Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз
ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылы 28 мамырдағы № 488 [5] қаулысымен бекітілген.
4-тарау. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты:
Тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.
Бағдарламаның міндеттері:
- 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз ету;
- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;
- республикадағы демографиялық жағдайды және тұрғын халықтың білім алуға қажеттілігін ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдай жасау;
- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және үнемі олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
4.4. тарау «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері»
Ата-аналар үшін консультациялық пункттердің желісі дамитын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 [6] қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
2- тарау, 6-тармақ «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды;
2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді;
3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды;
4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды;
5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;
6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды;
7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды;
8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |