Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


«Бағдарламаларды әзірлеу технологиясы» пәнінен курстық жұмыстың мақсаты және мәселелері



бет2/12
Дата02.11.2022
өлшемі362,04 Kb.
#156184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ТРП курс.жум каз 2021

1. «Бағдарламаларды әзірлеу технологиясы» пәнінен курстық жұмыстың мақсаты және мәселелері

Курстық жұмыстың мақсаты - «Бағдарламаларды әзірлеу технологиясы» пәнінен алған білімдерін бекіту және тереңдету, заманауи С++/С# жоғары бағдарламалау тілдерін игеру үшін, бағдарламалау ортасында жұмысын іс жүзінде толықтай түсіну үшін, жүйенің негізгі буындарының өзара іс-әрекеттерінің ұйымдастырылу принциптерін игеру негізінде нақтылы қызмет атқаруға арналған бағдарламалау ортасында жұмыс орындау және өзіндік жұмыс істеу дағдыларын дамыту.


ГОСТ РК ИСО/МЭК 12207-99 стандартының талаптарына сай бағдарламалық құралдарын құрғанда жобалау кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсатқа жетуде келесі мәселелер шешіледі:
а) мақсатты анықтау және қалыптастыру;
б) курстық жұмыс жоспарын құрастыру;
в) зерттеудің дұрыс жүруін және әдістемесін оқу;
г) зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды, қолданылған әдебиеттерді жалпылау;
д.) курстық жұмысты дайындау.


2. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар

Курстық жұмысты орындау үшін қойылған мәселе пәндік саламен танысу қажет. Мәселені шешуде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуін зерттеу қажет. Студент тапсырма нұсқасына сәйкес қажетті ақпаратты жинақтап өңдеуі және ол ақпараттың шыңайлығы мен үйлесімділігін тексеруі тиіс.


Қарастырылып отырған әдістемелік нұсқау төмендегі талаптарға сәйкес әзірленген:
- 6В06119 – Бағдарламалық инженерия, 6В06116-Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау, 6В06118- Ақпараттық жүйелер және технологиялар –Қазақстан Республикасының білім берудегі мемлекеттік жалпы талаптар стандартымен;
- Мамандық бойынша оқу жоспарымен;
- Курстық жобалауды жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі бойынша жалпы нұсқауларымен;
Курстық жоба – оқытушының бақылауымен жасалған студенттің өздік зерттеу жұмысы. Курстық жоба С++/С# бағдарламалау тілдерінде орындалған бағдарламалардан тұрады.

2.1. Курстық жобаны дайындау максаты:


Бағдарламалау тілдерінен алған білімдерінің негізінде бағдарламаларды құру және тестілеу дағдыларын бекіту;


- бағдарламалық құжаттарды ЕСПД-ға (ГОСТ 19.106-78) сәйкес рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру;

2.2. Курстық жоба орындау барысында студенттерга койылатын талаптар:


- С++/С# бағдарламалау тілдерінде бағдарламалау ортасын меңгеру;


- Курстық жоба тақырыбы бойынша әдебиеттер және техникалық құжаттарды оқып білу;
- Қолданбалы бағдарламаларды құрастыру, тестілеу дағдыларын дамыту;

2.3. Курстық жоба тақырыптарын жетекші құрастырып, циклдық комиссия отырысында бекітіледі. Тақырыптар тізімі қосымша 1-де көрсетілген, бірақ жетекші тақырыптарды өзгертуіне не толықтыруына болады. Курстық жұмысты орындау тәртібі ТарМу бекіткен курстық жұмысты орындау ережесіне сәйкес болуы және келесі кезеңдерден тұруы тиіс:


2.3.1. Мазмұны:
- Кіріспе;
- Жалпы бөлім;
- Негізгі бөлім;
- Бағдарламашы басшылығы;
Қолданушы басшылығы;
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер тізімі;
- Қосымшалар (қажетті жағдайда);
2.3.2. Кіріспе келесі мәліметтерден тұрады:
- бағдарламаның қолданылуы;
- қолданылу шарттары;
- есептің сипатталуы;
- енгізілетін және шығарылатын мәліметтер;
2.3.3. Жалпы бөлімде таңдалған бағдарламалау тілінің құрылымы, негізгі операторлары мен командалары жөнінде кысқаша мағлұмат беру керек.
2.3.4. Негізгі бөлімде келесідей мәлімет берілуі керек:
- Есептің жалпы қойылымы;
- Алгоритмді әзірлеу және жазу;
- Бағдарламаның процедуралары мен функцияларын сипаттау;
- Бағдарламаның блок-схемасы;
- идентификаторлар (айнымалылар) кестесі және олардың қолданылуы;
- Тестілеу және жүктеу;
2.3.5. Бағдарламашы басшылығы келесі бөлімдерден тұрады:
- бағдарламаны қолданудың тағайындалуы және шарттары;
- бағдарлама сипаттамасы;
- бағдарламаға қатынау;
- енетін және шығатын мәліметтері;
- бағдарламаны орындау барысында пайда болатын хабарламалар;
2.3.6. Қолданушы басшылығы келесі бөлімдерден тұрады:
- бағдарламаның қолданылу мақсаты;
- бағдарламаның орындалу шарттары;
- бағдарламаның орындалуы;
- операторға хабарлама;
2.3.7. Курстық жобаның қорытынды бөлімінде студент өзінің теориялық және тәжірибелік бөлімдерін орындалу барысындағы нәтижелерін жазады.
2.3.8. Қолданылған әдебиеттер тізімі тұрақты үлгіде рәсімделуі қажет. Әдебиеттер тізімі жобаны орындау пайдаланылған ретімен немесе алфавиттік ретпен немесе жұмыс тарауларының ретімен жазылады. Курстық жоба орындау барысында әдістемелік – нұсқаулық, нормативтік, ғылыми-техникалық және т.б. әдебиеттер қолданылады.
2.3.9. Бағдарламаның өзіндік ерекшелігіне байланысты қосымша тараулармен толықтырылуы немесе жеке тараулары біріктірілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет