2-тарау, 10- тармақ
Отбасылық бөбекжайлар:
1) бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейту;
2) отбасының тікелей қатысуымен балаларды дамыту және мектепке даярлау және дамыту жағдайларын жасау;
3) тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда ата-аналарды консультативтік-әдістемелік қолдауды жан-жақты дамыту;
4) балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін құрылады.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Үйде тәрбиеленетін мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдар базасында ұйымдастырылады (одан әрі - МДҰ).
1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымды бөлімшесі болып табылады.
1.3. Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын (6) 7 дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналып құрылады.
1.4. Осы ереже мектепке дейінгі ұйымдар базасында іске қосылған консультациялық пункттің қызметін реттейді.
1.5. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі жастағы баланың дамуы мен тәрбиесінде ата-аналарға көмек көрсету формаларының бірі болып табылады.
1.6. Үйде тәрбиеленетін мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарына (заңды өкілдердің) арналған консультациялық пункт қызметі өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
1. Консультациялық пункт мақсаттары мен міндеттері
2.1. Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен өзара психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастың түрлері мен әдістерін, мазмұнын таңдау тиімділігін қамтамасыз етуде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балалардың тұлғалық жан-жақты дамуын қолдау.
2.2. Консультациялық пункттің басты міндеттері:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық жан-жақты дамуы бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;
- ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын (6) 7 дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу сұрақтары бойынша консультациялық көмек көрсету;
- ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі жастағы бала дамуындағы мәселелерді танып-білу және диагностикалау;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуында кездесетін әртүрлі ауытқулардың алдын-алу жұмысын жүргізу;
- мектепке дейінгі жастағы балаларын үйде тәрбиелейтін ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |