КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
Консультациялық пункт қызметі келесі формалар түрінде ұйымдастырылады:
- қызметі туралы ақпараттандыру;
- бала дамуының дара бағдарламаларын құру және диагностикалау;
- дара және топтық (іштей) консультациялар;
- қашықтықта консультациялау;
- ата-аналармен біріккен тренингтер, пікір-таластар және практикумдар;
- ата-ана қатысы кезінде баламен диагностикалық сабақтар;
- ата-ана және балалармен бірлескен сабақ;
- бірлескен жанұялық бос уақыттар;
- бірлескен серуендер;
- жанұяда балаларды тәрбиелеу мен ойын қызметі үшін жағдайлар жасауда басты оқиғаларды қолдану.
Тәжірибе дәлелдегендей, ата-ана мен мамандардың кездесуі және «бала-ата-ана-маман» өзара іс-әрекеттері емханаларда немесе жанұялық консультацияларда өздерін еркін сезіне алмайтын ата-аналар үшін өте пайдалы, Консультациялық пунктке бірнеше рет келген ата-аналар уақыт өте келе ашыла түседі, педагогтармен өздерінің қиыншылықтарымен, ойларымен, жанұялық тәжірибелерімен бөліседі, нәтижесінде балаларын өздеріне таныс балабақшаға сеніп тапсырады.
Жанұямен алғашқы кездесу соңғы бола бермейді. Ата-ананың бір сұрағына жауап алынған соң, екінші және үшінші кездесулерге қажеттілік туындайды. Сондықтан консультациялық пункт мамандарының қызметінің басты міндеті кез-келген мәселе бойынша дайын рецептерді ұсыну ғана емес, сондай-ақ ата-аналарды өз балаларымен бірлескен жұмысқа тарту, қолдау, тәжірибелік дағдыларын формалау болып табылады. Консультациялық пункт жұмысының нәтижелері:
Көмекке хабарласқан жанұялар саны;
Мектепке дейінгі білім жүйесімен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер жинағы;
Байытылған әдістемелік материал;
Консультациялық пункт қызметіне ата-аналар бағасы.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ҚЫЗМЕТІН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ
Мектепке дейінгі ұйымдардағы консультациялық пункт қызметін ұйымдастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданыстағы нормативті-құқықтық құжаттарына негізделу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |