Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Термодинамика және жылу беру зертханасында өткізілетін зертханалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері:
Зертханалық жұмыстарға қатысушы мұғалімдердің барлығы бір жылда екі рет қауіпсіздік техникасын өту керек.Журналға тіркелуі тиіс.
Зертханалық сабағы басталмас бұрын мұғалім студенттерге электроқондырғыларды қалай қосу және сөндіру керектігі туралы ережелерді айтыу тиіс. Студенттерге қауіпсіздік ережелерін айтқаннан кейін, журналғ қол қойғызу керек.
Жұмыс бастау алдында зерханашы барлық қондырғыларды тексеру керек. Егер қондырғылар жұмыс істемесе, онда оны өшіріп, зертхана меңгерушісіне айту қажет
Басқыштарды өшіріп жағыду,насосты қосуды тек қана мұғалімнің немесе зерханашының рұқсатымен ғана іске асыруға болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін қондырғыны бұрынғы қалпына келтірулі болуы керек.
Студенттердің бір қондырғыдан екіншіге немесе бір топтан екінші топқа ауысуы мұғалмнің рұқсатымен өткізіледі.
Еңбекті қорғау түсінігі адамның жұмыс үрдісінде қауіпсіздігін, денсаулығының сақталуын және жұмыс әрекеттілігін қамтамасыз ететін, әлеуметті-эканомикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық әрекеттерді, заңнамалық акттілер жүйесін білдіреді.
Еңбекті қорғау әдейі бір құқықтық және нормативті актілер негізінде құрастырылған әлеуметтік – экономикалық, кәсіпкерлік, техникалық, гигиеналық және емдеу – профилактикалық істер мен құралдар, жұмыс кезіндегі қауіпсіздік пен адамның денсаулығын сақтау жүйелер жинағы.
Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары зертханада жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін қауіпсіздік техникасының салалық ережелері негізінде технологиялық жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың құсқаулықтары өңделу қажет. Әр студент қауіасіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау мен апат, жаоақатқа әкелетін механизмдер, жабдықтар, аспаптар ақаулықтары жайлы тікелей бастығына айтуға міндетті.
Қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес қолданылатын қорғаныс құралдары мемлекеттік стандарттарына сай болуы керек және де электрқондырғыларда қолданылатын қорғаныстарды қолдану мен зерттеулер ережелеріне сай болуы керек.
Жұмыс кезінде қолданылатын механизмдер және жабдықтар зерттелген болу керек және құралмен жұмыс істеген кездегі қорғаныс ережелері, және де істеп шығарған зауыттың инрструкциясына сәйкес қолдану керек.
Қауіпсіздік техника ережелерінің орындалуы міндетті болып келеді.Қауіпсіздік техникасына сай еңбекті қорғау нұсқаулары. Қауіпсіздік техникасының ережелеріне қарсы шараларды орындауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |