6. Курстық жұмыс бойынша білімгерлердің білімін бақылау және есептерін қабылдау түрлері
6.1 Курстық жұмыстың орындалуын бақылауды, курстық жұмыс жетекшісі сынақ тізбесіне сәйкес бағасын қою арқылы жүзеге асырады. Орындалу барысы кафедра мәжілісінде аттестация нәтижесін немесе жинақталған сынақ тізбесін қарастыру кезінде талқыланады.
6.2 Консультацияны ұйымдастыру. Курстық жұмысты орындау барысында білімгердің барлық уақытында жетекші топтық не жекелеп консультация жүргізеді.
6.3 Топтық консультация - ОСӨЖ сабақ кестесінде қойылған оқу сағаттарында жүргізіледі. Консультация графигі кафедра меңгерушісімен бекітіліп, кафедра стендісіне қойылады.
6.4 Курстық жұмысты орындауда кестеде келтірілген жоспарға негізделу керек.
Кесте 1. Курстық жұмыс орындау күнтізбелік жоспары
Аттестациялауға келесі ақпараттар ұсынылуы тиіс:
- C++/C# тілінде құрылған бағдарламалар файлдары;
- Түсініктеме хат.
Достарыңызбен бөлісу: |