9. Курстық жұмыстың жеке тапсырмалары
«Бағдарламаларды әзірлеу технологиясы» пәні бойынша курстық жұмысты орындау үшін тапсырманың бір нұсқасын таңдау қажет. Студенттің жеке тапсырмасы жұмыс жетекшісімен мақұлданып таңдалады. Төменде жеке тапсырмалардың нұсқалар тізімі келтірілген:
10. Инструментальды құралдарды қолдану әдістемелік нұсқаулары
10.1 ДЭЕМ-на программаны орнықтыру негіздемесі және оның интерфейсі
.NET көмегімен шағын мобильді компьютер-лерде орындалатын программалар жазу ыңғай-лы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.
С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз командалардан тұра-ды да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқары-лады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
Компилятор жұмысы нәтижесінде құрас-тыру (сборка) деп аталатын ехе немесе dll типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады.
Метамәліметтер программада қолда-нылатын объектілер және құрастыру туралы ақпарат сақтайды. Ол тіларалық әрекеттесу, қауіпсіздік, сенімділік сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
.NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген тілде пайдалана беруге болады.
2. С# тіліндегі ең қарапайым программа
Достарыңызбен бөлісу: |