Сабақтың тақырыбы. Тақырып бойынша сабақтардың жалпы жүйесіндегі орны.
Сабақтың мақсаты және ғылыми тәрбиелік міндеттері.
Сабақты ұйымдастыру. Оқушыларды ұйымдастыру (назарларын аударту және жұмыс орындарының дайындығына талап қою және т.б)
Оқушылардың бңілімін дағдыларын тексеру мазмұны және әдістемесі. Оқушылардың білімдерін, дағдыларын тексеру мақсаты және орны. Тексеру әдістері. Сынып белсенділігі. Білімді тексеруді қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
Жаңа білімді меңгерудің әдістемесі және мазмұны. Мұғалімнің оқу материалынының тақырыбы және ауызша мазмұны. Мұғалімнің мазмұндау әдістері білімнің көлемі және жүйесі. Жаңа материалды өмірмен байланыстыру.
Оқушылардың өздігінен оқитын оқу материалының тақырыбы және мақсаты. Оқушыларға проблемалық сұрақ қою, танымдық есептер беру, логикалық тапсырмалар беру.
Жаңа материалды қабылдау мен ойлау үшін оқушыларға шығармашылық жұмыстар беру. Тақтаны пайдалану және дәптерге жазу. Оқулықтармен, анықтамалықтармен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу.
Оқыған материалды бекіту әдістемесі және мазмұны. Бекітудің, тапсырмалардың және өзіндік жұмыстардың мазмұны мен әдістемесі.
Назар. Сабақта назар аударту үшін мұғалімнің жалпы психологиялық принциптерді қолдануы. Сабақта назар аудартудың тәсілдері: мұғалімнің сыртқы бейнесі, мимика және пантомимика, мейірімділік таныту; сабақтың ритмі және темпі; сабақтың түрлі этапында оқушылардың назарын басқаға аударту.
Қабылдау. Алынған білімдерді қабылдау тәсілдері. Оқушылардың әр түрлі есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойлау. Оқушылар жаңа материалды қабылдағанда проблемалық ситуациялар құру. Оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы, жаңа шешімдерді іздеуі, мұғалімнің сұрақтарының жүйесі.
Тұлға. Оқушылардың сыныптастарының жауабына және мұғалімнің бағалауына қатынасы.
Оқу іскерлік процесте интеллектуалды, еркіндік және тұлғаның басқа қасиеттері қалай қалыптасады?
Мұғалімнің іс- әрекетінің мінездемесі. Материалды білуі. Әдістемелік шеберлігі. Мұғалімнің пәнге қызығушылығы. Педагогикалық такт. Сөйлеу мәнері(дикция, темпі, сөйлеу мәдениеті, эмоционалдылығы)