Әдістемелік нұсқаулық Астана


Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 27 шілдедегі N 319-III ЗРК [1] Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет6/11
Дата31.08.2023
өлшемі186,5 Kb.
#180033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
konsultatsiyaly-punktti-yzmetin-jymdastyru

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 27 шілдедегі N 319-III ЗРК [1] Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi
Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы бiлiм алуға құқықтарының теңдiгi;
2) бiлiм беру жүйесiн дамытудың басымдығы;
3) әрбiр адамның зияткерлiк дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қолжетiмдiлiгi;
4) бiлiм берудiң зайырлы, гуманистiк және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмiрi мен денсаулығының, жеке адамның еркiн дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның бiлiмдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) бiлiм беру деңгейлерiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi;
8) оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi;
9) бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты, бiлiм беру жүйесi қызметiнiң ашықтығы;
10) бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары, оқыту мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы.


30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
Бiр жастан бес жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында және (немесе) мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрiнде жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегін болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 7 желтоқсандағы № 1118 [4] Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


4-тарау. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламалық мақсаттар (мектепке дейінгі білім саласында):
Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1.Мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет