МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАЗАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі» № 499 [13] қаулысына негізделген жөн.
Оның қызметін қамтамасыз ету үшін келесі құжаттар жасақталу қажет:
- қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығы;
- консультациялық пункттің жылдық жұмыс жоспары;
- жұмыс кестесі;
-консультациялық пункт қызметкерлерінің жұмыс кестесі;
- ата-аналарға арналған сауалнама;
-мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасы арасында әріптестік туралы келісім-шарт;
- баламен жеке және топтық жұмыс жоспары;
- «Ата-аналар сұраныстарын алдын-ала тіркеу журналы»;
- «Өткізілген жұмыстың есеп журналы» және т.б.
Консультациялық пункттің штатын мектепке дейінгі ұйым басшысы жинақтайды. Консультациялық пунктте ата-аналар мен балаларды қызмет көрсету үшін балабақшаның келесі мамандары тартылады: аға әдіскер, педагог-психолог, мұғалім-логопед, медбике.
Мамандар өздерінің құзырлылық деңгейінде ата-аналарға ұсыныстар және кеңестер береді.
Аға тәрбиеші бала дамуы мен тәрбиесі саласында мәселелерді шешуге көмектеседі, ересектерді балалармен әртүрлі сабақтарға оқытады.
Педагог-психолог мектепке дейінгі баланы балабақша жағдайына бейімдеуге ықпал етеді, ата-анаға баланың даму заңдылығын түсіндіреді, кездескен мәселелерді шешу жолдарын анықтайды.
Мұғалім-логопед бала тілінің даму деңгейін анықтайды және ата-анаға бала тілінің кемістігін жоюдың жолдарын, тілдік ойындар мен жаттығуларды,оларды дұрыс қолдануды ұсынады.
Медбике ата-аналарға баланың дұрыс тамақтану сұрақтары бойынша кеңес береді, балаға күн тәртібін қоюға көмектеседі.Сонымен бірге, ол әртүрлі аурулардың алдын-алу бойынша ұсыныстар беріп, ата-аналарды дене шынықтыру процедураларына үйретеді.
Көмек тегін көрсетіледі. Ата-аналар консультациялық пунктке келген бойда кеңес ала алады немесе мектепке дейінгі ұйымның нақты маманымен кездесу туралы келісуіне болады. Өтініш «Ата-аналардың сұранысын алдын-ала тіркеу журналында» тіркеледі, сондай-ақ клиент қалауы бойынша тіркелу парағы толтырылады (уақыты, ата-ананың және консультациялық пункт маманының толық аты-жөні). Мұндай парақ ата-ана кеңес алуға алдын-ала тіркеусіз келген жағдайда толтырылады.
Егер маман консультациялық пунктке баламен келуді өтінсе, клиент тек қана тіркеу парағын ғана емес, ата-ана үшін сауалнама да толтырады. Маман алынған мәліметтерге сүйене отырып, көмек берудің тиімді әдістерін таңдайды, қажетті әдебиетті, пайдалы жаттығуларды, балалар үшін ойындар мен ойыншықтарды ұсынады, коррекциялық және дамыту технологиялары бойынша оқытулар жүргізеді. Ауызша консультациялардан басқа ата-ана баспа (бүктемелер, жаднамалар, тәжірибелік материалдар топтамалары) және электронды түрдегі (фото және бейнематериалдар, флэш-карталар, балабақша сайты) пайдалы ақпараттарды алады.
Егер клиент маман таңдауда қиналса оған аға әдіскер көмектеседі. Клиентпен сұқбатта пайда болған мәселені анықтап, ата-ананы қажетті құзырлы консультантқа бағыттайды.
Ата-анамен ұзақ мерзімді жұмыс қажет болғанда арнайы келісім-шарт жасалады. Сабақ уақыты дара келісіледі. Келісім-шарт жасағаннан кейін мамандар анамнез жинағын (мұрагерлік туралы, ауырған аурулары жайлы мәліметтер) орындайды, баланы кезеңмен зерттейді, нәтижелерін зерттеу картасына (хаттама) тіркейді, қорытынды жазады, ұсыныстар дайындайды және ата-анаға түсіндіреді, дара жоспар бойынша баламен жұмыс ұйымдастырады. Консультациялық пункт мамандары балаға диагноз қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |