3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру
3.1. Консультациялық пункт қызметі аясында жүзеге асырылады:
- диагностикалық көмек - баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу, баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, потенциалдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу, дамудағы бұзылу механизмдерін және себептерін анықтау, баланың келешек дамуы мен тәрбиесіне ұсыныстар жасақтау;
- консультациялық көмек – психологиялық, әлеуметтік,педагогикалық консультациялау, ата-аналарды бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиелік іс-әрекеттің басты бағыттары, кризисті жағдайлардан шығу туралы хабардар ету;
- әдістемелік көмек – ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, оларды педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ақпараттандыру, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, жанұядағы жағымды қарым-қатынастарды формалау; бала дамуының жеке ерекшеліктеріне негізделген коррекциялық және дамыту технологияларымен таныстыру.
3.2. Консультациялық пункттің басты формалары ата-аналар (заңды өкілдер) өтініші бойынша қажетті жеке және топтық консультациялар жүргізу, жазбаша өтініш бойынша сырттай консультациялар беру, ата-аналар (заңды өкілдер) үшін лекциялар, теориялық және тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру, МДҰ сайты арқылы консультациялар мен әдістемелік ұсыныстар беру, балабақша мамандарымен мектепке дейінгі жастағы балаларды диагностикалау.
3.3. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдерге) төмендегі сұрақтар бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді:
- мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіру;
- балалардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктері;
- ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті;
- бала тамақтануын ұйымдастыру;
- балаларды сауықтыру және шынықтыру үшін жағдайлар жасау;
- білім беру бағдарламаларын таңдау.
3.4. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдерге) келесі сұрақтар бойынша диагоностикалық көмек ұсынады:
- балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімдеу;
- мектепте оқытуға даярлық;
- бала қабілеттері мен жеке дамуы ерекшеліктері;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуында кездесетін әртүрлі акытқулардың алдын-алу.
3.5. Әдістемелік, диагностикалық және консультациялық көмек көрсету мамандар қызметін интеграциялау негізінде құрылады: тәрбиешілер, аға тәрбиеші, меңгеруші, медициналық қызметкер, психолог, логопед және басқа мамандар.
Консультациялық пунктке тартылған мамандар мектепке дейінгі ұйым түрімен, оның кадрлық құрамымен анықталады.
3.6. Консультациялық пункт қызметін жүргізу үшін келесі құжаттар қажет:
- ата-аналардың алдын-ала тіркелу журналы;
- өткізілген іс-шаралар кестесі және сабаққа қатыс журналы;
- консультациялық пункттің жұмыс жоспары;
- консультациялық пункт жұмысының кестесі;
- бір жылғы жұмыс сараптамасы.
3.7. Консультациялық пункттің жұмыс уақыты мектепке дейінгі ұйым меңгерушісімен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |