Әдістемелік нұсқаулық Астана


КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ МАМАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ



бет4/11
Дата31.08.2023
өлшемі186,5 Kb.
#180033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
konsultatsiyaly-punktti-yzmetin-jymdastyru

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ МАМАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ


Қызмет мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ерте және мектепалды жастағы балаларды тәрбиелейтін жанұяларға педагогикалық көмек көрсету.
Міндеттері:
- жанұяның дара психологиялық-педагогикалық қолдануын қамтамасыз ету;
- жанұяның тәрбиелік әлеуетін байыту;
- дамуында ауытқулары бар балаларды дер кезінде анықтау;
- балалармен дамыту жұмыстарын жүзеге асыру.
Қызмет функциялары:
- ақпараттық (балабақшаға бармайтын мектепке дейінгі жастағы балалар туралы ақпараттар жинағы, елді мекен бойынша әлеуметтік сұранысты анықтау, іс-қағаздар базасын формалау, білім беру органдарын консультациялық пункт қызметі туралы ақпараттандыру, өзге консультациялық пункт мамандарымен ақпарат алмасу, консультациялық пункт туралы ақпаратты ата-аналарға жеткізу).
- диагностикалық (бала дамуының диагностикасына іс-шаралар өткізу, дамудың ілгерілемелік жолдарын анықтау, жанұялық қарым-қатынастардың диагностикасы, жанұядағы жасырын мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау, жүргізілген диагностика негізіне сүйеніп, бала үшін дара білім беру бағдарламаларын құру).
- консультациялық (мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру, оларды мектепке дейінгі тәрбие әдістеріне оқыту, ата-аналармен және балалармен дара және топтық сабақтар өткізу).
- үйлестіру-ұйымдастырушылық (баланың ата-анасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, консультациялық пункт педагогтарының әрекеттерін үйлестіру, есептік құжаттарды жүргізу, елді мекеннің әртүрлі құрылымдарымен өзара әрекеттесу).
- талдағыш (әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін талдау және нақты бағалау, балабақшаға бармайтын балаларға көмек көрсету мәселелерін талдау, балаларын үйде тәрбиелейтін жанұямен жүйелі жұмыстар ұйымдастыруда балабақшаның ілгерілемелі мүмкіншіліктерін анықтау, қоғам мен білім беру ортасында жағдайлардың өзгеру тенденцияларын болжау).
- әдістемелік (консультациялық пунктті әдістемелік қамтамасыз ету, «ұйымдастырылмаған балалармен» жұмысты жоспарлауда консультациялық пункт мамандарына әдістемелік көмек көрсету, үй тәрбиесіндегі балалармен жұмыс тәжірибелерін талдау және тарату ии).
Консультациялық пункт маманына бекітілген функция негізінде оның лауазымдық нұсқаулығы жасақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет