Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
ІІ. Практикалық тапсырмалар Топтық жұмыс «Еркін талқылау»
әдісі
Мұны шағын топта да, сондай-ақ бүкіл сыныппен де орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, мұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші етіп алуға болады.
|
1-тапсырма
6-суретте роботтың «қолының» 3 түрлі құрылымы
берілген. Осы «қолдардың» қайсысы заттарды қысып ұстай алмайды? Себебін түсіндір.
Дескриптор
6-суретте берілген роботтың «қолының» 3 түрлі
құрылымына топтық талдау жасайды. Осы
«қолдардың» қайсысы заттарды жақсы қысып ұстай алмайтынын анықтайды.
Оның себебін түсіндіреді.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Басбармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
|
Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
|