Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы


Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие



бет18/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
2019-2020 оқу жылында аталған бағыттың аясында НЗМ АҚ тәжірибесі бойынша «Ұлы дала мұрагерлері» тәрбиелік азаматтық-патриоттық жобасын жүзеге асыру ұсынылады. Қазақстандық қоғамға және ұлтқа адалдық, болашаққа деген берік сенімділік, туып-өскен жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру бұл жобаның мақсаты болып табылады. Ауқымды жобаның аясында келесі үш ішкі жоба: «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы, «Тарих тағлымы» және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылады.
2020 жылы республикада 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы аталып өтеді. Осыған орай 2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бөлігін мектептегі, аудандағы (қаладағы), облыстағы патриоттық іс-шаралардың басым бөлігін Ұлы Жеңіске құрмет көрсетуге бағыттап ұйымдастыру және өткізу қажет.
Орта білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық клубтардың жұмысын белсендендіруге, патриоттық клубтардың, үйірмелердің және бірлестіктердің слеттарының барлық сатыларының өткізілуін қарастыру.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазанындағы Жарлығын орындау, сонымен қатар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылы «Жас сарбаз» кадет сыныптарын және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын ашу ұсынылады. Жергілікті жерлерде қорғаныс органдарымен бірлесіп «Жас сарбаз» қозғалысы аясында «SMART-SARBAZ» үйірмелерін құруды жандандыру.
«Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы аясында топтар өз өлкесін зерделейді, оның флорасы мен фаунасын, тарихи орындарының маңызын, мәдениетін, инновациялық нысандарды, сәулет ғимараттарын және басқаларды (экономикалық бағыт бойынша – өнеркәсіп нысандарын, мәдениет – аймақтың сәулет, тарихи ескерткіштерін, білім - мұрағат, ескерткіш, археологиялық қазбалар) зерттейді. «Тарих тағылымы» әлеуметтік жобасы қалалардың, ауылдар мен көшелердің, сонымен қатар мемлекеттің, аймақтың, спорттың, мәдениеттің, білімнің дамуына үлес қосқан тұлғалардың тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. «Қазақ мәдениетінің антологиясы» жобасы өз өлкесі ақындарының, жырауларының, күйшілерінің шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерделеуге бағытталған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни кіші отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын оқып-білу. Білім алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату мәселелері Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздерінде көрініс тапқан.
Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуда әскери-патриоттық клубтар, балалар мен жасөспірімдер қозғалыстары, оның ішінде «Жасұлан», «Жас қыран», «Жас сарбаз», «Ұлы даланың скауттары», «Жұлдыз» және т.б. қозғалыстар үлкен рөл атқарады.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазанындағы Жарлығын орындау, сонымен қатар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін жандандыру мақсатында республикада «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас сарбаз» бірлестігі) құрылды.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. «Қазақстанның киелі орындары» («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы») жобасы арқылы жалпыұлттық киелі жерлерді бекіту керек. 2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендерінің 100 нысанының тізімі әзірленді. Ұлттық санада Ұлытау айналасындағы ескерткіштердің біріккен кешені мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштері мен Бекет-Ата мазарын, Шығыс Қазақстанның ежелгі кешендері мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру маңызды. Олардың бәрі біздің ұлттық бірегейлігіміздің тірегін құрайды. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
Құқықтық білім берудің маңызды міндеті – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.
Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Бұл жерде отбасының мәртебесін арттыратын, ата-аналар мен балалардың, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жеке, сондай-ақ ата-аналармен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.
Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің, педагогтердің, психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибені алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды. Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша бағдарламалар әзірлеу және іске асыру «қиын балаларды» әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу дағдыларын үйренуге арналған: коммуникативті дағдылар, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, қақтығыстарды басқару, жалпыға бірдей заңды әдістер және тәсілдер арқылы проблемаларды шешу, «салауатты өмір салты» модельдері т.б. Мұндай бағдарламалар әрбір жасөспірімнің жеке траекториясына дейін дифференциалды көзқараста болуы керек. Мұндай бағдарламалармен ата-аналарды және оларды үйретуді қамту маңызды. Алдын алу әдістері психологиялық тренингтерді, тәрбиелік әңгімелесулерді, лекцияларды қамтиды. Отбасылық тәрбие мәселелері маңызды аспект болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет