Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Мадақтау» ойыны Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен мақтау айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!» т.б. Бұл ойынды шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады. /Оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру:
Топтастыру. «Молекулалар» әдісі Мұғалім оқушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан соң «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» деген тапсырма береді. Осылайша, атом санын азайта береді.
Мұғалім өзінің қанша оқушыдан бірігетінін айтып топтастырады.
І топ: Атомдар. ІІ топ: Молекулалар. Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста - бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау:Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі
қолданылады.