1

7.

наурыз

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері.

1

8.

сәуір

Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Жол "қақпан".

1

9.

сәуір

Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу .

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

10

7-сынып


р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат
саны

1.

қыркүйек

Автокөліктің еліміздің экономикасындағы рөлі.

1

2.

қазан

Көлік құралдарын пайдалану ережелері.

1

3.

қараша

Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.

1

4.

желтоқсан

Интервал және арақашықтық.Қозғалыс жылдамдығы.

1

5.

қаңтар

Қозғалыс жол жолағы. Басып озу.

1

6.

ақпан

Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі және олардың сенімділігі.

1

7.

наурыз

Автокөлікте медициналық қобдишаның болуы.

1

8.

сәуір

Темір жол қиылысынан өту. Қала сыртындағы жолдарда жүру ережелері.

1

9.

сәуір

велосипедшілер, мопедшілердің жолда жүру ережелері. Велосипедпен, мотоциклмен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелері.

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

10

8-сынып







Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат
саны

1.

қыркүйек

Жол жүру ережесінің пайда болу.Жол белгілерінің халықаралық тілі.

1

2.

қазан

Қозғалысты реттеу нысандары.

1

3.

қараша

Жол белгілері.

1

4.

желтоқсан

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі.

1

5.

қаңтар

Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол жүру ережелері бойынша) әңгімелесу.

1

6.

ақпан

Жол қиылысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпелері. Қоғамдық көлік аялдамалары.

1

7.

наурыз

Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамарға берілетін алғашқы медициналық көмек.

1

8.

сәуір

Буын шығып кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек. Күйікке шалдыққан кездегі алғашқы медициналық көмек.

1

9.

сәуір

Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар.Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

10



5-қосымша







2018-2019 оқу жылы
Құрметті ұстаздар!
2018-2019 оқу жылы басталды. Еліміздің барлық мектептерінде 1- қыркүйекте Білім күні аталып өтілді. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.
Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы – тез өзгеретін шынайы жағдайларға үнемі бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу.
Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.
Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)- сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығымен 2018-2019 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2019 жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, мерекелік күндерге дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.
Бұл ретте жеңіл мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Қайталауға берілген сағаттар есебінен, оқу бағдарламаларының кіріктіруін ескере отырып, сабақтарды келесі күнге ауыстыруға болады.
Назар аударыңыздар!
«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне жазылады.
1-4-сыныптар – әр сыныпта 6 сағаттан;
5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.
1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген.
ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы беттеріне жазылады. Сондай-ақ сыныптың электрондық журналында толтыру үшін қосымша беті бар.
Назар аударыңыздар!
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халық-аралық сайыстар сияқты спорттық іс-шаралардың қорытындысын білім алушылардың мектептеріндегі спорттық жетістіктері ілінетін стендте хабардар етіп отыру ұсынылады.
2018-2019 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:
1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;
5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;
–10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.
Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, мектеп журналына міндетті түрде жазылуы тиіс.
Құрамына барлық мүдделі министрліктер (ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және т.б.) кіретін жұмыс тобы «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстарын жүргізуде.
2018-2019 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда.
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану»,
«Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсының оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.
Назар аударыңыздар!
Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне «Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.
Аталған профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептерінде апробациядан өткізілді және сараптама нәтижесі бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылады.
Профилактикалық бағдарлама ата-аналармен жұмыс істеуге арналған және сынып жетекшісі бір тоқсанда 1 рет өткізетін үш кездесуден тұрады.
Ата-аналарға арналған сабақтар, білім алушылардың үлгерімі немесе басқа да мәселелер қарастырылатын, жоспарланған ата-аналар жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс.
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде төмендегідей әдістемелік материалдар әзірленді:
«Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;
«Ата-аналарға арналған кітапша».
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасы ҚР БҒМ сайтына орналастырылады.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің зайырлы, гуманистік және даму сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке адамның еркін дамуы, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, тұлғаны білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру, білім берудің бірлігі, тәрбиелеу және дамыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары болып табылады.


Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.
- Республикадатәрбие беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жүзеге асырылады.
2018-2019 оқу жылында республикадағы жалпы білім беру мектептерінде балаларды тәрбиелеу жұмысының ерекшелігі – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру талап етіледі.
Бұл талаптың өзектілігін Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында:
«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
Жалпыұлттық қоғамдық сананы жаңғырту идеялары мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар арқылы енеді.
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған барлық пәндер
бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқыту мақсаттарының жүйесі» атты
тарауы «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеяларының құндылықтарын қамтиды. Бұл құндылықтарға: қазақстандық патриотизм, қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлікті сақтау,бәсекеге қабілеттілік және прагматизм,сананың ашықтығы және білімнің салтанат құруы.
Жалпыұлттық негізгі мақсат - мықты әрі жауапты адамдардан тұратын Біртұтас Ұлт құру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжатында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді.
Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Прагматизм - нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Ұлттық бірегейлікті сақтау - Ұлттық мәдениетті сақтау және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Білімнің салтанат құруы. Әрбір қазақстандық табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек..
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
Бүгінде революцияның болмысы өзгерді. Олар ұлттық, діни, мәдени немесе сепаратистік сипатқа ие болды. Бірақ түптеп келгенде көптеген жағдайда бәрі де қантөгіспен экономикалық құлдыраумен аяқталғанын білеміз.
«Сондықтан, - деп жазады Н. Ә. Назарбаев - әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».
Сананың ашықтығы - дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.
Сананы жаңғыртудың жоғарыда аталған бағыттарын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Рухани Жаңғыру»бағдарламасының критерийлері негізінде тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық талдау жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген әдістемелік ұсынымдамалары:
«Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің өлшеу критерийлері (бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») сондай-ақ «Мектеп білім алушысының кітап оқу іс - әрекеті»әдістемелік ұсынымдамалары мүмкіндік береді.
Ел Президентінің мақаласында білім сапасын жақсарту жалпы орта білім беретін мектептерде гуманитарлық пәндердің оқу процесін жаңғырту мәселесі айтылған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Білім, экология және абаттандыру, өңір тарихын зерделеу, жергілікті деңгейдегі мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілерді қалпына келтіру саласындағы маңызды өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын орта мектептерде оқыту. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның сайтына мұғалімдерге көмек ретінде мына әдістемелік ұсынымдамалар орналастырылған:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, 2017 жыл;
«Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) , 2018 жыл;
Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылы «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): әлеуметтік-тарихи тәжірибе»атты әдістемелік ұсынымдамалар мен
«Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру үшін әдістемелік ұсынымдамаларәзірленетін болады.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты арнайы жобасы арқылы халықтың санасына басқа да – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру қажет. Мұның бәрі де ұлттық бірегейлікті қалыптастырады.Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендерінің 100 нысанының тізімі дайын болды. Жергілікті өңірлердің киелі орындардың тізімі қалыптасуда. Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендеріне Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары жатады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді. Көрсетілген аспектіде білім берудің жаңа парадигмасы негізінде музейлерде «жанды» сабақтар ұйымдастыруға бағытталған «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы «жанды» сабақтар» атты әдістемелік ұсынымдамалар, сонымен қатар «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» атты, Академия әзірлеген, әдістемелік ұсынымдамаларын қолдану ұсынылады.
Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқысаясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Мыңжылдық тарихымызда біздің мәдениетіміз алғаш рет әлемнің барлық континентінде, жетекші тілдерінде айтыла бастады. Мұғалімдердің назарына «Жас ұрпақты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының рухани-құндылық бағдарлары негізінде тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» ұсынылады.
Елбасы үш міндетті орындауға бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынды.
Өздерінің ақылымен, еңбегімен және дарынымен қазіргі Қазақстанды жасап жатқандардың шынайы бейнесін көрсету.Танымал замандастарымызға ақпараттық қолдау көрсететін және елге әйгілейтін жаңа мультимедиалық алаңқұру.Тек ұлттық деңгейдегі ғана емес, өңірлік деңгейдегі «100 жаңа есім» жобаларын жасау. Біз ұлтымыздың алтын қорын құратын отандастарымызды білуіміз қажет.
2017 жылдың 1 желтоқсанында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталды. Көпшіліктің онлайн дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобаны жүзеге асыру үшін«100 жаңа есім» жобасының қаһармандары –«ұлттың «алтын» қоры» әдістемелік ұсынымдамаларын әзірлеу үстінде.Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі керек, онда президент кәсіби білім беруге, жастар патриотизмін тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса ерекше мән береді. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Ұстаз – өзгертуші тұлға. Педагогтердің санасын жаңғырту» және «Саналы азамат»: білім алушының білім алуы мен кәсіби дамуының жеке бағыты» атты әдістемелік ұсынымдамалары көмек болады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын зерделеу барысында жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.Сынып сағатын және басқа да тәрбиелік іс-шаралар өткізген кезде, жаңа технологияларды және тәрбиелеудің белсенді формаларын қолдануға болады. Ресурстар ретінде ұлттық әдебиет, кинематография, публицистика, поэзия, өмірлік ұстанымдары туралы өздерінің эсселерін пайдалану ұсынылады.
Заманауи жас қазақстандықты қалыптастыруда оның түрлі бағыттағы рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік- коммуникативтілігі, сөйлеу мәдениеті, эстетикалық-көркемділігі, спорттық сауықтыру жағы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет. Балаларды шығармашылық жұмыс түрлеріне тарту білім алушылардың мектептегі оқу үдерісімен, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда аптаның алтыншы күнінде немесе мәдени мекемелермен келісім-шартта көрсетілген уақытта; өлкетану сабақтар, факультативтік сабақтар, үйірмелер, секциялар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты негізгі және қосымша білім беру мүмкіндігін ұтымды пайдалану қажет. Жалпыұлттық қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру аясындағы экскурсия,туристік- өлкетанулық экспедициялар тәрбие процесінде баланың таным көкжиегі мен мәдениетін кеңейтеді, патриот азаматты қалыптастырады,тұлғаны өзін-өзін танытуға ықпал ететін педагогикалық күш-қуат, әлеует болып табылады.
Қазіргі қазақ мектебінде тәрбиелеудің идеологиялық мазмұны жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында барлық санаттағы білім алушыларды толық қамтудың маңыздылығын ескереді. Мұндай жұмыстың тиімділігі үшін қажетті жағдай оның жүйелілігі, сабақтастығы мен дәйектілігі болып табылады. Оны оқу процесіне қатысушылардың барлығы (білім алушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асыруы керек.
Тәрбие әрбір педагогтің идеологиясын, стратегиясы мен тактикасын анықтай отырып кәсіби қызметінің негізін құрайды. Мұғалімнің кәсібилігі тәрбиеші сияқты білім алушының жасына, жынысына, субмәдениетіне, коммуникациясының жеке ерекшеліктеріне және білімділігіне негізделген. Тәрбиелеу процесі оқу пәнінің мазмұны арқылы жүретіні сияқты сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың әрқилы түрлері арқылы дажүреді.
Мұғалімнің тәрбиелеудегі рөлі білім саласындағы ағымдық үрдістерді ескере отырып, білім алушыға қажетті білім деңгейін хабардар ету ғана емес, оларды меңгеруге, өз күшімен қол жеткізуге және практикада қолдануға ынталандыру қажеттілігімен күшейеді.Мұғалім белсенді, тәуелсіз және шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған білім беру және тәрбие процестерін үйлестіре білуі керек.
Сабақ барысында мұғалімнің тәрбиелік белсенділігі білім берудің жаңартылған мазмұндағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына құндылықтарды енгізуде айтарлықтай маңызға ие болады. Мұғалімдердің жеке қасиеттері, кәсібилігі, білім алушылармен қарым-қатынас жасау қабілеті оқу- тәрбие процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Осыған байланысты пән мұғалімінің тәрбие беру функциясын оның жан- жақты дамуы мен шығармашылығын танытуы үшін жағдай жасау арқылы нығайту қажет. Заманауи мұғалім қоғамның идеологиялық, адамгершілік құндылықтарын тасымалдаушы болып табылады.
Тәрбие процесіндегі басты тұлға - педагогикалық кеңістікте баламен тығыз байланыста болатын сынып жетекшісі болып табылады. Сынып жетекшісінің міндеті кең, оның басты міндеті әрбір баланың барынша дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ұжымның және оның мүшелерінің күнделікті өмірін, ата-аналар мен басқа педагогтермен өзара әрекеттесуін, іс- шараларды ұйымдастыру және оларға жеке қатысуын бақылау мен талдау. Сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өз мүшелерінің әрқайсысын өз бетінше тәрбиелеу қабілеті бар осындай ұжымды құруда жеке қызметі мен шеберлігінің жүйелілігімен танылады.
Жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып жетекшілерінің жұмысын ұйымдастыруға арналған ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтына орналастырылған.
Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасы жағдайында жүргізілуі тиіс. Отбасы - адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс. Бұл үшін отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс- шаралар ұйымдастыру.Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен сабақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік педагогикалық және психологиялық қызметтер мамандарына ұсынылған әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған.
Қатысушылардың педагогикалық процесіндегі өзара іс-қимылын мектептегідей сынып, клуб, үйірме сияқты әрбір бастапқы бірлестіктерде жоспарлап ұйымдастыру керек.
Білім алушылардың құқықтық тәрбиесі қоғамдағы әлеуметтенудің табысты басты факторларының бірі болып табылады. Ол білім аушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, дербестігін, бастамашылдығын, толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған. Нәтижесінде білім алушы негізгі моральдық-құқықтық нормаларды меңгеруі тиіс: өзгелердің пікірін құрметтеу, күнделікті өмірде мінез-құлық ережелерін сақтау, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті,табиғатты қорғау, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына құрметпен қарау.
Құқықтық білім берудің маңызды міндеті - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.
Балалардың азаматтық-құқықтық нормаларын сақтауға жауапты ата- аналар, сонымен қатар, олардың құқықтық мәдениетін жетілдіру үшін жұмыспен қамтуы тиіс.
Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата- аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.
Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым- қатынасты, сондай-ақ социологтардың, педагогтердің, психологтердің, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс- қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибені алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс- шараларға қатысуы маңызды.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы мектептерде айтарлықтай қиындық туғызады, ол тек сол тұлғаның өзіне ғана емес, сонымен бірге айналасындағыларға да қауіпті. «Қиын балалар» немесе «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған» балалардың пайда болуының басты себебі көбінесе отбасынан басталады: әлеуметтік қиын орта, балаларға көңіл бөлінбеуі, жанжалдасу, ата-аналардың тәрбие туралы білімдерінің аздығы, авторитарлық тәрбие және т.б. Қазіргі кезеңдегі ата-анамен жұмыс жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Бұл контекст бойынша ата-аналар жиналыстары өз маңыздылығын жоғалтпайды, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің ата-анамен қарым- қатынасындағы қажетті және тиімді жұмыс нұсқасы болып қала береді. Бұл жерде қалыптасқан үлгіден, жиналыстарды ұйымдастырудың бірізді нұсқаларынан ауытқу керек.
Көп жағдайда ата-ана өз баласы жайлы бәрін білем деп ойлайды. Бұл жағдайда педагог ата-аналарды білім алушылардың мәселелерін және оқушыларда туындаған қиындықтарды талқылауға тарту жолдарын, оларды қызықтыру тәсілдерін білуі тиіс.
Материалдарды таңдауға шығармашылық тұрғыдан қараған дұрыс, сонымен қоса ата-аналардың да қызығушылығы ескерілгені жөн.
Ата-аналармен жұмыс барысында тиімді қолданылып келе жатқан тәсілдер: байқаулар ұйымдастыру, көрме, «дөңгелек үстел», психологиялық тренингтер, отбасы жайлы презентация, отбасы тарихы мен дәстүрлерін баяндау, іскерлік ойындар.
Білім беру ұйымының жергілікті актілерінде оқу жылының барысында ата-аналар жиналыстарының неше рет өткізілетіні көрсетіліп жазылуы тиіс (сыныпта, мектеп бойынша). Қалыпты жағдайда сынып жетекшісі 4 ата-аналар жиналысын өткізеді, тоқсанына бір рет. Бұл ата-аналар жиналыстарының ең аз мөлшері. Сонымен қатар, ата-аналар жиналысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Бастауыш білім беру деңгейінде ата-аналар жиналысын жиі өткізу ұсынылады.

Білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысын өткізу жоспарын бекіту қажет. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының хаттамасын жүргізеді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығы).


Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, өзін-өзі басқарудың жоғарғы ұйымы, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу жылының барысында кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Оның шешімдері ата-аналар қауымының, олардың заңды өкілдерінің және мектеп ұжымының 50-70% астамы қатысқан жағдайда заңды болады. Жиналыстардың арасында өзін-өзі басқару ұйымының өкілеттілігін жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті жүзеге асырады.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының миссиясын жүзеге асыруында, және де басқаруында, оқу-тәрбие жұмыстарына қолдау көрсетуде белсенді роль атқарулары тиіс.
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс бағыттарына сәйкес тәрбие жұмыстары жөніндегі мектеп директорының орынбасары аз қамтылған білім алушылар мен талантты балаларға қолдау және көмек көрсету шараларын, әлеуметтік-мәдени, салауаттылықты насихаттау және дамытушы іс-шараларды бірлесіп атқарулары тиіс. Қамқоршылық кеңеспен бірлесе отырып, тәрбие жоспарын сәтті жүзеге асыру үшін оқушылық деңгейдегі өзін-өзі басқаруды дамытуға қажетті жағдай туғызу маңызды.
Алдын алу жұмыстары және жасөспірімдердер арасындағы деструктивті құбылыстарды дер кезінде түзету, алдымен, отбасы мен мектептің тығыз байланысын, сонымен бірге әлеуметтік педагог және мектеп педагог- психологының, медицина, құқық қорғау салаларының мамандарының (шақыру арқылы) әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыстарына жұмылдырылуын көздейді.
Әлеуметтік педагогтардың және мектеп педагог-психологтарының жұмыстары баланың әлеуметтік ортадан оқшаулануының өрістеуіне жол бермеу мақсатындағы үздіксіз бақылау мен осыған әсер етуші факторларды саралауға бағытталуы тиіс: қатер тобына назарды күшейту, қажетті оң әлеуметтік тәжірибеге икемдеу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мұндай балаларды олар үшін маңызды болып табылатын шараларға тарту.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын әзірлеу және оны жүзеге асыру әлеуметтік ортасымен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру арқылы «қиын балаларды» игеруге бағытталған: коммуникативтілік, өзін-өзі ұйымдастыру, жанжалдарды шешу, мәселелерді жалпыға бірдей, заңды әдіс-тәсілдермен шешу, «салауатты өмір салты» моделдері арқылы және т.б. Аталған бағдарламалар әрбір жасөспірімнің жеке траекториясын анықтауға дейінгі жеке тәсілдерге құрылуы тиіс. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ата-аналардың қамтылуын қарастыру маңызды.
Сынып жетекшісінен басқа, девиантты мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыруға құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мектеп Кеңесінің мүшелері кіреді.Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мектеп Кеңесіне ұсынылады:
әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық көмек көрсету;
«қатер тобын», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларды», сәтсіздік себептерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу;
психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңеске ерте жастан жаман әдеттерге үйір болу, қатігездіктің үдеуі фактілерінің орын алуына жол бермеуге назар аудару қажет.
Әлеуметтік педагогте балалармен және отбасымен жұмыс істеу алгоритмі бар жұмыс жоспары болуы тиіс, баланың әлеуметтік ортадан оқшаулануының алдын алу бойынша субъектілердің мекемеаралық байланысы болуы шарт. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог тәрбие жұмыстарының бағытындағы барлық нормативтік құжаттарды білуі тиіс.
Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметіне ҚР денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Бір-бірімізге жақын, жаман әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сүйену ұсынылады.
Зорлық-зомбылық көрген, девиантты мінез-құлыққа және суицидке бейім балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі: оралман балалар; мигрант балалар; өмірлік қиын жағдайда қалған балалар»).
Білім беру ұйымдарында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ сынақтан өткізілген ұзақ мерзімді тәрбие жобаларын жалғастыру ұсынылады: «Туған елге тағзым», «Шаңырақ».
Еліміздің білім беру ұйымдары бес күндік оқу аптасына көшірілуде. Сағаттарды қайта бөлу сынып сағаттарының тұрақты өткізілуі мен сапасына әсер етпеуі тиіс. Сынып сағаттарын оқу бағдарламаларына бағыттай кіріктіріп, сонымен қатар, сенбі күндері өткізуге болады.
«Өлкетану» (краеведение) бағытының негізгі контекстінде мектеп кітапханасы мен мектеп мұражайының тәрбие құралдарын пайдалану ұсынылады. Маңызды іс-шаралардың бірі: «Кітап – білім бұлағы» (оқуды насихатттау).
Білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері «100 кітап» жобасына белсенді ат салысулары қажет, балалардың әрқайсының кітап оқуына ықпал жасау, сонымен қатар білім алушылардың ата-аналарының арасында кітап оқуды насихаттау ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет