Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары,
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылы 17 мамырдағы № 499 [13] қаулысымен бекітілді.
1-тарау, 3-тармақ Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) азаматтылықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;
6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
2-тарау, 25- тармақ Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 29 мамырдағы № 206 [1] бұйрығымен бекітілді.
1- тарау, 3-тармақ Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;
4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;