Сабақты талдау аспектілерінің түрлері. Мұғалім және оқушылардың шығармашылығындағы аспекті бойынша талдау беріледі, осы мақсатпен бақылау жүргізіледі, сосын белгілі аспектіге сабақ талдауы.
1. Оқушылардың даму заңдылықтарына байланысты келесі сұрақтар қойылады:
а) Интелектуалды саланы құрайтын оқушылардың дамуына байланысты қандай өлшемде сабақ дайындалған?
б) Оқушылардың ойлау қабілетіне байланысты мұғалімнің басқару іс-әрекеті сабақа барысында сәйкес келе ме?
в) сабақ барысында ойлау қабілетінің рефлексивті компоненттері құрыла ма?
г) оқушыларды қандай өлшемді ойлау қабілетінің жалпы түсінуде қандай тәсілдері құрылады?
д) оқушылар сабақ барысында материалдарды логиканың, мазмұнына қарай қорытындылауға оқытылады ма?
е) оқушылар өз жолдастарының жұмыстарын бағалауға және талдауға оқытылады ма?
ж) материалды түсіну үшін мұғалім қандай түсіндіру, ұғындыру критерийлерін қолданады?
з) сабақта ұжымның көз қарасы қолданылады ма?
и) шығармашылық ойлау қабілеттері элементтері қандай жағдайларда құрылады?
к) оқушылардың өзіндік қасиеттері мен айырмашылықтары ескеріле ме?
Қосымша Е Сабақ талдауының психологиялық – педагогикалық сызба нұсқасының үлгісі. Сабақтың тақырыбы. Тақырып бойынша сабақтардың жалпы жүйесіндегі орны.
Сабақтың оқу мақсаты және ғылыми тәрбиелік міндеттері.
Сабақты ұйымдастыру. Оқушыларды ұйымдастыру (назарларын аударту және жұмыс орындарының дайындығына талап қою және т.б)
Оқушылардың бңілімін дағдыларын тексеру мазмұны және әдістемесі. Оқушылардың білімдерін, дағдыларын тексеру мақсаты және орны. Тексеру әдістері. Сынып белсенділігі. Білімді тексеруді қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
Жаңа білімді меңгерудің әдістемесі және мазмұны. Мұғалімнің оқу материалының тақырыбы және ауызша мазмұны. Мұғалімнің мазмұндау әдістері білімнің көлемі және жүйесі. Жаңа материалды өмірмен байланыстыру.
Оқушылардың өздігінен оқитын оқу материалының тақырыбы және мақсаты. Оқушыларға проблемалық сұрақ қою, танымдық есептер беру, логикалық тапсырмалар беру.
Жаңа материалды қабылдау мен ойлау үшін оқушыларға шығармашылық жұмыстар беру. Тақтаны пайдалану және дәптерге жазу. Оқулықтармен, анықтамалармен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу.
Оқыған материалды бекіту әдістемесі және мазмұны. Бекітудің, тапсырмалардың және өзіндік жұмыстардың мазмұны мен әдістемесі.
Үй тапсырмасының мазмұны және әдістемесі. Оның алгоритімі. Жеке тапсырмалар беру.
Оқушылардың танымдық іс- әрекетінің мінездемесі.
Назар. Сабақта назар аударту үшін мұғалімнің жалпы психологиялық принциптерді қолдануы. Сабақта назар аудартудың тәсілдері: мұғалімнің сыртқы бейнесі, мимика және пантомимика, мейірімділік таныту; сабақтың ритмі және темпісі; сабақтың түрлі кезеңінде оқушылардың назарын басқаға аударту.
Қабылдау. Алынған білімдерді қабылдау тәсілдері. Оқушылардың әр түрлі есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойлау. Оқушылар жаңа материалды қабылдағанда проблемалық жағдай туғызу. Оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы, жаңа шешімдерді іздеуі, мұғалімнің сұрақтарының жүйесі.
Тұлға. Оқушылардың сыныптастарының жауабына және мұғалімнің бағалауына қатынасы.
Оқу іскерлік процесте интеллектуалды, еркіндік және тұлғаның басқа қасиеттері қалай қалыптасады?
Мұғалімнің іс - әрекетінің мінездемесі. Материалды білуі. Әдістемелік шеберлігі. Мұғалімнің пәнге қызығушылығы. Педагогикалық такт. Сөйлеу мәнері(дикция, темпі, сөйлеу мәдениеті, эмоционалдылығы).