Топтастыру: «Атомдар мен молекулалар» әдісі. Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады. Олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
Сынып екі топқа бірігеді
Топтастыру:
1 топ: «Атомдар». II топ: «Молекулалар». Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау:Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Қандай мерекені ерекше ұнатасың?
(1-сурет)
Мерекелік көңіл күй мен
қуанышты
сәттерді фотоға түсіру үшін қандай цифрлық құрылғыны пайдаланасың?
Фотосуретті компьютерде өңдейтін қандай программаны білесің?