Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпыұлттық киелі орындар, олардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі



бет4/7
Дата27.12.2022
өлшемі94,56 Kb.
#164684
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба (5)
77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, 77 Обучение грамоте, Биологиялық мембрана, Ғылыми жетекші мен студент туралы мәліметтер, mektepke dei 774 ingi test-1
1.2 Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпыұлттық киелі орындар, олардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі.


Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Президент өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – дей келе [27], «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді.
Біздіңше, балалардан бастап жалынды жастарға дейін ұлттық дүниетанымға негізделген тәлім-тәрбие мен отансүйгіштікке баулыған жөн. Ал отансүйгіштік әуелі туған жерге деген құрметтен басталады. Отанымыздың әр жері – киелі, тау-тасына дейін тарих. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасау көзделген. Осы орайда, Елбасы: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын ұсынамын», - деген болатын [28].
Қазақстанда көптеген киелі мекен бар. Расымен де, сол мекендер картасын жасап шығару – ауқымды да кейінгі ұрпақ үшін аса керекті дүние. Себебі, бұл бастама Қазақстандағы киелі мекендердің нақты санын анықтап қана қоймай, сонымен қатар туризм саласын дамытуға да өз септігін тигізері анық. Елбасының бұл «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр. Сондай тарихы тұнған Батыс Қазақстан облысындағы киелі орынның бірі - Жайық қалашығы 2001 жылы табылды. Орал қаласының оңтүстік-батысынан 12 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің 2 жайылма үсті террасасында орналасқан. Қалашықтың 50 гектарға дейінгі, ал некропольдің 300 гектарға дейінгі аудандары сақталған. Бірқабатты. Қалашықтың өмір сүрген уақыты ХІІІ ғасырмен ХV ғасырдың бірінші жартысы. Қазба жұмыстары кезінде төмендегідей нысандар табылды: кірпіш күйдіретін пеш, шығыс моншасы, 3 тұрғын-үй жайы, 2 кесене және басқада құрылыс орындары. 2009 жылы некропольда 2 обада қазба жұмыстары жүргізілді, оның бірінен Қазақстан бойынша сирек кездесетін қола айна мен күміс тиын ақша табылды. Бұл жерге ашық аспан астында тарихи-мәдени және табиғи-ландшафттық Музей-қорық ашу жоспарлануда.
Ашылған орта ғасырлық Жайық қалашығының маңызы, бұл қазіргі Орал қаласының орнында қала мәдениетінің болғанын нақты дәлелдейді.
2001 жылы оралдық және алматылық ғалымдардың Оралға жақын жерден қалашық табуы көп жылдық ізденістердің жетістігі еді. Соңғы жылдары 8 жыл қатарынан жүргізіліп жатырған археологиялық жұмыстар бұл қаланың Х-ХІV ғасыр ескерткіші екенін айқындайды. Бұл Орал өзені бойындағы қала туралы жазған ортағасырлық авторлардың мәліметтері мен ХVІІІ-ХІХ ғасыр ғалымдарының тұжырымдарының рас екендігін дәлелдейді. Ал археолог Г.А. Кушаевтың қазіргі Орал ғұмырнамасының тым ертеден бастау алатындығы жайлы өз шындығын дәлелдейді.
ХХІ ғасырдың басында бұл деректердің авторы «Ақсай-Атырау» құбыр желісіне археологиялық экспертиза жасауға БАҚ-та талап етуі кезінде Орал маңында қала бар екенін дәлелдеді. Дәл осы Оралдық трасса аумағында жаңа қала-аймақтағы соңғы кезеңдегі ең ірі әрі сенсациялық жаңалық ашылды. Бұл зерттеулердің алғашқы нәтижелері Батыс Қазақстан тарих және археология орталығы шығарылған «Вопросы истории и археологии Западного Казахстана» атты ғылыми журналда жарық көрді. Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары К.М. Байпақов, Е.А. Смағұлов және Г.А. Ахатова «Средневековое городище (Жайық» атты арнайы басылымды даярлады [7].
Ежелгі авторлардың өңір қоңысы туралы айтқан мәліметтерінің растығын бүгінгі Орал мен Алматы ғалымдарының тарих қойнауынан сыр шертетін жаңалықтары айғақтай түсуде. Соңғы 3 жылда ХІІІ-ХІV ғасырға жататын тағы 2 қала (Жаңақала ауданында «Өзен» ескі қаласы, Казталовка ауданында «Жалпақтал» ескі қаласы) табылды. Демек, ортағасырлық авторлардан жеткен көптеген мәдіметтер сондай-ақ ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдардың Жайық өзені бойындағы қалалар туралы жазған қорытындылары дұрыс болып шықты. Қазіргі Орал орналасқан аумақтың қалалық мәдениет жасы тым әріден басталатындығы туралы пікір нақты қуаттайтын дәлелге ие болды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, археолог М.Д. Калменовтың Жайық қалашығы туралы берген сұхбаты бойынша жасалған тұжырымдар:
- Алтын Орда дәуіріне (XIII-XV ғ.ғ) тиесілі ежелгі қала орындарының бірі;
- қаланың жоғарғы жағында орналасқан бейіттер, аймақтан табылған моншаның іздері, кірпіш құятын, әктәс өндіретін пештердің табылуы оның әкімшілік манызды қалалар қатарында болғанын дәлелдейді;
- қаланың ортағасырлық кезеңге жататынын дәлелдейтін тағы бір факті қала құрылысының жобасы ортағасырлық хорезмдік стильде салынуы, ежелгі ірі шығыс қалаларына тән қаланың жоғарғы жағында бейіттердің орналасуы;
- әктәс өндіретін пештен шыққан әк кірпіштердің сапасы қазіргі әк кірпіштен кем емес болуы сол кездің өзінде қаланың ежелгі өндіріс орталықтарының бірі болғанының дәлелі;
- дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсете алатын нысан ретінде Жайық қалашығы туристердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Сондықтан да бұл жерге ашық аспан астында тарихи-мәдени және табиғи-ландшафттық Музей-қорық ашу жоспарлануда [19].
Келесі киелі орын - «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешенінің тарихы ХІХ ғасырдан сыр шертеді. Тарихи деректерге сенсек, Жәңгір хан 1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне хан әулетінің атадан балаға ауысар мұрасы саналатын құнды жәдігер, ат әбзелдері мен жауынгер қару-жарағын жинастырып, алғаш рет қару-жарақ палатасын ұйымдастырған екен. Тарихта тіпті бұл – қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей деп те жүр. Тарихты парақтасақ, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені 1962 жылы 15 желтоқсанда Қазан төңкерісінің 45 жылдығына орай қоғамдық негізде ашылған. орда тарихи-революциялық музейінен бастау алады. Музейді ұйымдастырған өлкетанушы А.Тажетдинов деген дерек кездеседі. Музей әуелі де Орда тарихи-революциялық музей деп аталса керек. Бөкей ордасы тарихи музей-кешенінің директоры Ғайса Мақымовтың айтуынша, музей 1967 жылы мемлекеттік музейлер санатына енгізіліп, 1969 жылы ХІХ ғасырдың тарихи-архитектуралық ескерткіші – бұрынғы Казначейство мекемесінің ғимаратына көшірілген. 1986 жылы музей ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, музей қорын торықтыру жұмыстары қайта қолға алынған. 1997 жылы Орда тарихи-революциялық музейінің атауы – Орда тарихын музейі болып өзгерген. Оның жанындағы «Қыздар училищесі» ғимаратында «Бөкей ордасында халыққа білім беру музейі» ашылған екен. Музейге қарасты ғимараттардың көбеюіне байланысты Орда тарихы музейі 2002 жылы Бөкей ордасы тарихи-музей кешені атанғанын айтады. Бөкей ордасы тарихи-музей кешені Орда ауылындағы Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Музейде 16 экспозициялық зал бар. Мұнда 16 мыңға жуық құнды жәдігер сақтаулы. Музей кешенінде ХІХ-ХХ ғасырларға тән 60-тан астам тарихи және мәдениет ескерткіші бар. Жыл сайын Бөкей ордасы тарихи-музей кешенін тамашалауға 17 мыңдай адам келсе, 2 мыңға жуық экскурсия ұйымдастырылады. Олардың қатарында шетелдік азаматтарда аз емес [29, 91-100 б.б.].
Өлкеміздегі ұлы тұлғаларға қатысты келесі киелі жер – Ғұмар Қараштың кесенесі. Ғұмар Қараш (1875-1921 ж.ж) – белгілі ақын, ойшыл-ағартушы, Алаш қайраткері. Төңкеріске дейін-ақ «Шайыр...» және «Көксілдер» жинағын, «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа,1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914) кітаптарын шығарған. 1911 жылы қазақтың тұңғыш басылымдарының бірі «Қазақстан» газетін шығарысқан. 1919 жылы тұңғыш педагогикалық «Мұғалім» журналын шығарған қайраткер. 1917 жылы Алаш қозғалысына белсене араласып, бірінші және екінші жалпықазақ съезіне қатысқан, қази сайланған.
Ғұмар Қарашты 1921 жылы 12 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі жеріндегі Құнаншапқан деген жерде ақтар қылыштап өлтірген. Оның бейіті атамекені Борсы елді мекені, Қараш көлінің маңында, Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі аумағында орналасқан. Ескерткіштің тарихи маңыздылығы сонда, көрнекті ақын, ойшыл, философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер, ағартушы Ғұмар Қараштың есімін асқақтататын, өзге жердің халқына мақтан етуге мүмкіндік беретін ескерткіш болғандығы [21, 122 б.].
Алашорда үкіметінің батыс қанаты – Күнбатыс Алашордасының орталығы болған Жымпиты селосында Алаш тарихымен байланысты бірнеше ғимарат сақталған. Оның бірі – Күнбатыс Алашорданың кесенесі, екіншісі – ХІХ ғасырға тиесілі мұсылмандар мешіті. Алаш жұрты азаттыққа қол созған 1917-1918 жылдары Алашорданың батыс қанаты ең ұзақ: 19 ай – 578 күн бойы өмір сүрген. Бүгінде Жымпиты ауылында Алаш аллеясы, Алашорда музейі жұмыс істейді.
Кешен Жымпиты ауылында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының орталығы) орналасқан. Тарихи маңыздылығы сол, ХХ ғасыр басында Батыс Қазақстан облысында орнаған ұлттық-мемлекеттік Күнбатыс Алашорданың өмір сүргендігіне тарихи куә болатын ескерткіштер кешені болғандығы [20, 147 б.].
Орал қаласынан Жымпиты ауылына қарай 80 шақырымдай жерде әулие Жұмағазы хазірет қорымы бар. Халық арасында «Дәдем ата» атанып кеткен Жұмағазы хазірет Тәңкеұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген дін ғұламасы. Жалпы туған жері Жалпақтал өңірі болғанымен, мазары Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағында орналасқан. Жұмағазы хазірет тама руынан шыққан, қазіргі Сырым ауданына қарасты Алғабас ауыл округі маңындағы Тамасай деген жерді мекен еткен. Ел аузында тараған аңыздарға сенсек, Дәдем ата Түркістан шаһарында білім алып, Қожа Ахмет Ясауидің қол астында имамдық қызмет атқарған, кейіннен туған өлкесіне оралып, мешіт-медресе ашып, елге рухани білім таратқан. Төрт рет қажылық сапарына барып, келген, ислам дінін берік ұстанған және кереметке ие болған адам. Қай кезде де елді бірлікке шақырған, дінді насихаттай жүріп, өзіне берілген кереметтің күшін тек елдік үшін жұмсаған әулие-әмбие. Демалыс күндері мазарына зиярат ету үшін келетін адамның саны 250-300-ге жетеді.
Жұмағазы хазірет туралы бір аңызда: «Жұмағазы хазірет Түркістаннан оралған соң қазіргі Сырым мен Теректі аудандары аралығындағы жерді жайлап отырған қазақ руларының ақсақалдарына жолығып, қоныс сұрапты. Бірақ рубасылар Жұмағазының өтінішіне құлақ салмайды. сол кезде бұрылып кетіп бара жатқан Жұмағазы хазіреттің арқасынан лаулап от көрінген екен. Мұны байқаған бір ақсақал: «Оу, жұртым, мына адам тегін кісі болмады киесі ұрар, өтінішін орындап, жер бөліп бермесек болмас!» депті деседі. Қазіргі Тамасай, Үбінияз (Үбіш, Үбінияз – Жұмағазы хазіреттің баласы екен) жайлауы деген жерлер сол кезде Жұмағазы хазіреттің үлесіне берілген жер болса керек [30].
Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін, бай мифологияны паш ететін, Орал өңірінде металлургияның ошағы бар болғанын дәлелдейтін «Тақсай ханшайымы да» облысымыздың киелі жерлері тізіміне кірді.Тақсай ханшайым жерленген қорымды батысқазақстандық археологтар 2012жылдың күзінде Теректі ауданынан тапқан.Ұлттық музейде, ал көшірмесі БҚО тарихи өлкетану музейінде сақтаулы, реставратор Қырым Алтынбеков қалпына келтірген «Тақсай ханшайымның» үлгісін негізге ала отырып, ескерткішті б.з.д. VI-V ғ.ғ. жатқызамыз. Ескерткіш Орал өңірінің көшпелі сарматтарының оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгергендігіне дәлеле бола алады. Ғылымға “алтын әйел”, “күн ханшайымы” деп енген, шындығында абыз әйелдің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартумен қатар, дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етеді.Сондай-ақ, атқа міну мәдениетіне қорымның үстіңгі қабатынан оңтүстік-батыс бағытында жатқан төрт ат әбзілдерінің табылуы дәлел бола алады. Өлкеміздің ежелгі өркениетінен мол мағлұмат беретін ескерткіш ретінде “Тақсай ханшайымын” қала қонақтары мен туристеріне Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінде таныстырып, әлем өркениеті тұрғысынан танып-білуге мүмкіндік беруге болады [5].
Батыс Қазақстан облысының тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері, археолог, «Тақсай ханшайымын» тапқан Лукпанова Янаның сұхбаты бойынша жасалған тұжырымдар:
- Ұлттық музейде, ал көшірмесі БҚО тарихи өлкетану музейінде сақтаулы, реставратор Қырым Алтынбеков қалпына келтірген «Тақсай ханшайымның» үлгісін негізге ала отырып, ескерткішті б.з.д. VI-V ғ.ғ. жатқызамыз;
- ескерткіш Орал өңірінің көшпелі сарматтарының оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгергендігіне дәлеле бола алады;
- ғылымға «алтын әйел», «күн ханшайымы» деп енген, шындығында абыз әйелдің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартумен қатар, дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етеді;
- сондай-ақ атқа міну мәдениетіне қорымның үстіңгі қабатынан оңтүстік -батыс бағытында жатқан төрт ат әбзілдерінің табылуы дәлел бола алады;
- өлкеміздің ежелгі өркениетінен мол мағлұмат беретін ескерткіш ретінде «Тақсай ханшайымын» қала қонақтары мен туристеріне Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінде таныстырып, әлем өркениеті тұрғысынан танып-білуге мүмкіндік беруге болады.
Бізде жалпы, ұлтты біріктіруші тұлғалар да, тарихи оқиғалар да аз емес. Сондықтан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында әлі де көптеген ауқымды зерттеулер жүретіні анық және киелі жерлер саны да арттатыны шүбәсіз. Ең бастысы, «біз үшін бұл зерттеулердің нәтижесі, жемісі не?» деген сұрақ төңірігендігі мәселе болып табылады. Осы арада бір мәселені айта кетсек, әлемдік өркениеттің даму үдерісіне үлес қосқан халықтар арасында көшпелілердің аты аталмайды. Оларды бүкіл адамзат тарихындағы өркениеттің ошақтарын жіктегенде А.Тойнби де, С.Хантингтон да елемей өтеді. Мұның бір себебі еуропалық тұрмыс-салт пен мәдениет иелерінің көшпелілердің ғұмыр-тіршілігін ешқашан түсінбеуінен және түсіне алмайтынынан да болар. Батыс тарихшыларының еңбектерінде түркі-монғол халықтары тарих сахнасында тек жойқын шайқастар тұсында ғана төбе көрсететін сияқты. Соның салдарынан біздің ежелгі бабаларымыздың Қытайдан Еуропаға дейінгі мәдени, саяси ықпалы мүлде көзге ілінбей келді. Дала өркениеті, көшпелілердің шаруашылық-мәдени типі бүкіл адамзаттық өркениеттің бір бөлшегі екені мойындалмады. Ал Кеңес билігі тұсында «ғасырлар бойы қараңғы түнекте өмір сүрген» қазақ халқын большевиктер келіп құтқарғаны баса айтылғаны белгілі. Сол еуроцентристік көзқарас пен кеңестік насихат көшпелілерді жалқау, ынта-жігерсіз, жартылай жабайы тіршілік кешетін халық ретінде көрсетіп, ұлттық сана-сезімімізге күйретуші әсер еткенін енді айқын сезініп отырмыз. Сондықтан біздің алдымызда бүкіл тарихымызды, жадымызды, тарихи санамызды қалпына келтіру міндеті тұр. Және бұған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы түрткі болары сөзсіз. Осы тұрғыдан өлкеміздегі киелі жерлерді сипаттап, мәдени мұраның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңыздылығын көрсеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет