Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет1/7
Дата27.12.2022
өлшемі94,56 Kb.
#164684
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба (5)


КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тарихи, этнографиялық-археологиялық деректер негізінде зерттеу жұмысының объектісі болып табылатын өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштер жан-жақты зерттеледі. Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихи сананы жаңғыртудағы, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі мен ықпалы, олардың туристік нысандар ретіндегі қызметі баяндалады.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі өлке тарихын зерттеуде тың серпілістер әкелді. Келешек жас ұрпақты Отан сүюге баулып, тәрбиелеуде өз туған жерінің, өлкесінің тарихын зерттеп, білуге, оны құрметтеуге үйретудің ерекше маңызы бар, себебі біртұтас қазақ тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Туған өлкемізде бабаларымыздың бастан кешкен тыныс тіршілігін танып-білуде, өткенін және оның танымал тұлғаларын құрметтеуде, тарихы мен мәдениетін, өркениетін насихаттауда, жергілікті жердің туризімін дамытуда өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштерінің сипатын, маңызын зерттеп-тану өте маңызды. Біздің бұл ойымызды мемлекеттік деңгейде «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Туған жер» атты мақалалық-бағдарламалардың мақсат-міндеттерінің жүзеге асып жатуы делел бола алады [1].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу объектісіне айналып отырған мәселеге қатысты ғылыми еңбектерге келер болсақ, ең алдымен Батыс Қазақстан облысының ежелгі және ортағасырлардағы тарихи-мәдени ескерткіштері туралы құнды ғылыми мәлімет қалдырған Г.А. Кушаев жөнінде айта аламыз [2].
Ежелгі және ерте көшпелілер дәуіріндегі облыстың тарихи мәдени ескерткіштерін зерттеуде тәуелсіздік жылдарында жарық көрген зерттеулерге келер болсақ, 2007 жылы жарық көрген «Батыс Қазақстанның скифтері» атты ұжымдық еңбек те маңызды. Бұл еңбекте авторлар Батыс Қазақстан облысындағы 2001-2005 жылдар аралығында өткен археологиялық зерттеу қорытындыларын мәлімдеп және алынған қазба жұмыс нәтижелері бойынша өздерінің жаңаша ой-пікірлерін оқырмандарға ұсынады [3].
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы территориясында орналасқан Тақсай оба кешенінде 2012-2013 жылдары қазба және зерттеу жұмыстарының нәтижесі жинақталған «Батыс Қазақстанның ежелгі көшпенділері (Тақсай І оба кешені мысалында)» атты монография [4], К. Алтынбековтің «Возрожденая из пепла. Реконструкция по материалам погребения жрицы из комплекса Таксай I» атты еңбегі де [5] және Батыс Қазақстан облысының табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштері жөнінде археологиялық, этнографиялық, тарихи, георграфиялық зерттеулерден тұратын 14-томдық жинақтар да басшылыққа алынады [6].
Батыс Қазақстан облысының ортағасырлық қалалар тарихына келер болсақ, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына жақын орналасақан ортағасырлық Жайық қалашығын археологиялық зерттеу барысында жинақталған материалдар жарияланған, өндірістік және қауымдық құрылыстарға, қала тұрғын-жайларына сипаттама берілген, қалашықтан табылған зират кешеніндегі екі кесененің архитектуралық құрылысына, керамикалық материалдарына талдау жасалып, бай материал жинақталған К.М. Байпақов, Е.А. Смағұлов, Ғ.А. Ахатовтың бірлесіп жазған «Ортағасырлық Жайық қала жұрты» атты басылымды [7], ежелгі тарихтың мәселелері, қалалардың ортағасырлық мәдениеттері кең көлемде қаралып, Батыс Қазақстанның далалары мен оған жапсарлас жатқан территориялардағы тарихи-мәдени үрдістердің динамикасы мен түрлі археологиялық және этномәдени құрылымдардың бір-біріне әсері сипатталатын «Средневековая городская и кочевая цивилизация бассейна реки Урал» атты еңбекті [8], қаланың бар екендігі жөнінде алғашқы деректерден бастап қазіргі дейінгі дәлелдер негізінде Батыс Қазақстандағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы мәселелері қарастырылатын тарихи очерктерден тұратын «Уральск древный и современный (очерки по истории Уральска и городской культуры Западного Казахстана)» атты Орал тарихына қатысты алғашқы ұжымдық монографияны [9], ХІІІ-Х ғасырлардағы Жайық бассейніндегі ортағасырлық қалалар – Жайық, Жалпақтал, Ақтөбе-Лаэти жөнінде қазақстандық ғалымдар жүргізген археологиялық зерттеулер негізінде бай фактілік материалдардан тұратын мақалалар жинақталған «Средневековые города бассейна реки Урал» атты еңбекті [10] зерттеп, саралау арқылы жазылды.
Орал қаласындағы архитектуралық ескерткіштерін зерттеуде 2013 жылы жарық көрген «Лицо старого Уральска» [11], «На куполах – столетий отблеск» [12] атты жинақтар және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының 315-қорының материалдары пайдаланылды.
Сонымен қатар, жобаны жазу барысында археологтар М.Д. Калменовпен және Я.Лукпановамен сұхбаттасудан алынған мәліметтер кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет