Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021



бет9/12
Дата02.11.2022
өлшемі362,04 Kb.
#156184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ТРП курс.жум каз 2021

/* Example1_1.cs файлы
"Hello world!“ программасы және ағымдағы мерзім мен уақытты экранға шығару */
class Example1_1
{ public static void Main() { // "Hello World!" сөзін экранға шығару
System.Console.WriteLine("Hello World!");
// ағымдағы мерзім мен уақытты шығару
System.Console.WriteLine("The current date
and time is " + System.DateTime.Now);
}
}
Бастапқы Example1_1.cs файлы блокнотта немесе кез келген редакторда теріледі. Файл кеңейтілуі (типі) – cs. Осы тип барлық С# программаларына беріледі.
Программаны TurboC# консолдық компиляторы (MS DOS) арқылы орындау үшін:
csc Example1_1.cs
жолын тереміз. Компилятор бұл файлды машиналық кодқа түрлендіріп, Example1_1.ехе файлын жасайды. Оның ішкі мазмұнын, яғни программа нәтижесін көру үшін:
Example1_1↵
жолын тереміз.
Программа нәтижесі:
Hello World!
The current date and time is 28.08.2010 12:22:44 PM
Программа нәтижесі аздап басқаша да болуы мүмкін, мысалы, мынадай:
Hello World!
The current date and time is 28.08.2010 12:22:44
Енді программаның әрбір жолын жеке-жеке қарастырып шығайық.
/* Example1_1.cs файлы "Hello world!“ программасы және ағымдағы мерзім мен уақытты экранға шығару */
Бұл С тілдері стиліндегі комментарий, компилятор мұны тек бос орын таңбасы деп есептейді, ол бізге оның жұмысын түсіну үшін ғана керек.
class Example1_1 {
Жүйелі жақша жаңа Example1_1 класының сипатталуы басталғанын көрсетеді. Жақша жабылғанда сипатталу бітеді. Класс ішінде айнымалылар, функциялар – тәсілдер болады.
public static void Main()
Бұл программаның басты функциясы Main (), ол бас әріппен жазылады. Программа осы функцияны орындаудан басталады.
public – бұл қатынасу деңгейінің модификаторы, ол осы тәсілге бұл кластан тыс қатынасу мүмкіндігін көрсетеді,
static – бұл сөз Main() тәсілінің нақты бір объектіге емес, класқа қатысты екенін білдіреді. Eгер static сөзі болмаса, бұл функцияны шақырмас бұрын осы класс объектісін жасап алу керек еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет