Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-сәулет ескерткіштері және монуметті нысандардың туристік нысандар ретіндегі қызметі



бет5/7
Дата27.12.2022
өлшемі94,56 Kb.
#164684
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба (5)
77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, Биологиялық мембрана, Ғылыми жетекші мен студент туралы мәліметтер, mektepke dei 774 ingi test-1
1.3 Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-сәулет ескерткіштері және монуметті нысандардың туристік нысандар ретіндегі қызметі.

Бұл санатқа Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік тізіміндегі және маңыздылығы бар тарихи, сәулет және мәдени ескерткіштер енгізілген.


Қазақстан Респцбликасының 1992 жылғы 2 шілдедегі (2.07.2004 ж. толықтырулармен) «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 «Тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтау, есепке алу, мәртебесін беру мен айыру Ережесіне» сәйкес әртүрлі өзгерістер немесе қалпына келтіру жұмыстары немесе республикалық маңызы бар нысаналардың қайта қалпына келтіруі ҚР Үкіметінің рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Мемлекеттің қорғалуына тек қана нысан емес, сонымен қатар әр ескерткішке уәкілетті органмен бөлек белгіленетін қорғалу аймағы жатады.
Қала құрылыс кешені (Шаған өзені Орал өзеніне Чагано-Набережная көшесінен Еуразия даңғылына дейін, Еуразия даңғылы бойынан Әйтиев көшесіне дейін, Әйтиев көшесі бойынан Орал өзенінің жағалауына дейін). Салынған жылы: ХVІІІ-ХХ ғ.ғ.
Аталмыш кешен өзіне республикалық маңыздылығы бар тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын қаланың ескі бөліктері Пугачев көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейін, сондай-ақ аталған көшелерден Еуразия даңғылы мен Әйтиев көшесіне дейінгі бөлікті қамтиды.
Қаланың бұл бөлігінде ХІХ ғасырдың 30-дан астам тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштері бар. Соның ішінде:
-көпес Владимировтың бұрынғы үйі болған ғимарат, қазіргі «Талап» АҚ-ның стомотологиялық емханасы. ХІХ ғасырдың аяғында салынған, Нұрсұлтан даңғылы, 206.
-бұрын ат сарайы болған ғимарат, қазіргі «Дуэт» дыбыс жазу студиясы. ХІХ ғасырдың аяғында салынған, Нұрсұлтан даңғылы, 196.
-бұрынғы көшпелі Никольская шіркеуі болған ғимарат, қазіргі Никола Святитель Чудотворец шіркеуі. Х:Чурин көшесі, 99/1 және басқалар [31, 8-31 б.б.].
Осылардың ішінде ең көрнектісі, қалаға келген туристердің ерекше қызығушылықтарын туғызатын бірнеше ескерткіштерге тоқталсақ, «Жебеуші Христос» шіркеуінің іргетасы 1889 жылы қаланды, сәулетші И.А. Тец ғибадатхананың жоспары мен эскизін жасады, оларға сәйкес бүйірден тыс үш айналмалы храм салу көзделген. 1891 жылы мерейтойға қаражат жетіспеуіне байланысты және уақыт тығыздығынан, құрылысты аяқтау мүмкін емес болды. Кейін ғибадатхана құрылысының жоспарына сәулетшілер В.Н. Курицын және Чагин елеулі өзгерістер енгізді. Олар бір маңайдағы ғибадатхана жобасын ұсынды. Барлық дайындық жұмыстары тек 1903 жылы өз мәресіне жетіп, ал ғибадатхана құрылысы 1907 жылы аяқталды. Инженер-техник И.Н. Небаронов және И.М. Железнов шіркеуді салу аяқталғанша басы қасында жүрді. Храм жеті күмбезге ие, оны сегіз бастион қошап тұр. Алдынғы екеуіне 1591 және 1831 жыл деп жазылған. Ғибадатхананы түбегейлі қайта құру 1983-1984 жылдары жүргізілді. Толық шамдар ауыстырылып, ғимараттың сыртқы беті және оның қызыл қаптамасы тазартылды, крест қайта орнатылды. Қазір христос құтқарушы храмы-қаладағы ең әдемі шіркеулердің бірі. Қала тұрғындары оны «алтын» деп те атайды. Бірнеше жылдар бойы ғимаратта өлкетану музейі және атеизм музейі орналасты. 1990 жылы ғимарат дінге сенушілерге қайтарылды. Орналасқан жері: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 202 [32].
«Көпес Александр Тимофеевич Карев үйі» 1900 жылы тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіп мерт болған. Құрылысты әйелі Д.Ф. Карева аяқтаған. Каревтер бұл үйде тұрмаған, оны жалға қонақ үй ретінде қолданған.Ғимарат қаладағы ескі құрылыстар арасынан қаланың бір бөлігіне жуық көлемді алып жатқан зәулімдігімен, қалыптан тыс үш биік қабатымен ерекшеленеді. Бұл орыстық емес кірпіш-тас қалау тәсілімен тұрғызылған Орал қаласындағы бір ғана ғимарат. Ғимарат басында тұрғынжай үшін емес, сауда, кіріс үйіне арналды. Бірінші қабат дүкендерге берілді, екінші қабатқа 1871 жылдың өзінде ашылған кітапханасы бар офицерлер жиналысы орналастырылды. Үшінші қабат қонақүйлік нөмірлер ретінде пайдаланылды. 1908-1909 жылдары екінші қабаттағы залда «Электро-Биоскоп Пате» және «Париждық кинематограф» жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония және Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана орналасқан.Орналасқан жері: Орал қаласы, Карев көшесі 47 [33].
2006 жылы Қазақстанда ақын А.С. Пушкиннің жылы болды, дәл осы күнге орай Орал қаласында А.С. Пушкин атындағы әдебиет музейі ашылды. Музей қаладағы бұрынғы «атаман үйі» деп аталатын ғимаратта ашылды, ұлы ақын Оралда үш күн бойы тұрып, жұмыс істеген дәл осында 1833 жылы тоқталған. Үй шамамен 1830 жылы салынған, ақынның келуінен бернеше жыл бұрын итальяндық сәулетші Дильмединоның жобасы бойынша салынған. Кеңес уақытында осында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған әскери госпиталь орналасқан. Музей ашылғанның алдында оның іші толық қайтадан қалпына келтіруден өтті, қасбет пен ішкі көріністердің бөлігі қайтадан салынды. Сәулет ескерткіші болып табылатын ғимарат Қазақстандағы орыс әдебиетінің белгісі бола алады, себебі А.С. Пушкиннен басқа осында И.Крылов, В.Даль, В.Жуковский, Т.Шевченко, А.Плещев, М.Шолохов және көптеген басқа да адамдар болды. Ұлы ақын Пушкин 1833 жылдың қазан айында үш күн бойы Орал қаласында болды. Сол кезде ол оның «История Пугачевского бунта» және «Капитанская дочка» повесінің негізі болған тарихи материалдарын жинап жүрген. Музей екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлмеде қазақ жазушыларының Пушкинге арналған аудармалары мен арнаулары бар стенд ұсынылған. Екінші бөлмеде музейдің негізігі экспозициясы бар. Стендтерде Пушкиннің Оралға келгенін суреттейтін суреттер, ұлы ақын оның әйелі Наталья Гончарованың портреті, ақынның атақты замандастары, ескі Оралдың бейнелері орналастырылған. Стендтер ХІХ ғасырда Оралға келген жазушылардың құжаттық материалдарының көшірмелері мен түпнұсқалырн, Пушкиннің қолжазбаларының көшірмесін, ақынның зайыбына жазған хаттарының мәтіндерін, ақынның қайтыс болғаннан кейінгі бетпердісін қамтиды. Орналасқан жері: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 168-а. [34].
Облыстағы мемлекеттік және ұлттық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне келер болсақ, Жаңақала ауданының қазіргі тарих және мәдениет ескерткіштеріне, аудандағы ХІХ-ХХ ғ.ғ. ІІ-ші жартысындағы ескерткіштер жатады. Олардың пайда болуы, аудандағы саяси өзгерістерге, қоғамдық экономикалық және мәдени оқиғалармен байланысты. Аймақта тарихи, мәдени және архитектуралық 13 ескерткіш бар. Көбінесе олар ҰОС қатысушыларына және батырларына арналған. Олар – Жаңақала ауылындағы «Жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткіш», Кеңес Одағының батырлары С.Айтқұловқа және М.Жүнісовке арналған сынтас және обелисктер де бар. Маңызды орын мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткер С.Меңдешевке, қазақ мәдениетінің қайраткерлері Д.Нұрпейсова және Қ.Жантілеуовке арналған.
ХІХ ғ ІІ жартысындағы ескерткіштер сақталған, яғни Жаңақазан ауылындағы екі қабатты ағаш үй – архитектуралық ескерткіш, сонымен қатар жалғыз христиан ескерткіші ХХ ғасырдың басында орнатылған, Жаңақала ауданының тарихына кірген мемориалдық ескерткіш Мәстексай ауылының солтүстігінде орналасқан [26, 131 б.].
Жәнібек ауданының осы заманғы тарих және мәдениет ескерткіштеріне ХІХ-ХХ ғасырлардағы ескерткіштер жатады. Олар аудан тарихындағы ірі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалардың нәтижесінде пайда болды. Аудан аумағында тарих пен мәдениеттің 18 осы заманғы ескерткіші бар. Азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жерлестердің құрметіне орнатылған мемориалдық белгілер, Жәнібек ауылында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіші, Ақоба ауылында КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, комиссар Хаби Халиуллинге ескерткіш, Жасқайрат ауылында ақын Тайыр Жароков ескерткіші, Жәнібек ауылында ақын, ойшыл Ғұмар Қараш ескерткіші бар [21, 119 б.].
Қаратөбе ауданы көлемінде қоғамдық-саяси мәні зор қазіргі кезеңнің 11 ескерткіші бар. Көбісі Ұлы Отан соғысы батырлары мен қатысушыларына арналған. Олар Қаратөбе ауданындағы «Даңқ мемориалы», қаза тапқан жерлестерге және т.б. арналған стеналар мен ескерткіш – белгілер.
Екінші Мемлекеттік Думаның депутаты, қазақтардың жер мүддесін қорғаушы, Орал облыстық Кеңесі атқарушы комитетінің мүшесі, әділет комиссары Б.Қаратаев; белгілі композитор әрі ақын, тамаша домбырашы М.Мерәліұлы; Қазақ КСР халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауриаты, әнші-композитор Ғ.Құрманғалиев сынды қоғам қайраткерлеріне арналған ескерткіштердің орны ерекше [22, 126 б.].
Сырым ауданының қазіргі кезеңдегі тарих пен мәдениет жәдігерлеріне ХІХ-ХХІ ғасыр ескерткіштері жатады. Ескерткіштердің пайда болуы аудан тарихындағы ірі, елеулі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалармен тығыз байланысты.
Қазақстанның Қазан революциясына дейінгі тарихына қатысты ескерткіштер маңызды орын алады. Бірінші кезекте Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық күресі. Олар тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында дүниеге келген ескерткіштер. Соны жағынан олар көп емес және негізінен аудан орталығында орналасқан. Аудандағы тарихи-мәдени мұралардың сақталуында жақында ашылған. Сырым ауданы тарихы мұражайының орны ерекше болды.
«Алашорда» қызметі кезеңіндегі ескерткіштердің алатын орны ерекше. Олар – ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғаларға, соның ішінде Жаһанша Досмұхамедұлының және басқалардың өмірбаянына, ғимараттарға және т.б. қатысты ескерткіш – белгілер. Өкінішке орай, уақыт өте кейбір ескерткіш – белгілер жоғалып та кеткен.
Құрамына қарай ең мол болып келетін ескерткіштер кеңестік дәуірге жатады. Әдетте бұл кезең ескерткіштері ұзақ сақталмайтын материалдардан дайындалған мүсін (статуя), стела (жазулы тақта), барельеф түрінде кездеседі, көркемдік деңгейі мен орындалу шеберлігі де жоғары емес. Барлық ескерткіштердің тақырыптық бағыты бірдей және нақты. Олар: революция кезеңінің ескерткіштері немесе Ұлы Отан соғысына арналған белгілер. Нысандардың кейбіреулері өте нашар күйде, ал еңбектегі ерлікке арналған ескерткіштер мүлдем сақталмаған.
Солай бола тұрса да бұл ескерткіштер ауданның тарихи-мәдени мұралары ескерткіштері жиынтығына енгізілді.
Зеленов ауданының қазіргі кезеңдегі тарих және мәдениет жәдігерлеріне ХІХ-ХХІ ғасыр ескерткіштері жатады. Ескерткіштердің пайда болуы аудан тарихындағы ірі, елеулі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалармен тығыз байланысты. Аудан көлемінде қоғамдық саяси мәні зор 40 ескерткіші бар. Көбісі Ұлы Отан соғысымен Азамат Соғысында қаза тапқандарға арналған.
Бұл Переметный ауылындағы ҰОС-да қаза тапқандарға мемориалды кешен, Дариьнскіде жеңіс ескерткіші, Кеңес Одағының батыры Мардасов И.А. ескерткіш, ҰОС мен Азамат соғысында қаза тапқандарға стеллалар мен ескерткіш-белгілер. Азамат соғысындағы оқиғаларға байланысты тарихи ескерткіштер бар. Мысалы, Орал қаласын қоршаудан босатуға байланысты қойылған ескерткіш-белгілер. И.А. Шолоховтың үй-мұражайы тарихи ескерткіштердің ішінен маңызды орын алады. Аудан аумағында ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіштері сақталған [35, 120 б.].
Ақжайық ауданындағы қазіргі заманғы тарих пен мәдениет ескерткіштері ХІХ-ХХ ғасырларға жатады. Олардың пайда болуы аудан тарихындағы үлкен саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалардың нәтижесінде болып табылады. Аудан аумағында маңызды қоғамдық – саяси маңызы бар осы заманғы 36 ескерткіш бар. Көпшілік жағдайда олар Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысының батырлары мен қатысушыларын есте қалдыруға арналған. Олардың ішінде Азамат соғысының батыры, даңқты қолбасшы В.И. Чапаевка арналған ескерткіштер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған стеллалар мен облисктер маңызды орын алады.
Ауданда ХІХ ғасырдың орта шеніндегі ескерткіш – ғимараттар – мешіттер, санитарлық-эпидемиологиялық бекеттің ғимараты, мемориальдық мұражай ғимараты сақталған.
Чапаевтың қаза тапқан жеріндегі мемориальдық ескерткіш. Тарихи ескерткіш. 1971 жылы орнатылған. Авторы: Б.В.Серболин, скульптор В.С. Иванов. Бұрынғы Ілбішін станциясында (қазіргі Чапаев кенті), Орал өзенінің оң жағалауындағы азамат соғысының батыры, даңқты дивизия қолбасшысы Василий Иванович Чапаев қаза тапқан жерде, 1971 жылы 4 қырқүйекте мемориальды ескерткіш – обелиск пен стелла орнатылды. Биіктігі 20 метр, орыс винтовкасының найзасы тұрпатындағы обелиск титан қаңылтырымен қапталып, болат тіректен жасалаған. Стеллада – В.И.Чапаевтың қола барельефі мен мынадай мемориалдық мәтін жазылған: «Бұл жерде 1919 жылы 5 қырқүйекте Кеңес үкіметі үшін күресте азамат соғысының батыры Василий Иванович Чапаев қаза тапты».
В.И. Чапаевқа ескерткіш. Ескерткіш 1978 жылы орнатылды. Тұрған жері Чапаев кенті. Авторы: мүсінші В.Андрющенко, сәулетші Г.Басенов [36, 157 б.].
Өлкенің өткен өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір тарихи кезеңін еске түсіретін және рухани орталық пен зиярат ететін бұл Орал қаласындағы және облыстағы діни және архитектура ескерткіштерінің жергілікті жердің туризмін дамытуда маңызы зор деп есептейміз. Жоғарыда аталған бұл тарихи ескерткіштер мен көрнекі орындар арқылы елімізді дүниежүзіне таныта аламыз. Сондай-ақ, жобаның аясында жастарға жергілікті жердің мәдени, рухани мұраларын насихаттай отырып, осы мұраларды сақтауға жұмылдыру арқылы патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптастыруды көздейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет