Әдістемелік нұсқаулық Астана



бет2/11
Дата31.08.2023
өлшемі186,5 Kb.
#180033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
konsultatsiyaly-punktti-yzmetin-jymdastyru

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарды ата-аналарға арналған консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету (қазақ тілінде).


Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың толық дамуын, олардың құрбылары мен ересектер ұжымында әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
- мектептегі оқытуға даярлық негіздерін формалау;
- тәрбиелеу мен оқытуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек және ата-аналарға консультациялық-әдістемелік қолдау көрсету;
- біріккен ойын әрекеттерінде балаға ересектермен және құрбыларымен сөйлесудің әлеуметтік тәжірибесін меңгерту, мектептегі оқытуға даярлық негіздерін формалау;
- балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қарау және мектепке дейінгі жастағы балаларды күту сұрақтарына ата-аналарға көмек көрсету;
- консультациялық пунктте қызмет атқаратын педагог-мамандардың біліктілігін арттыру.


Күтілетін нәтиже:
- мектепке дейінгі жастағы ұйымдастырылмаған балаларға арналған білім беруге қолжетімділікті және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру;
- тәрбиешілер мен ата-аналардың консультациялық пункттерге қажеттілігі.


КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ

Бәрімізге белгілі, бүгінгі таңда республикада мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы балабақшалар желісін арттыруды қарастыратын «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шешіліп келеді.


Алайда қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы әлі сақталып келеді, туу көрсеткіштерінің, демографиялық өсімнің жоғарылығына байланысты балалардың көпшілігі мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмай келеді.
Мектепке дейінгі ұйымға бармаған балалар көбінесе жаңа мектеп өміріне дайын емес, оған табысты бейімделе алмайды. Олардың тәрбиесі нақты негізделген бағдарламамен жүзеге асырылмаған. Олар дара дайындалған болуы мүмкін, бірақ мектептегі оқытуға ыңғайланып құрылмаған, тиянақтылық пен шыдамдылық көрсетуге дайын емес, сыныптастарымен сөйлескенде қиыншылықтарға кездеседі. Бұл балаларда мектеп өміріне бейімделу қиынға соғады. Баланың мектепке тез бейімделуі үшін оның мектепке дайындығына дер кезінде көмектесу керек.
Осығын байланысты, ата-аналарда баланы мектепке дайындау және оның болашақтағы жақсы үлгерімі туралы мазасыз сұрақтар туады, балаларды мектепке даярлауға ата-аналардың әлеуметтік сұранысы да кездеседі. Көптеген педагогтарға таныс жағдай, ата-аналар балаларын балабақшаның даярлық тобына беруге тырысады, әртүрлі үйірмелерге жазады, жеке репетитор жалдайды. Сондықтан, балалар мен олардың ата-аналарына мектепке дайындалу үшін педагогтар мен мамандардың көмегі ауадай қажет.
Айтылғандарды ескере келе, қазіргі таңда балалар мен ата-аналар үшін мектепке даярлау, бейімделуге бірден-бір септігі тиетін консультациялық пункттердің қажеттілігі өзекті мәселенің бірі.
Жаңа заманауи жағдайдағы ата-аналардың сұранысы балалардың мектепке даярлығын бірінші кезекке қойғанына қарамастан, оларды бала дамуы мен тәрбиесі туралы өзге де сұрақтар толғандырады. Бұл сұрақтар бала дамуының жас ерекшеліктеріне байланысты болады.
Консультациялық пунктте жұмыс жасайтын мамандар ата-аналарға баланың жас ерекшеліктері мен шамаларын есепке ала отырып, бала дамуын сауатты бағалауға көмектесетіндей құзырлы болуы қажет. Ата-аналарда психологиялық - педагогикалық білімнің жоқтығы бала мүмкіндігін бағалауға әсер етуі мүмкін. Көптеген ата-ана ерте жастан оқыту мен дамытуға сүйене отырып, балаға шамадан тыс талаптар қояды. Ал егер мектепке дейінгі жастағы бала өзінің жеке және жас ерекшеліктеріне қарай ересектер жасап берген бағдарламаны меңгере алмаса, онда ата-аналарда оның дамуына байланысты алаңдаушылық пайда болуы мүмкін.
Кейбір ата-аналар балаларын ұзақ уақытқа дейін кішкентай әрі зейінсіз деп санайды. Талаптарды төмендету де кері әсерін тигізеді.
Ата-аналарды сонымен бірге, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа инновациялық технологияларды қолдану, баланы тыңдата білу, бейімдеу туралы сұрақтар да қызықтырады. Консультациялық пунктте ата-аналар өздерінің барлық сұрақтарына жауап алады, күдіктері мен алаңдаушылықтарын сейілтеді, өздерінің тәрбиелік әсерлерін үйлестіреді. Міне, сондықтан да мұнда сауатты, құзырлы мамандар өте қажет.
Консультациялық пункттің міндеттерінің бірі – баланы әлеуметтендіруге көмек көрсету, себебі мектепке дейінгі ұйымның артықшылығы - бала үшін құрбыларымен тіл табысу мүмкіншілігі болып табылады. Көптеген «үй» балаларының тіл табысу ортасы ата-ана, туысқандар және ата-анасының достарымен ғана шектеледі. Мұндай балалар үшін құрбыларымен, тіпті өзге ересектермен сөйлесу қиынға соғуы мүмкін. Балаға құрбыларымен тез үйренісуге, өзін балалық шақ қоғамының мүшесімін деп санауына көмек қажет. Бала өзін осы әлемнің толық құқығы бар мүшесі екендігін, өзіне тиісті белгілі бір ережелерді орындау қажеттігін түсіну керек. Мұның бәрі баланың болашақта толыққанды дамуы үшін маңызды болып табылады.
Консультациялық пункт мамандарының алдында бала дамуында пайда болар бұзушылықтың алдын – алу міндеті де тұр. Бірінші кезекте бала дамуының мектеп босағасында құлдырамауының алдын – алуды айтып кету қажет. Бала денсаулығының физикалық және психикалық алдын – алу туралы сұрақтар туындайды. Бұл міндет бір-бірімен тығыз байланысты. Консультациялық пункт және оның мамандары жанұя мен әлеуметтік, медициналық, басқа да ұйымдар арасындағы «байланыстырушы буын» болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет