Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері



бет2/7
Дата27.12.2022
өлшемі94,56 Kb.
#164684
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба (5)
77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, Биологиялық мембрана, Ғылыми жетекші мен студент туралы мәліметтер, mektepke dei 774 ingi test-1
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. 1991-2019 жылдар аралығындағы Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің сипаты мен маңыздылығын жаңа көзқарас тұрғысынан саралап, талдау жасау зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты, зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды:

  • 1991-2019 жылдар аралығындағы Батыс Қазақстанның облысының археологиялық ескерткіштерінің түрлері, олардың ерекшеліктері мен көне және ортағасырлардағы қызметтерін анықтау;

  • қазіргі қоғамның жалпыұлттық киелі орындар жөніндегі түсінігінің мәніне және олардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөліне баға беру;

  • тарихи-сәулет ескерткіштері және монуметті нысандардың облыстағы, сондай-ақ еліміздегі туристік нысандар ретіндегі қызметін ашып көрсету.

Жобаның ғылыми жаңалығы. Жобаның басты ғылыми жаңалығы –Батыс Қазақстан облысындағы археологиялық ескерткіштердің қалыптасуы мен ерекшеліктерін талдау арқылы өлкенің ежелгі және ортағасырлардағы мәдениетін, өркениеттілігі деңгейін анықтау, мұрағат құжаттары мен іргелі еңбектерді саралап, жинақтап, жүйелеу арқылы тарихи-мәдени ескерткіштердің жергілікті халықтың, өлкеге келген қонақтар мен саяхатшылардың оның тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттарға деген қызығушылықтарын арттырудағы рөлін кешенді түрде зерттеу болып табылады.
Зертту әдістері. Жоба объективтілік, тарихилылық, жүйелілік, тарихи-салыстырмалық және талдау мен жинақтау, сондай-ақ, сұхбат алу секілді этнографиялық зерттеу әдістерін қолдану арқылы жазылды.
Жоба бойынша күтілетін нәтижелер:

  • «Археология» курсынан дайындалатын оқу-әдістемелік кешен мен оқу-әдістемелік құралды дайындаған кезде жобадағы Батыс Қазақстан облысының археологиясы бойынша материалдарды пайдалануға болады;

  • «Батыс Қазақстан өңірінің тарихы» курсынан дайындалатын оқу-әдістемелік кешен мен оқу-әдістемелік құралды дайындаған кезде жобадағы Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері бойынша материалдармен толықтыруға болады;

  • - «Турзим» курсынан дайындалатын оқу-әдістемелік кешен мен оқу-әдістемелік құралды дайындаған кезде жобадағы өлкенің туристік маңыздылығы бар объектілері бойынша материалдармен толықтыруға болады;

  • өлкенің туризмін дамыту мақсатында арнайы сайт жасақтаған кезде жоба материалдарын кеңінен пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет