Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет6/7
Дата27.12.2022
өлшемі94,56 Kb.
#164684
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба (5)

ҚОРЫТЫНДЫ

1991-2019 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени нысандарының сипаты мен маңызын археологиялық, этнографиялық, мұрағаттық деректер мен іргелі еңбектер негізінде зерделей отырып, мынадай тұжырымдар жасалды:


- Батыс Қазақстан облысында тас индустриясының 23 орны анықталды, оның алтауы палеолит кезіңінде, біреуі мезолит, қалғандары неолит дәуіріне жатқызылды. Әсіресе палеолит кезеңіне жататын олжалар зерттеушілерді (Шалқар I-IV, Бұлақ І,І ІІ) қызықтырды. Аса үлкен қызығушылық туғызған, Шалқар І мекенінен табылған 20 данадан құраған топтама болды. Ғылыми, тарихи тұрғыдан құнды облысымыздағы палеолит кезеңінің ескерткіші – шеберхана-тұрақ Ешкітау болып табылды. Археологиялық қазба нәтижесінде 2 мыңнан артефактілер табылды. Зерттеулер бұл ескерткіштің Қазақстанның палеолит кезеңіндегі маңыздылығы мен бірегейлігін көрсетіп отыр;
- Шыңғырлау ауданындағы қабірден қазылып алынған материалдар ішінен келесі мәдени-хронологиялық ретті кейінгі қола дәуіріне (б.з.д. ІІ мыңжылдық ортасы) жататын бірнеше кешендер алады. Осындай кешендерге Үлгілі-І, Елекшар-І бейіттеріндегі негізгі қабірлер алабы, сондай-ақ Елекшар-ІІІ бейітінің №2 обасының №2, №4 қабірлері жатады. Орал өңірі даласында синташтиндік мәдени топқа жататын жерлеу кешендері арқылы орта және кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінің үздік бір шоғырының ашылуы ғылым мен әдебиетте осы кезеңде Солтүстік Еуразия далаларында ерте кешендік қоғамдардың қалыптасу механизмдерін анықтауға арналған мәселе қызу талқылана бастады. Бұл жағынан алғанда әдеттегіден ерекше жерлеу кешендері айрықша қызығушылық тудырады;
- Өлкемізде 2001 жылдан бері зерттеліп отырған Сегізсай (Лебедовка) және Қырық-оба қорған кешендері Еділ және Орал өзен аралығында дала империясының болғандығын дәлелдейді және Сегізсай (Лебедовка) қорған кешенініңең басты тарихи маңыздылығы – тас дәуірінен ортағасырларға дейін осы мекенді көшпелі тайпалардың мекен етіп, бірнеше мәдени қабаттардың қалдыруы, Орал өңірінің шығыс пен батысты байланыстырған мәдени дәліз рөлін атқарғандығы. Қырық-оба, Сегізсай қорған кешендері өлкемізде көшпелі элиталардың ескерткіштері ретінде туристер үшін өте қызықты нысан болмақ;
- 2018 жылы Шыңғырлау ауданында орналасқан Сегізсай (Лебедевка) ауылының шығысынан 10 шақырым қашықтықтағы жерлеу ескерткіштері – үйік-обалар шоғырланған Есен-Аман тауда жүргізілген қазба жұмысының барысында табылған сүйек қасық сабының ұшында «аң стилінде» жасалған қасқырдың басы бейнеленгендігі ежелгі өнердің туындылары екеніне дәлел;
- 2001 жылы ашылған Жайық қалашығы Алтын Орда дәуіріне (XIII-XV ғ.ғ) тиесілі ежелгі қала орындарының бірі. Қаланың жоғарғы жағында орналасқан бейіттер, аймақтан табылған моншаның іздері, кірпіш құятын, әктәс өндіретін пештердің табылуы оның әкімшілік манызды қалалар қатарында болғанын дәлелдейді. Қаланың ортағасырлық кезеңге жататынын дәлелдейтін тағы бір факті қала құрылысының жобасы ортағасырлық хорезмдік стильде салынуы, ежелгі ірі шығыс қалаларына тән қаланың жоғарғы жағында бейіттердің орналасуы. Әктәс өндіретін пештен шыққан әк кірпіштердің сапасы қазіргі әк кірпіштен кем емес болуы сол кездің өзінде қаланың ежелгі өндіріс орталықтарының бірі болғанының дәлелі. Ең басты маңыздылығы – Орал қаласының тарихын 300 жылға шегерді. Дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсете алатын нысан ретінде Жайық қалашығы туристердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз;
- Ұлттық музейде, ал көшірмесі БҚО тарихи өлкетану музейінде сақтаулы, реставратор Қырым Алтынбеков қалпына келтірген «Тақсай ханшайымның» (2012ж. ашылған) үлгісін негізге ала отырып, ескерткішті б.з.д. VI-V ғ.ғ. жатқызамыз. Ескерткіш Орал өңірінің көшпелі сарматтарының оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгергендігіне дәлеле бола алады. Ғылымға “алтын әйел”, “күн ханшайымы” деп енген, шындығында абыз әйелдің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартумен қатар, дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етеді. Сондай-ақ атқа міну мәдениетіне қорымның үстіңгі қабатынан оңтүстік-батыс бағытында жатқан төрт ат әбзілдерінің табылуы дәлел бола алады. Өлкеміздің ежелгі өркениетінен мол мағлұмат беретін ескерткіш ретінде “Тақсай ханшайымын” қала қонақтары мен туристеріне Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінде таныстырып, әлем өркениеті тұрғысынан танып-білуге мүмкіндік беруге болады;
- «Киелі жерлер географиясы» жобасына Батыс Қазақстан облысы бойынша 6 объекті еніп отыр. Бұлар қазіргі таңда жергілікті жердің туризмін дамытуға өзіндік үлес қосып отыр;
- Орал қаласындағы тарихи-сәулет ескерткіштері мен монументті ескерткіштер тарихын білу қаланың қалыптасу мен даму тарихын танып-білуде маңызды. Қала құрылыс кешені (Шаған өзені Орал өзеніне Чагано-Набережная көшесінен Еуразия даңғылына дейін, Еуразия даңғылы бойынан Әйтиев көшесіне дейін, Әйтиев көшесі бойынан Орал өзенінің жағалауына дейін). Салынған жылы: ХVІІІ-ХХ ғ.ғ. Аталмыш кешен өзіне республикалық маңыздылығы бар тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын қаланың ескі бөліктері Пугачев көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейін, сондай-ақ аталған көшелерден Еуразия даңғылы мен Әйтиев көшесіне дейінгі бөлікті қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет